Әож 37. 013: 908:[574+008] Қолжазба құқығында Шаушекова Баян Кырыкбаевна


«Экологиялық өлкетануда халық педагогикасының алатын орны»



бет2/2
Дата25.12.2016
өлшемі0,64 Mb.
#5025
түріДиссертация
1   2

«Экологиялық өлкетануда халық педагогикасының алатын орны» атты мұғалімдерге арналған ғылыми-әдістемелік семинардың мазмұны халық педагогикасы мен ғылыми педагогиканың сабақтастығы, өлке, аймақ, ғаламшар экологиясының өзара байланыстары, өлкетану жұмыстарының ерекшеліктері туралы түсініктерді, сонымен қатар оқушылардың экологиялық тәрбиесінде қазақ халық педагогкасының құралдарын пайдалану туралы теориялық қағидаларды камтиды.

«Экологиялық өлкетануда халық педагогикасының алатын орны» атты ата‑аналар Университетінің бағдарламасына біз енгізген қосымшалар

Кесте 3 – Өлкетану жұмыстарында қазақ халық педагогикасының құралдары арқылы оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастырудың жүйесі




Шара атаулары

Мақсаты

Формасы

Негізгі әдісі

«Экологиялық өлкетануда халық педагогикасының алатын орны»

Қазақ халық педагогикасының мұрасы арқылы оқытушылардың табиғи-рухани әлемін байыту

Мұғалімдерге арналған ғылыми‑әдістемелік семинар

Оқыту мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясы

«Экологиялық өлкетануда халық педагогикасының алатын орны»

Ұлттық құндылықтарды отбасы тәрбиесі мен экологиялық тәрбие барысында сабақтастыра қолдануға үйрету

Ата‑аналар Университетінің бағдарламасына қосымшалар

«Қасиетті қазыналы өлке»

Өлке қазынасын сақтап, қасиетті айнала қоршаған ортаны қорғаудағы азаматтық жауапкершілік сезімін дамыту

Үйірме

«Өлке қорықтары»

Өлкетану жұмыстарында оқушылардың экологиялық білім, біліктілік, дағдыларын қалыптастыру

Факультативтік курс

«Дәрілік өсімдіктер, оларды қорғау және тиімді емге қолдану»

Оқушыларды өлкетану жұмыстарын ұйымдастыру кезінде ізденушілік әрекетке дағдыландыру

Жазғы өлкетану экспедициясы

«Қарақаралы Мемлекеттік Ұлттық Табиғат саябағы»

ҚМҰТС флора, фаунасымен таныстыру және табиғаттағы жеке мінез - құлық мәдениетін қалыптастыру

Экологиялық соқпақтар

«Табиғаттың тарылтпайық тынысын, пәк табиғат жүректің ән-жырысың»

Педагогикалық процесте оқушылардың экологиялық оқу-танымдық іс-әрекеттерін ұйымдастырып, іске асыру

Оқу-танымдық экологиялық-мәдени апталықтар

«Табиғатым - тағдырым»

Оқушылардың теориялық білімдерін қалыптастырып, ой-өрістерін кеңейту

Экологиялық олимпиада

халықтық педагогика білімдері, рационалды білімдер мен иррационалды сенімдердің мән-мағынасы, балалардың отбасындағы экологиялық тәрбиесінде салт-дәстүр мен әдеп-ғұрыптарды қолдану жолдарын көрсетеді. Бұл қосымшалар ата-аналар жиналыстарында жеке сұрақ ретінде баяндалады. Сонымен қатар мұғалімдердің семинарынан айырмашылығы экологиялық тәрбиенің практикалық салалары басым болуында.

«Қасиетті қазыналы өлке» атты үйірме жұмысының мазмұны оқушылардың елге, жерге сүйіспеншіліктерін арттыруға бағытталған тәрбиелік мәні зор экологиялық мағлұматтарды қамтамасыз етеді: қазақ халық этнографиясы, экологиялық ұғымдар, діни сенім-нанымдар туралы баяндалады.

«Өлке қорықтары» атты факультативтік курс бағдарламасында «Жерінің аты - тарихтың хаты» Қарқаралы тарихының жылнамасы, Қарқаралы өлкесінің табиғаты, олардың әртүрлілігі, Қарқаралы туралы аңыз-әңгімелер кірістірілген.

«Дәрілік өсімдіктер, оларды қорғау және тиімді емге қолдану» атты жаздық өлкетану экспедициясы барысында оқушылар дәрілік өсімдіктерді оқып үйренеді, зерттеу жұмыстарын жүргізеді, оларды қорғаудың жолдарын іздестіреді, халықтық медицина туралы ақпараттарды жинақтайды, өмірде қолданады.

«Қарақаралы Мемлекеттік Ұлттық Табиғат саябағы» атты экологиялық соқпақтар Қарқаралы Мемлекеттік Ұлттық Табиғат саябағында сирек кездесетін өсімдіктер мен жануарларды таныстыруға бағытталған. Біз бұл экологиялық соқпақтардың бағдарламасын жасауда экология және білім беру саласындағы негізгі мемлекеттік ресми құжаттарға сүйендік.

«Табиғаттың тарылтпайық тынысын, пәк табиғат жүректің ән-жырысың» атты оқу-танымдық экологиялық-мәдени апталықтар сабақтан тыс және өз бетімен орындайтын тапсырмаларды жүзеге асырады.

«Табиғатым – тағдырым» атты экологиялық олимпиада жылына бір рет жоспарланып, оқушылардың оқу-танымдық іс-әрекеттері әртүрлі сайыс түрінде өткізіледі және тұлғаның жан-жақты дамуына мүмкіндік береді.

«Оқыту мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту» технологиясы өлкетану жұмыстарында қазақ халық педагогикасының құралдары арқылы оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыруда мұғалімдер, ата-аналар және оқушылардың бірлескен іс-әрекетінде пайдаланылады. Бұл технологияның ерекшелігі оқушылардың өз ойларын еркін жеткізе алуға ықпал етуінде.

Аталмыш іс‑шараларды мектептің оқу-тәрбие процесінде ұйымдастырып өткізгеннен кейін бағдарламаны игеру сапасын анықтау үшін қалыптастырушы эксперимент шеңберінде аралық тексеру тест жүргізілді. Педагогикалық бақылау және жүргізілген сауалнаманың, алынған тестінің негізінде біз өлкетану жұмыстарында халық педагогикасы құралдарын пайдалану арқылы мектеп оқушыларының бойында қалыптасқан экологиялық мәдениет деңгейін аңықтадық. Өлкетану жұмыстарында қазақ халық педагогикасы құралдары арқылы оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру компоненттерінің даму көрсеткіштері 4- кестеде берілді.


Кесте 4 – Аралық кесіндінің нәтижелері (% есебімен)


Өлшемдер

Эксперименттік топ

Бақылау тобы

Жоғары

Орташа

Төмен

Жоғары

Орташа

Төмен

Экологиялық білімдер

14,3

49,2

36,5

9,9

46,8

43,3

Экологиялық сана, сезім

26,2

43,1

30,7

19,2

39,6

41,2

Экологиялық тәжірибе

11,4

34,6

54

8,1

35,7

56,2

Орта көрсеткіштер

17,3

42,3

40,4

12,4

40,7

46,9

Диагностика қорытындысы оқушылардың қоршаған орта туралы білімдерінің біршама артып, ой-өрістерінің кеңейгенін байқатты. Келесі кезеңде оқушыларға тікелей арналған тәрбиелік іс-шаралар ұйымдастырылып өткізілді. Нәтижесінде эксперимент тобы оқушыларының экологиялық ой-өрістерінің әлде-қайда дамығандығын байқатып, өлкетану жұмыстарына қызығушылықтары мен белсенділігінің артуын, олардың экологиялық сана-сезімінің кеңейуіне ықпал еткендігін көрсетті (5- кесте, 3- сурет).


Кесте 5 – Қорытынды кесіндінің нәтижелері (% есебімен)


Өлшемдер

Эксперименттік топ

Бақылау тобы

Жоғары

Орташа

Төмен

Жоғары

Орташа

Төмен

Экологиялық білімдер

24,7

68,7

6,6

11,3

49,3

39,4

Экологиялық сана, сезім

38,6

51,5

9,9

18,9

39,7

41,4

Экологиялық тәжірибе

25,8

43,6

30,6

9,4

39,3

51,3

Орта көрсеткіштер

29,7

54,6

15,7

13,2

42,7

44,1




Сурет 3 – Оқушылардың экологиялық мәдениеті компоненттерінің қалыптасқан деңгейлері

Бақылау экспериментінің нәтижелерін толық талдау мақсатында өлкетану жұмыстарында қазақ халық педагогикасы құралдарын пайдалану арқылы мектеп оқушыларының бойында экологиялық мәдениеттің қалыптасқан деңгейлерін салыстырмалы түрде көрсеткенді жөн көрдік (6- кесте, 4- сурет).


Кесте 6 – Өлкетану жұмыстарында халық педагогикасы құралдары арқылы оқушыларының экологиялық мәдениетінің қалыптасқан деңгейлерінің өзгеріс қарқыны (%)



Деңгейлер

Эксперименттік топ


Бақылау тобы


1-ші кесінді

2-ші кесінді

3-ші кесінді

1-ші кесінді

2-ші кесінді

3-ші кесінді

Жоғары

12,5

17,3

29,7

12,0

12,4

13,2

Орташа

38,9

42,3

54,6

39,3

40,7

42,7

Төмен

48,6

40,4

15,7

48,7

46,9

44,1




Сурет 4 – Оқушылардың экологиялық мәдениетінің қалыптасқан нәтижелерінің динамикасы

Өткізілген тәжірибелік жұмыстардың нәтижелері біздің ұсынып отырған өлкетану жұмыстарында қазақ халық педагогикасын құралдары арқылы оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру әдістемесінің тиімділігін дәлелдеді. Бұл корытынды Пирсонның сызықтық корреляция формуласы бойынша есептелген корреляция коэффициентінің көрсеткіші 0,95-ке тең болғандығына негізделеді.



Қорытынды
Зерттеу жұмысының барысында жасалған теориялық талдау, тәжірибе жұмысының нәтижесінде алынған мәліметтерді өңдеу, бізге төмендегідей қорытындыларды жасауға мүмкіндік берді:

  1. оқушылардың экологиялық мәдениет түсінігі педагогикалық тұрғыда нақтыланып, қарастырылып отырған мәселенің төңірегіндегі өлкетану жұмыстарында қазақ халық педагогикасы құралдары арқылы негізделеді, өйткені осы педагогикалық құралдар өлкетану жұмыстарында оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастырудың кешенді сипаты мен қолданбалы бағыты экологиялық мәдениет көріністерінің (құндылықтар, мотивтер, білімдер, біліктер, қабілеттер) тұтастығына қол жеткізуге жол ашады;

  2. қазақ халық педагогикасының құралдары арқылы оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыруда өлкетану жұмыстарының өзіндік ерекшеліктері аңықталды;

  3. өлкетану жұмыстарындағы экологиялық мәдениетін дамытуда қазақ халық педагогикасы құралдарын пайдалану оқушылардың экологиялық білімдерін, экологиялық санасын, сезімін, экологиялық тәжірибесін бірізділікпен қалыптастыру мүмкіндіктерін арттырады;

  4. қазақ халық педагогикасы құралдары арқылы оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыруда өлкетану жұмыстарының ұйымдастырылуы олардың педагогикалық құндылығын анықтауға, мазмұндары мен әдіс-тәсілдерін бағдарлап, болжамдар жасауға ықпал етеді;

  5. оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру мақсатында сыныптан тыс өлкетану жұмыстарын ұйымдастыру түрлері олардың экологиялық білімдерге қызығушылықтарын, экологиялық білімінің маңыздылығын түсіну сезімдерін, өлкетану және қоршаған ортаны қорғау жұмыстарындағы белсенділіктерін арттыруда аса маңызды орын алады;

  6. қазақ халық педагогикасы құралдары арқылы оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру процесінде өлкетану материалдарын пайдалануда пәнаралық байланыстардың (әсіресе, әдебиет пен тарих, жаратылыстану пәндері) рөлі мен маңызы өте зор екенін дәлелдейді.

  7. Біздің зерттеу жұмысымыздың негізінде «Экологиялық мәдениеті қалыптасқан тұлға» теориялық моделі жасалынып, оның компоненттері, өлшемдері мен көрсеткіштері анықталды.

  8. эксперименттік жұмыс нәтижесі өлкетану негізінде оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру мәселесі бойынша біздің алға қойған болжамымыздың дұрыстығын дәлелдеді. Оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыруда өлкетану жұмыстарының мүмкіндіктері жоғары екендігі және біз ұсынып отырған әдістеменің тиімділігін көрсетті.

Қазіргі таңда жалпы білім беретін мектеп жағдайында оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру үшін төмендегідей ұсыныстар жасауға болады:

  • мектептің біртұтас педагогикалық процесінде тәрбиенің құрамдас бөлігінің бірі ретінде экологиялық бағыттарда әртүрлі іс-шаралар (факультатив, үйірме, апталық, олимпиада, дөңгелек үстел, конференциялар т.б) үнемі ұйымдастырылып отырылуы керек;

  • жергілікті экологиялық өлкетану жұмыстарында қазақ халық педагогикасының құралдарын кеңінен пайдалану қажет;

  • оқушылардың экологиялық тәрбиесінде өлкетану жұмыстарын ұйымдастыру мәселелері бойынша ата-аналар мен мұғалімдер үшін арнайы құрастырған семинарлар бағдарламасын пайдалануды қажет етеді;

  • өлкетану жұмыстарында қазақ халық педагогикасының құралдары арқылы оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыруда оқыту мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясын қолдану керек;

  • жалпы білім беру жүйесінде оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру үшін экологиялық сыныптар ашу мәселесін көтеруді талап етеді.

Сонымен, оқу процесінде және сыныптан тыс жұмыстарда өлкетану жұмыстарына қойылатын талаптар: мектеп оқушыларының жас ерекшеліктеріне сәйкес лайықты материалды іріктеуі; өлкетану материалдарының тақырыптың мазмұнымен үндесуі; туған өлкенің табиғи ерекшеліктерін сипаттайтын мәліметтердің жаратылыстану пәнінің бағдарламасына сәйкестігі; өлкетану материалдарының мазмұнының оқушылардың жалпы даму деңгейлеріне сәйкестігі; олардың танымдық қызығушыларын дамытуға ықпалын тигізуі; өлкетану материалдарының оқушылардың табиғатты қорғауға, байлықтарын тиімді пайдалануға ықпал етуі тиіс.

Дегенмен ұсынылып отырған мәселе өте күрделі мәселе болғандықтан, біздің зерттеу іс - әрекетіміздегі өлкетану жұмыстарында қазақ халық педагогикасының құралдары арқылы оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастырудың көп қырлы тұстарын шештік деп айта алмаймыз. Келешекте бұл мәселе өз жалғасын экологиялық тәрбиеде өлкетану жұмыстарын ұйымдастырудың сабақтастық принципін жүзеге асыру жолдарын іздестіруде, өлкетану жұмыстарында пәнаралық және пәнішілік байланыстардың маңызын анықтауда болашақ ғалымның еншісінде табылуы мүмкін деп ойлаймыз.


Диссертацияның мазмұны мынадай басылымдарда жарияланды


  1. Қазақтың наным-сенімі және олардың табиғат қорғаудағы маңызы. //Педагогика және білім мәселелері: ҚарПИ аспиранттарының ғылыми еңбектер жинақтары. - Қарағанды,1996. - Б. 85-92.

  2. Бастауыш сынып оқушыларын табиғатты қорғауға тәрбиелеу //«Гуманизация учебно-воспитательного процесса на современном этапе» Сборник научных трудов. - Караганда, 1998. - Б. 112 -120.

  3. Ұлы бабалардың педагогикалық еңбектерін оқыту негізінде жасөспірімдерге экологиялық тәрбие беру //«Проблемы профессиональной подготовки современного учителя» Сборник статей. - Караганда, 1998. - С. 293-322.

  4. Қазақ халқының ырымдары мен тыйым сөздеріндегі экологиялық тәрбие көрінісі //«Педагогическая теория и практика: история, современность перспективы» Сборник научных трудов. - Караганда, 1999. - Б. 136-142.

  5. Ж.Аймауытұлы шығармаларындағы экологиялық тәрбие беру мәселелері //«Этнопедагогика және білім жүйесіндегі дарынды балалар проблемалары» Халықаралық ғылыми – педагогикалық конференция материалдары. - Алматы, 2000. - Б. 268-273.

  6. Қазақ халқының мақал-мәтелдері арқылы оқушыларды табиғатты қорғауға тәрбиелеу //«Шоқан тағылымы – 6» Халықаралық ғылыми - практикалық конференция материалдары. - Көкшетау, 2001. - Б. 243-246.

  7. Ы.Алтынсарин шығармалары арқылы оқушыларға экологиялық тәрбие беру //«Ы.Алтынсариннің мұрасы және педагогика ғылымының көкейкесті мәселелері» Аймақтық ғылыми - практикалық конференция. - Қарағанды, 2001. - Б. 65-70.

  8. Сыныптан тыс жұмыстар арқылы оқушыларға экологиялық тәрбие беру //«ҚР білім беру жүйесінің қазіргі заманғы даму кезеңіндегі педагогика ғылымы мен практикасының сабақтасуы» Аймақтық ғылыми - практикалық конференция материалдары. - Қарағанды, 2002. - Б. 62-67.

  9. Халық педагогикасы арқылы оқушылардың экологиялық қызығушылығын арттырудың кейбір жолдары //«Қазіргі таңдағы педагог мамандарды кәсіби даярлау мәселелері» Айматық ғылыми - практикалық конференция материалдары. - Қарағанды, 2003. - Б. 183-189.

  10. Қазақстан Республикасының экологиялық білім беру тұжырымдамасын іске асыру жолдары //Білім беру мазмұнын қалыптастыру және жетілдіру мәселелері педагогика теориясы мен практикасында» Аймақтық ғылыми - практикалық конференция материалдары. - Қарағанды, 2004. - Б. 169-174.

  11. Жоғары оқу орнында экологиялық білім беру мен тәрбиелеудің кейбір жолдары //Қазақстан Республикасында жоғары білім беру сапасын жетілдіру және дамыту перспективаларының өзекті мәселелері» Жоғары оқу орын аралық ғылыми - әдістемелік конференция материалдары - Қарағанды, 2004. - Б. 429-432.

  12. Педагогика негіздері. Оқу әдістемелік құрал. - Қарағанды, 2004. - 119 б. (Қ.А. Сарбасовамен авторлық бірлестікте).

  13. Педагогикаға кіріспе. (электронды оқулық) Зияткерлік меншік объектісін тіркеу куәлігі № 208. - 11 тамыз - 2004ж. (Б.Әбдікәрімұлы., Қ.А.Сарбасовамен авторлық бірлестікте).

  14. Педагогика тарихы. Типтік бағдарлама. - Қарағанды, 2004. - 19б. (С.К.Омаров., Қ.Ф.Аубакировамен авторлық бірлестікте).

  15. История педагогики. Типовая программа. - Караганда, 2004. - 10 б. (Соавторстве С.Қ.Омарова., Қ.Ф.Аубакировой).

  16. Жалпы педагогика. Типтік бағдарлама. - Қарағанды, 2004. - 10 б. (К.Т.Омарова., С.Қ.Омаров, П.З.Ишановпен авторлық бірлестікте).

  17. Педагогика. Оқу-әдістемелік құрал. - Қарағанды, 2004. - 98.б. (C.Т.Каргин, К.Т.Омаровамен авторлық бірлестікте)

  18. Білім мекемелерінде экологиялық тәрбиенің көкейкесті мәселелері

//«Академик Е.А.Бөкетов - ғалым, оқытушы, ойшыл» Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары. - Қарағанды, 2005. - Б.401-404.

  1. Жасөспірімдерге экологиялық тәрбие беруде халықтық педагогиканың озық дәстүрлерін пайдалану. //«Академик Е.А.Бөкетов - ғалым, оқытушы, ойшыл» Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары – Қарағанды, 2005. - Б.401-404 .

  2. Этнопедагогический компонент в практике студентов как необходимое звено формирования социальных педагогов //«Қазіргі кезең дамуы жағдайындағы білім беру сапасын көтерудің өзекті мәселелері» Аймақтық ғылыми-практикалық конференция материалдары. - Қарағанды, 2005. - Б.83-85.

  3. Экологиялық білім беру мен тәрбие беруді ізгілендіру технологиясын жетілдіру //«Жалпы және кәсіби педагогиканың өзекті мәселелері» Академик Е.А.Бөкетовтің 80 жылдығына арналған Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары. - Қарағанды, 2005. - Б.120-123.

  4. «RWCT-СТО» бағдарламасын экологиялық тәрбие беру негіздері тақырыбында қолдану //Ізденіс-Поиск - 2005. - № 4. - Б. -284-288.

  5. Оқушылардың экологиялық мәдениетін тәрбиелеу бағытындағы оқу-танымдық іс-шараны ұйымдастыру //Білім берудегі менеджмент - 2005. - № 4. - Б. 72-81.

  6. Жоғары оқу орындары студенттерінің оқу-тәрбие практикасын ұйымдастыру мен өткізуге арналған бағдарлама және әдістемелік нұсқаулар. - Қарағанды, 2005. - 17 б. (К.Т.Омарова., С.Қ.Омаров., П.З.Ишановпен авторлық бірлестікте).

  7. Программа м методические указания по организации проведению учебно-воспитательной практики студентов. - Караганда, 2005. - 18 с. (Соавторстве К.Т.Омаровой., С.Қ.Омарова., П.З.Ишанова).

  8. Барлық мамандықтардың 1 курстары үшін үздіксіз педагогикалық (оқу-танысу) практика бағдарламасы. - Қарағанды, 2005. - 16 б. (К.Т. Омарова., Қ.Ф. Аубакирова., А.А. Мұқатаевпен авторлық бірлестікте).

  9. Программа непрерывной педагогической (учебно-ознакомительной) практики для 1 курсов всех специальностей. - Караганда, 2005. - 16 с. (К.Т.Омарова., Қ.Ф.Аубакировамен авторлық бірлестікте).

  10. Сыныптан тыс тәрбие жұмысының әдістемесі. - Қарағанды, 2005. - 59 б. (К.Т.Омарова., С.ҚОмаровпен авторлық бірлестікте).

  11. Мектептік экологиялық өлкетануда оқушыларды табиғатты қорғауға тәрбиелеу //«Қазақстан Республикасындағы Білім беру жүйесінің даму жағдайы және перспективалары» Республикалық ғылыми-практикалық конференция материалдары. - Қарағанды, 2006. - Б. 128-133.

  12. Экологиялық өлкетануда сыныптан тыс жұмыстардағы этнопедагогика құралдарының маңызы //«Қазақстан Республикасындағы Білім беру жүйесінің даму жағдайы және перспективалары» Республикалық ғылыми-практикалық конференция материалдары. - Қарағанды, 2006. - Б. 349-351.

  13. Қоғамның экологиялық мәселелері //«География және табиғат». - 2006. - № 5. - Б. 34-38.

  14. Экологиялық өлкетануды оқыту негізінде қазақ халық педагогикасы құралдарын пайдалану //«Жастар және қазіргі заманның өзекті мәселелері» Халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары. - Қарағанды, 2006. - Б.201-206.

  15. Сыныптан тыс экологиялық өлкетану жұмыстары. Оқу- әдістемелік құрал. - Қарағанды, 2007. 88 б.

  16. Өлкетану жұмыстары арқылы оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру //«Қазақстан Республикасында Білі беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының мазмұнынын іске асырудың теориялық және практикалық мәселелері» Республикалық ғылыми – практикалық конференция материалдары. - Қарағанды, 2007. - Б. 75-78.

  17. Экологиялық өлкетануда қазақ этнопедагогикасы құралдары арқылы оқушыларды тәрбиелеу // «Еуразия гуманитарлық институтының хабаршысы». - 2007. -№ 2. -Б.180-187.

36 Өлкетану шығармашылық жұмыстары арқылы оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру //Қарағанды мемлекеттік университетінің хабаршысы. -2007. -№ 3. -Б.212-128.

Резюме
Шаушекова Баян Кырыкбаевна
Формирование экологической культуры школьников в краеведческой работе средствами казахской народной педагогики
13.00.01 – Общая педагогика, история педагогики и образования, этнопедагогика
Для современного этапа развития мирового сообщества характерен поиск решения экологических проблем, обусловленных нарушением равновесия между природой и человеком. Глобальный кризис человечества вызван проблемами локального уровня, которые являются отдельными звеньями экологической дисгармонии на планете. В этих условиях необходима мобилизация всех социальных институтов по организации рациональных взаимоотношений антропогенной цивилизации с окружающей природой.

Экологические проблемы и поиски путей выхода из кризиса стали приоритетным направлением в долгосрочной Программе Президента Республики Казахстан Назарбаева Н.А. «Стратегия – 2030» и ряда официальных документов по проблемам воспитания и обучения. Несмотря на многоаспектность исследования проблемы экологического воспитания и образования, еще недостаточно изучена проблема использования воспитательных возможностей казахской народной педагогики в краеведческой работе в процессе формирования экологической культуры школьников. Выявленные нами противоречия между необходимостью использования средств казахской народной педагогики в краеведческой работе со школьниками в процессе формирования их экологической культуры и недостаточностью теоретических и практических разработок по данной проблеме определили выбор темы нашего исследования.



Объект исследования: процесс формирования экологической культуры школьников.

Цель исследования: теоретическое обоснование и разработка системы формирования экологической культуры школьников в краеведческой работе средствами казахской народной педагогики.

Методологическую основу исследования составили: учение, отражающее философско-экологические проблемы взаимодействия общества и природы, теория познания, теория личности, теория деятельности, концепции экологического образования, личностно-ориентированный и системный подходы.

Результаты исследования:

  • на основе анализа педагогических теорий сущность понятия «формирование экологической культуры школьников» уточнена в контексте рассматриваемой проблемы;

  • раскрыты возможности средств казахской народной педагогики в формировании экологической культуры школьников;

  • определены особенности краеведческой работы в процессе формирования экологической культуры школьников средствами казахской народной педагогики;

  • определена система критериев, показателей и уровней сформированности экологической культуры школьников средствами казахской народной педагогики;

  • разработана модель формирования экологической культуры школьников средствами казахской народной педагогики в краеведческой работе;

  • апробирована разработанная система формирования экологической культуры школьников средствами казахской народной педагогики в краеведческой работе и подтверждена ее эффективность;

  • изданы учебно-методические пособия «Педагогика», «Педагогика негіздері», «Сыныптан тыс тәрбие жұмысының әдістемесі» и электронный учебник «Педагогикаға кіріспе».

  • разработан и внедрен в педагогический процесс ряда школ комплекс программ: кружковой работы для учащихся «Қасиетті қазыналы өлке»; факультативного курса «Өлке қорықтары» и его методическое обеспечение; летней краеведческой экспедиции «Дәрілік өсімдіктер, оларды қорғау және емге тиімді қолдану»; экологической тропы «Қарқаралы Мемлекеттік Ұлттық табиғат саябағы»; научно-познавательной экологической недели, экологической Олимпиады «Табиғатым – тағдырым»; научно-методического семинара для учителей, а также дополнения к программе «Родительский Университет» на тему: «Экологиялық өлкетануда халық педагогикасының орны».

Степень внедрения результатов исследования определяется тем, что основные положения диссертации опубликованы в научных журналах «Поиск» (2005), «Менеджмент в образовании» (2005), «География және табиғат» (2006), «Вестник ЕАГИ» (2007), «Вестник КарГУ» (2007) и в сборниках материалов международных (Алматы, 2000; Кокшетау, 2001; Караганды, 2005, 2006, 2007), республиканских (Караганды, 2004, 2006, 2007), региональных (Караганды, 1996, 1998, 1999, 2001, 2002, 2003, 2004, 2005, 2007) научно-практических конференций, а также апробированы в учебно-воспитательном процессе комплекса «школа-интернат – детский сад» №68, школы-лицея им. С.Саттарова №57 г. Караганды, средней школы имени М.Бапиулы №44 г. Каркаралы, в работе Каркаралинского Государственного Национального Парка.

Область использования результатов исследования: система профессиональной подготовки будущих учителей, система повышения квалификации педагогов, система среднего образования, система дополнительного школьного образования.




Resume
Shaushekova Bayan Kirikbaevna
The schoolchildren’s formation of ecologic culture by the means of Kazakh national pedagogics in regional ethnography work.
13.00.01 – General pedagogics, history of pedagogics and education, ethnopedagogics
For the modern stage of developing world association the pursuit of solving the problems is significant caused by ecologic cataclysm, infringement of balance between the nature and man. Global crisis of the humanity caused by the problems of local level, which are the certain links of ecologic disharmony on the planet. In this situation it is necessary to mobilize all the social institutions in organizing rational interrelation of anthropological civilization and environment.

Ecological problems and pursuits of some ways to the alternative from the crisis became prior direction in the long-term Programme of the President of the RK, Nazarbaev N.A., called «Strategy 2030» and official documents devoted to the problems of upbringing and education. In spite of many aspects in the investigation of ecological upbringing and education issues, the problem of using upbringing opportunities of Kazakh national pedagogics in regional ethnography work in the process of schoolchildren’s formation of ecologic culture has not been studied completely. The contradictions found out by us between the necessity of using means of Kazakh national pedagogics in regional ethnography work with the schoolchildren in the process of formation of their ecological culture and the absence of theoretical and practical work outs on the given issue defined the choice of our investigation.

The object of the investigation: the process of ecological culture formation of the schoolchildren.

The aim of the investigation: theoretical basis and the work out of the schoolchildren’s formation of ecological culture by means of Kazakh national pedagogics in regional ethnography work.

The methodological basis of the investigation: teaching, which reflects the philosophical and ecological problems of interaction between society and nature, the theory of cognition, personality, activity, the conception of ecological education, personality-oriented and system approaches.

The results of the investigation:



  • On the basis of analysis of the pedagogics theory the essence of the conception «The schoolchildren’s formation of ecological culture» was specified in the context of the given problem;

  • The opportunities of the means of Kazakh national pedagogics were revealed at the schoolchildren’s formation of ecologic culture;

  • the peculiarities of the regional ethnography work in the process of the schoolchildren’s formation of ecological culture were defined by means of Kazakh national pedagogics;

  • the system of criteria, indicators and the schoolchildren’s formation of ecological culture levels was defined by means of Kazakh national pedagogics;

  • the model of the schoolchildren’s formation of ecological culture was developed by means of Kazakh national pedagogics in regional ethnography work;

  • the model of the schoolchildren’s formation of ecological culture was developed by means of Kazakh national pedagogics in regional ethnography work;

  • the worked out system of the schoolchildren’s formation of ecological culture was processed by means of Kazakh national pedagogics in regional ethnography work and its effectiveness was confirmed;

  • the teaching aids «Педагогика», Педагогика негіздері and the electronic manual " Педагогикаға кіріспе" ) were published;

  • the programs complex was developed and included in the pedagogical process: the optional course for the pupils "Қасиетті қазыналы өлке" ; the facultative course «Өлке қорықтары» and its methodical supply; the summer regional expedition «Дәрілік өсімдіктер, оларды қорғау және емге тиімді қолдану»;, the ecological path «Қарқаралы Мемлекттік Ұлттық Табиғат саябағы»; scientific-cognitive ecological week, ecological competition "Табиғатым тағдырым" the scientific-methodical seminar for the teachers, and also the supplements to the program «Родительский Университет» on the theme: «Экологиялық өлкетануда халық педагогикасының орны».

The investigation results inclusion degree was defined by the fact that the main statements of the dissertation were published in the scientific magazines "Поиск", (2005), "Менеджмент в образовании" (2005), "Вестник КарГУ" (2007), "Вестник ЕАГИ" (2007) and the manual book of the materials of the international (Алматы, 2000; Кокшетау, 2001; Караганды, 2005, 2006, 2007), republican (Караганды, 2004, 2006, 2007) regional (Караганды, 1996, 1998, 1999, 2001, 2002, 2003, 2004, 2005, 2007) scientific-practical conferences, and also were developed in the teaching and educational process of the complex " школа-интернат-детский сад" №68, школы-лицея им.С.Саттарова №57 г.Караганды, средней школы имени М.Бапиулы № 44 г.Каркаралинск.

The investigation results using sphere: the system of the professional preparation of future teachers, the system of rising the teachers’ qualifications, the system of the middle education, the system of the supplementary school education.

Басуға 15.10.07. қол қойылды. Пішімі 60 -84 /16 Офсеттік қағазы.

Көлемі 1,5 б.т. Таралымы 130 дана. Тапсырыс 218.

Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ баспаханасында басылып шықты

100012. Қарағанды қ., Гоголь к-сі, 38.







Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет