Әншілік тыныстың физиологиялық тыныстан айырмашылығы



бет5/33
Дата11.12.2021
өлшемі84,97 Kb.
#99536
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   33
Байланысты:
Хор дағдылары

Тесситура.
     Вокалдық әдістің негізгі талаптарының бірі барлық жұмыстық дауыс диапазоны бойынша қалыпты тембрлік дыбысталу. Тембрлік дыбысталудың дамуын айтқанда негізгі мәселе регистолық ауысым, өйткені әртүрлі дыбыс ұзақтығында бірдей тембрді алуға болмайды және керек те емес, керісінше вокалдық орындауда тембрдің әдемілігінің әртүрлілігі қажет. Тембрлік дыбысталудың 2 кезеңі бар:

  1. Баспалдақты дыбыстың қатарда тұрғызылған жаттығулар.

  2. Секіртпе аралықтары ұлғайтыла отырып, интервалдарды төменнен және жоғарыдан айту.

Жеңіл немесе тығыз тембрлік ұйымдастыруды дайындау.

Жеңіл тембрлік дыбысталуға жету үшін төменгі дыбыстық қатарға тұрғызылған жаттығуларды қолдану керек. Сол кезде фальцетке жақын жеңіл дыбысталу пайда болады. Тембрлік дыбысталудың қалыптылығын сақтай отырып, төменгі дыбыстық қатарда жаттығуларды айтқан кезде, дыбыс неғұрлым төмен болса, ол соғұрлым жеңіл жоғарыдан айтылуын сақтаған дұрыс.

Тығыз, қою тембрлі дыбысталу үшін жоғарғы дыбыстық қатарға тұрғызылғын жаттығуларды қолданған дұрыс. Мұнымен регисторды күштеуге болмайды (бұлшықеттердің қысылуы мүмкін).

Төменнен және жоғарыдан алынған интервалдарды орындау техникасы.

Жоғарыға алынған интервалдарды айту үшін төменгі дыбысты жеңілдетіп алу керек. Төменнен алынған интервалдардың айтылу техникасы да осындай жағдайда алыну керек. Бір ескертетіні төменгі дыбыс қалпын дауыстық астардың шеткі жиілігін ретіменде сақтау керек. Төменгі дыбыстық қатарды және төменнен алынған интервалдарды айту жеңіл. Тембрлік дыбысталуды дамыту үшін баспалдықты дыбыстық қатардағы регисторлық күйді сақтаған дұрыс. Балаларға жаттығы жасатқанда олар вокалдық жұмыстар жасағанда осы тәсіл көмектеседі, яғни тесситура көмейді өз күйіне келтіруші негізгі факторлардың бірі. Бала дауысын өз қалпына келтіру үшін оларға фальцеттік дыбысталуда жоғарғы тесситурада айтқызу керек.


Дауыс күші.

Ауаны көбірек алса, кеуделік дыбысталуды алуға болады, ал аз алса фальцеттік дыбысталуды алуға болады. Регисторлық дыбысталудың белгілі қалпын ұстану үшін тыныс алудың көлемі мен қарқынының әсері көп. Дауыс күші байланыстырушы қысымға пропорционалды, егерде балаларға күштілігі әр түрлі дауыстармен бірдей дауысты дыбыстарды бір ұзақтықта айтқызса,  f (қатты) айтқанда оларда дауыс дыбысы р (ақырын) айтқанға қарағанда обертонға бай болады. Фонацияның фальцеттік механизмін бүкіл дауыс диапазонымен төменгі тесситурада, ең жоғарғы дыбыстарынан бастап фальцетпен айту керек. Бірақ бүкіл диапазон бойы ең төменгі дыбыстан бастап  таза кеуделік дыбыспен айту мүмкін емес, өйткені әрбір әнші жоғарғы дыбыстарды фальцетпен ғана айта алады. Дауыс күші регистордың механизмінің қалыптастырушысы. Көмейді қатты айту күйіне ендірсе кеуделік типтегі дыбысталу пайда болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   33




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет