Сабақтың тақырыбы:Ж.Аймауытов. «Әнші» әңгімесіндегі Әмірқан бейнесі. Сабақтың мақсаты: Білімділік:Әңгіменің тақырыбы мен идеясын ашу,тілі мен мазмұнына талдау жасату,әңгіме мазмұнын терең меңгерту арқылы әншінің азаматтық,адамдық бейнесін жан-жақты таныту. Дамытушылық:Оқушыларды дербес жұмыс жасауға,өз ойларын еркін жеткізуге дағдыландыру,танымдық ой-өрістерін,шығармашылық ойлауын дамыту. Тәрбиелік:Әңгіменің мазмұны арқылы оқушыларды адалдыққа,шынайылыққа,әнді,өнерді сүюге тәрбиелеу,өнерге деген құштарлықтарын арттыру,халықтың біртуар перзенттерін құрметтеуге тәрбиелеу. Сабақтың түрі:жаңа сабақ Сабақтың әдісі:сұрақ-жауап,сын тұрғысынан ойлау,топтастыру стратегиясы, деңгейлік тапсырмалар,талдау-жинақтау. Сабақтың көрнекілігі:Ж.Аймауытов пен Ә.Қашаубаев портреттері,слайдтар, видеофильмдер,оқулық,кеспелер. Пән аралық байланыс:тарих,музыка,география,қазақ тілі. Сабақтың барысы:Амандасу,оқушыларды түгендеу,оқушылар зейінін сабаққа аудару.Сабақтың өту барысымен таныстыру,топқа бөлу ат қою,әр топтың басшысын сайлау.