Әож 37. 013: 908:[574+008] Қолжазба құқығында Шаушекова Баян Кырыкбаевна



бет1/2
Дата25.12.2016
өлшемі0,64 Mb.
#5025
түріДиссертация
  1   2
ӘОЖ 37.013:908:[574+008] Қолжазба құқығында

Шаушекова Баян Кырыкбаевна

ӨЛКЕТАНУ ЖҰМЫСТАРЫНДА ҚАЗАҚ ХАЛЫҚ ПЕДАГОГИКАСЫ

ҚҰРАЛДАРЫ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ МӘДЕНИЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ

13.00.01 – Жалпы педагогика, педагогика және білім тарихы,

этнопедагогика


Педагогика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін

алу үшін дайындалған диссертацияның

авторефераты

Қазақстан Республикасы

Қарағанды, 2007

Жұмыс Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінде орындалған





Ғылыми жетекшісі

педагогика ғылымдарының докторы, профессор Б.Әбдікәрімұлы


Ресми оппоненттері:

педагогика ғылымдарының докторы, профессор Р.Қ.Дүйсембінова





педагогика ғылымдарының кандидаты Ш.М.Абеуова


Жетекші ұйым

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институты

Диссертация 2007 жылы «30» қарашада сағат 10.00 Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінде педагогика ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін беру жөніндегі БД 14.50.05 Диссертациялық кеңестің мәжілісінде қорғалады (100028, Қарағанды қаласы, Университет көшесі, 28 үй)

Диссертациямен Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің кітапханасында танысуға болады.

Автореферат 2007 жылғы «29» қазанда таратылды.


Біріккен диссертациялық кеңестің

ғалым хатшысы Қ.М.Арынғазин
Кіріспе
Зерттеудің көкейкестілігі. Дүниежүзілік қауымдастықтың қазіргі кезеңдегі дамуында адам мен табиғат арасындағы тепе-теңдіктің бұзылуы экологиялық мәселелерді шешу жолын іздестіруді талап етеді. Адамзаттың жаҺандық дағдарысы жершарының экологиялық үйлесімділігінің жеке бөліктері болып табылатын аймақтық деңгейдегі мәселелерден туып отыр. Бұл жағдайда антропогенді өркениеттің қоршаған табиғи ортамен тиімді арақатынасын ұйымдастыруға бағытталған барлық әлеуметтік институттарын жұмылдыру қажет.

Ел Президенті «Қазақстан – 2030» бағдарламасында табиғат жағдайының қиын кезеңде тұрғанын нақты атап өтіп: «...экологиялық нашар ахуал бүгінде адам өлімінің жиырма пайызына себеп болып отыр. Қоршаған ортаны ластаушыларға берік тосқауыл қойылу қажет», - деген болатын. Бұл мәселенің тиімді шешілуі мектепте оқушыларға экологиялық білім мен тәрбие беру арқылы олардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру барысында мүмкін болатыны анық.

Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңында «...білім беру жүйесі міндеттерінің бірі ретінде белсенді азаматтық ұстанымы бар жеке адамды тәрбиелеу, республиканың қоғамдық-саяси, экономикалық және мәдени өміріне қатысу қажеттігін, жеке адамның өз құқықтары мен міндеттеріне саналы көзқарасын қалыптастыру» атап көрсетілген. Осы тұрғыдан келгенде, үздіксіз білім беру жүйесінің базалық буыны болып саналатын жалпы орта білім беру мектептерінің оқушыларына саналы тәртіп пен сапалы білім беріп, туған жерінің табиғатын қорғайтын мәдениетті тұлға етіп қалыптастырудағы атқарар рөлі зор екені даусыз.

Қазіргі таңдағы қоғамның саяси, әлеуметтік және экономикалық дамуындағы жаңару процестері өткен тарихымыз бен мәдени мұраларымызды қайта қарауды, рухани құндылықтарымызды саралап, оны мектептің оқу-тәрбие процесіне ендіру арқылы оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыруға қолайлы жағдайлар жасалып отыр. Экологиялық мәдениетті халық педагогикасы арқылы қалыптастыруда өлкетану жұмыстарының мүмкіндіктері мол.

Өлкетану жұмыстары оқушылардың қоршаған табиғи құбылыстары мен заттары туралы, олардың өзара байланыс заңдылықтары туралы түсініктерін қалыптастыруға көмектесіп, өмірге деген қызығушылықтарын арттырады. Өлкетану материалдары қоршаған ортаға тікелей бақылау жасауға мүмкіндік береді. Ол туған өлке табиғатын, оның байлықтарын, даму заңдылықтарын, жергілікті жердің халқы мен шаруашылық түрлерін және олардың байланыстарын ұғынуға көмектеседі. Оқу-тәрбие процесінде халық педагогикасының құралдарын өлкетану жұмысында пайдалану арқылы оқушылар тек нақты білім мен ұғымды меңгеріп қана қоймай, дүниенің біртұтастығы мен әртүрлілігі, дамудың үздіксіздігі, өзара байланыс пен әрекеттестік, дүниенің нақты заттар мен құбылыстардан тұратындығын танып, олардың дүниетанымдық көзқарастары кеңейеді.

Өскелең ұрпақтың экологиялық мәдениетін қалыптастыра отырып, жаңа заманның көкірегі ояу, ұлттық сана-сезімі жоғары саналы азаматын тәрбиелеу ұзақ әрі күрделі процес болып табылады. Сондықтан бұл мәселе бүгінгі таңда өткір қойылып, өз шешімін табуды қажет етіп отыр. Аталмыш мәселені шешуде көптеген ғалымдар өз үлестерін қосқан.

Қазақ халқының біртуар данышпандары А.Құнанбаев, Ы.Алтынсарин, Ш.Уалиханов, Ш.Құдайбердиев, А.Байтұрсынов т.б еңбектерінде табиғат пен адам өмірінің тіршілігін ажырамайтын, бөліп қарастыруға келмейтін біртұтас дүние ретінде қарастырған.

Оқушылардың қоршаған ортаға саналы көзқарасын қалыптастыру арқылы жан-жақты тәлім-тәрбие беру, оқу-тәрбие процесін жетілдіру, мектепке кәсіби білігі жоғары мамандарды даярлау мәселелері қазақстандық көрнекті ғалымдардың Қ.Ж.Аганина, Б.Р.Айтмамбетова, Қ.М.Арынғазин, Б.Әбдікәрімұлы, Ш.Ә.Әбдіраман, Ғ.З.Әділғазинов, А.А.Бейсенбаева, Қ.Қ.Жампейсова, Ж.А.Караев, С.Т.Каргин, Қ.М.Кертаева, Р.М.Қоянбаев, К.Қ.Құнантаева, Н.Ә.Мыңжанов, Ж.Ы.Намазбаева, Г.Қ.Нұрғалиева, И.Н.Нұғыманов, Т.С.Сабыров, Э.М.Сағындыкова, Ш.Т.Таубаева, Е.К.Төлемісов, Г.А.Уманов, Э.И.Шыныбекова, Н.Д.Хмель, т.б еңбектеріне арқау болды.

Жас ұрпаққа тәрбие беруде құндылығы шексіз халық педагогикасын пайдаланудың әдіснамалық негіздері Қ.Бөлеев, Р.Қ.Дүйсембінова, Қ.Жарықбаев, С.Қалиев, К.Ж.Қожахметова, Ж.Ж.Наурызбай, Ә.Табылдиев, С.А.Ұзақбаева, қолданбалы салалары Р.М.Айтжанова, С.Қ.Әбілдина, Ш.М.Мұхтарова, Қ.А.Сарбасова, Л.С.Сырымбетова т.б. ғылыми зерттеулерінде қарастырылды.

Сол сияқты экологиялық білім беру мен тәрбие беру мәселесін шешуде Ә.С.Бейсенова, Н.А.Бекенова, Ж.Бұламбаев, Ж.Ж.Жатқанбаев, Ғ.Қ.Ділімбетова, З.К.Конурова, А.Кушенов, М.А.Лигай, Г.Мұқышева, Ө.Өмірәлиев К.Ж.Сарманова, Н.С.Сарыбеков, М.Н.Сарыбеков, Г.М.Смирнова, Н.М.Стукаленко, С.Т.Шалғынбаев, Ж.Б.Шілдебаев, В.И.Фурсов, және т.б. ғалымдар еңбектерінің құндылығы зор.

70-жылдарда зерттеу әдіскерлерінің көңілі, әсіресе, табиғат қорғау мен экологиялық түсініктердің қалыптасуы жайындағы сұрақтарды қарастыруға, оқушылардың биоэкологиялық білімін игеруге бағытталды (Я.И.Габеев, С.Д.Дерябо, Т.В.Кучер, В.И.Иоганзен, Э.А.Тұрдықұлов т.б.).

Адамның қоршаған ортамен байланысы А.Н.Захлебныйдың, И.Д.Зверевтің, И.Т.Суравегинаның және т.б. зерттеулерінде көрініс тапса, табиғатты тәрбие факторы ретінде М.Верзилин, Н.А.Рыков т.б. дәлелдеген.

Экологиялық білім беру мәселесін мәдениеттану ғылымы саласы бойынша Э.В.Гирусов, Ж.Тлепов, В.Шинкарук және т.б. ғалымдар қарастырған.

Экологиялық мәдениет пен оның қалыптасу процесі Б.Т.Лихачев, Д.А.Урсул, Е.В.Никанорова, Ж.Тастанбекованың және т.б. зерттеулерінде әдіснамалық тұрғыдан негізделсе, болашақ мамандардың экологиялық мәдениетін қалыптастырудың жолдары С.В.Алексеев, Г.А.Вахромова, Г.А.Иванов, И.П.Сафронов, А.В.Миронов және т.б. ғалымдар еңбектерінде ғылыми-практикалық тұрғыда шешімін тапқан.

Экологиялық тәрбие берудің педагогикалық алғышарттары А.К.Егенисова Ф.Н.Жұмабекова, А.Е.Манкеш, Г.М.Сәбденалиева Г.Қ.Тұрабаева еңбектерінде қарастырылған.

Экологиялық білім мен тәрбие беруді пән сабақтарында жүзеге асыру да көптеген ғалымдардың зерттеу пәні болды. Мәселен, қазақ тілі мен әдебиеті (Ә.Дайырова, Қ.Құрманбаева, Ө.Танабаев), химия ( Қ.О.Шайхеслямова) физика (Р.С.Басекеева), математика (Қ.Н.Сарыбекова), табиғаттану (Д.І.Жангелдина), ағылшын тілі (Ж.Базарбекова, Ж.Тілешова) пәндерін оқытуда экологиялық білім беру мен тәрбие мәселері жан-жақты қарастырылған.

Оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыруда (И.К.Исламова), оқушыларының агроэкологиялық мәдениетін қалыптастыруда (Ш.М.Абеуова), мектепалды топ балаларының экологиялық мәдениетін қалыптастыруда (Н.С.Сайлауова) бастауыш сынып оқушыларының экологиялық мәдениетін қалыптастыру (Ж.Р.Жексембаева) т.б ғалымдардың ғылыми еңбектерінде экологиялық білім мен тәрбие беру процесі барысында жан-жақты талданып, нақтылай түсті.

Дегенмен, педагогикалық, психологиялық және ғылыми-әдістемелік әдебиеттерді, арнайы зерттеулерді талдаудың нәтижесі бүгінгі күнге дейін өлкетану жұмыстарында қазақ халық педагогикасы құралдарын пайдалану арқылы оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыруға болатындығы назардан тыс қалып келгендігін көрсетеді.



Оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыруда өлкетану жұмыстары барысында қазақ халық педагогикасы құралдарын пайдалану мүмкіндіктері мен олардың мектептің оқу-тәрбие процесінде өз деңгейінде толығымен пайдаланылмауы арасындағы және өлкетану жұмыстарында қазақ халық педагогикасы құралдары арқылы оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру қажеттілігі мен бұл мәселенің педагогикалық теория мен практикада жеткіліксіз зерттелуі арасындағы қарама-қайшылықтар анық байқалады. Сондықтан табиғатты қорғау негізінде оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастырудың бір жолы қазақ халық педагогикасы құралдарын өлкетану жұмыстарында пайдалануды қамтамасыздандыратын әдістеме дайындау, педагогикадағы жалпы теориялық бағыттағы зерттеулерді кеңейту және тереңдету қажеттілігін қарастыру біздің зерттеу мәселемімізді айқындауға және тақырыпты «Өлкетану жұмыстарында қазақ халық педагогикасы құралдары арқылы оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру» деп таңдауымызға негіз болды.

Зерттеудің мақсаты: өлкетану жұмыстарында қазақ халық педагогикасы құралдары арқылы оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру жүйесін теориялық тұрғыдан негіздеп, құрастыру.

Зерттеудің нысаны: оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру процесі.

Зерттеу пәні: өлкетану жұмыстарында қазақ халық педагогикасының құралдары арқылы оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру жүйесі.

Зерттеудің ғылыми болжамы: егер өлкетану жұмыстарында қазақ халық педагогикасы құралдары экологиялық бағытта пайдаланылса, онда оқушылардың экологиялық мәдениетінің қалыптасуы нәтижелі және тиімді болады, себебі бұл жағдайда игерілген экологиялық білімдер, біліктер және дағдылар ұлттық құндылықтармен бірлікте, тұтастықта қалыптасады.

Жетекші идея: жалпы білім беретін орта мектеп оқушыларының өлкетану жұмыстары барысында қолданған қазақ халық педагогикасының құралдары олардың экологиялық мәдениетін қалыптастыра отырып, туған жерінің табиғатына аялы көзқарас пен атамекенге деген сүйіспеншілік рухында тәрбиеленуіне негіз болады.

Зерттеу міндеттері:

  • өлкетану жұмыстарында қазақ халық педагогикасы құралдары арқылы оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастырудың теориялық негіздерін анықтау;

  • оқушылардың экологиялық мәдениетін өлкетану жұмыстары арқылы қалыптастырудың моделін құрастыру;

  • өлкетану жұмыстарында қазақ халық педагогикасы құралдары арқылы оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру жүйесін құрастыру;

  • өлкетану жұмыстарында қазақ халық педагогикасы құралдары арқылы оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру жүйесінің тиімділігін эксперимент арқылы тексеру.

Зерттеу жұмысының әдіснамалық негізі. Адам мен қоршаған ортаның өзара қатынасы туралы философиялық ілімдер, қазақ халық педагогикасы мен этнопедагогика сабақтастығы туралы тұжырымдамалар, таным теориясы, жеке тұлғаның іс-әрекет теориясы, табиғат пен оқушының өзара қатынасы туралы тұжырымдамалар, философиялық ілімдер, педагогикалық-психологиялық ой-пікірлер, экологиялық білім беру мен тәрбие туралы тұжырымдамалар, тұлғалық-бағдарлық, жүйелілік тұғырлары.

Зерттеу жұмысының әдістері: философиялық, педагогикалық, психологиялық, әдістемелік және арнаулы ғылыми әдебиеттерге теориялық талдау жасау, өлкетану бойынша бағдарламаларды, оқулықтарды, жеке әдістемелік құралдарды талдау, мектептердің алдыңғы қатарлы педагогикалық тәжірибелік жұмыстарын қорыту, зерттеу бойынша арнайы сауал-сұрақ, әңгіме, бақылау жүргізу, шығарма жаздыру, пікір алысу, педагогикалық моделдеу, педагогикалық эксперимент, математикалық және статистикалық өңдеу.

Зерттеу көздері: педагогика, психология, философия ғылымдары классиктерінің еңбектері, Қазақстан Республикасы үкіметінің ресми құжаттары (заңдар, қаулылар, бағдарламалар, актілер, тұжырымдамалар, т.б.), жалпыға міндетті білім берудің мемлекеттік стандарттары, оқу бағдарламалары, оқулықтар және жалпы білім беретін мектептердегі мұғалімдердің тәжірибелері.

Зерттеудің негізгі кезеңдері.

Бірінші кезеңде (1994-1999) зерттеу тақырыбы таңдап алынып, осы проблема бойынша философиялық, ғылыми-педагогикалық, оқу-әдістемелік жұмыстарға талдау жасалынды, зерттеудің теориялық негізі анықталды.

Екінші кезеңде (1999-2005) өлкетану жұмыстары барысында қазақ халық педагогикасы құралдары арқылы оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру жүйесі құрастырылып, арнайы тәжірибелік жұмыстар жүргізілді.

Үшінші кезеңде (2005-2006) тәжірибелік жұмыстың нәтижелері математикалық және статистикалық тұрғыдан өңделіп, алынған педагогикалық диагностикалық мәліметтер талданды, әдістемелік ұсыныстар жасалды.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен теориялық маңыздылығы:

  • экологиялық мәдениеттің түсінігі педагогикалық тұрғыдан талданып, қарастырылып отырған мәселенің төңірегінде нақтыланды және оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыруда қазақ халық педагогикасының мүмкіндіктері анықталды;

  • өлкетану жұмыстарында қазақ халық педагогикасы құралдары арқылы оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері ашылды;

  • өлкетану жұмыстарында қазақ халық педагогикасы құралдары арқылы оқушылардың экологиялық мәдениетінің қалыптасу өлшемдері, көрсеткіштері мен деңгейлері айқындалды;

  • өлкетану жұмыстарында қазақ халық педагогикасы құралдары арқылы оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастырудың моделі құрастырылды;

  • өлкетану жұмыстарында қазақ халық педагогикасы құралдары арқылы оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру жүйесі құрастырылып, нәтижелілігі дәлелденді.

Зерттеудің практикалық маңыздылығы:

Жалпы білім беретін мектептің оқу-тәрбие процесіне ендірілді: «Экологиялық өлкетануда халық педагогикасының алатын орны» атты мұғалімдерге арналған ғылыми‑әдістемелік семинардың және «Экологиялық өлкетануда халық педагогикасының алатын орны» атты ата‑аналар Университетінің бағдарламасына қосымшалар; «Қасиетті қазыналы өлке» атты оқушылар үйірмесінің бағдарламасы мен іске асыру шараларының жоспары; «Өлке қорықтары» атты факультатив курсының бағдарламасы мен оның әдістемелік кешені; «Дәрілік өсімдіктер, оларды қорғау және тиімді емге қолдану» атты жазғы өлкетану экспедициясының бағдарламасы; «Қарқаралы Мемлекеттік Ұлттық табиғат саябағы» атты экологиялық соқпақтар бағдарламасы; «Табиғаттың тарылтпайық тынысын, пәк табиғат жүректің ән-жырысың» атты оқу-танымдық экологиялық-мәдени апталықтар бағдарламасы мен өткізу іс-шаралары; «Табиғатым – тағдырым» атты экологиялық олимпиада бағдарламасы және әдістемелік нұсқауы.

Жоғары оқу орындарының оқу процесіне енгізілген: «Педагогика», «Педагогика негіздері», «Сыныптан тыс тәрбие жұмысының әдістемесі» атты оқу-әдістемелік құралдар және «Педагогикаға кіріспе» атты электронды оқулық.

Алынған ғылыми нәтижелерді мұғалімдер мен болашақ мамандар дайындаудағы білім беру мекемелері басшылыққа алып, пайдалануға болады.



Қорғауға ұсынылатын қағидалар:

  • өлкетану жұмыстарында қазақ халық педагогикасы құралдары арқылы оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастырудың теориялық негіздері;

  • педагогикалық процесті ұйымдастыру формаларынан құралатын өлкетану жұмыстары барысындағы оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастырудың моделі;

  • өлкетану жұмыстарында қазақ халық педагогикасы құралдары арқылы оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастырудың өлшемдері мен көрсеткіштері;

  • өлкетану жұмыстарында қазақ халық педагогикасы құралдары арқылы оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру бойынша жүргізілген эксперименттің нәтижелері.

Зерттеу базасы: Қарағанды қаласының № 68 мектеп-интернат балабақша кешені, С.Саттаров атындағы № 57 мектеп-лицей, Қарқаралы қаласының Мәди Бапиұлы атындағы № 44 мектебі, Қарқаралы Мемлекеттік Ұлттық Табиғат саябағы т.б білім беретін мекемелер.

Зерттеу жұмысының дәлелділігі мен негізділігі: зерттеу нәтижелері әдіснамалық және ғылыми‑әдістемелік негіздерге сүйеніп айқындалған теориялық дәйектілігімен, теориялық және тәжірибелік материалдар нәтижелерінің үйлесімділігімен, кешенді әдіс‑тәсілдердің қолданылуымен, зерттеу жұмысының ғылыми ақпаратқа сәйкестілігімен, өлкетану жұмыстарында қазақ халық педагогикасы құралдары арқылы оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру тиімділігінің тәжірибе жүзінде тексеріліп, нәтижесі әдістемелік нұсқаулар, бағдарламалар арқылы дәлелденуімен, ұсыныстардың жалпы білім беретін мектеп мұғалімдерінің іс-тәжірибесіне енгізілуімен, пайдаланылған әдіс-тәсілдердің тиімділігін арттыруымен қамтамасыз етілді.

Зерттеу нәтижелерін сынақтан өткізу мен іс-тәжірибесіне енгізу.

Ғылыми зерттеу жұмысының мазмұны халықаралық (Алматы, 2000; Көкшетау, 2001; Қарағанды, 2005, 2006, 2007), республикалық (Қарағанды, 2004, 2006, 2007), аймақтық (Қарағанды, 1996, 1998, 1999, 2001, 2002, 2003, 2004, 2005, 2007) ғылыми-практикалық конференцияларда, Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ-дің педагогикалық факультетінің ғылыми-әдістемелік семинарларында баяндалды; «Ізденіс» (2005), «Білім берудегі менеджмент» (2005), «География және табиғат» (2006), «Еуразия гуманитарлық институтының хабаршысы» (2007), «Қарағанды мемлекеттік университетінің хабаршысы» (2007) журналдарында жарық көрді.

Диссертацияның құрылымы. Зерттеу жұмысы кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған дерек көздері және қосымшалардан тұрады.

Кіріспе бөлімінде тақырыптың көкейкестілігі анықталады, зерттеу жұмысының мақсаты, міндеті, зерттеудің нысаны, пәні сипатталады.

Диссертацияның әдіснамалық негізі, болжамы, әдістері, ғылыми жаңалығы, теориялық-практикалық маңыздылығы, қорғауға ұсынылатын қағидалар қарастырылады.



«Өлкетану жұмыстарында қазақ халық педагогикасы құралдары арқылы оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастырудың ғылыми-теориялық негіздері» деген бірінші тарауда оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру педагогикалық мәселе ретінде философиялық, психологиялық, педагогикалық ғылыми еңбектерге талдау жасалып, өлкетану жұмыстарында қазақ халық педагогикасы құралдары арқылы оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастырудағы орны мен ерекшеліктерінің маңызы айқындалады, мектептің өлкетану жұмыстарында қазақ халық педагогикасы құралдары арқылы оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастырудың теориялық моделі жасалынады.

«Өлкетану жұмыстарында қазақ халық педагогикасы құралдары арқылы оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру бойынша тәжірибелік жұмыс» атты тарау аясында өлкетану жұмыстарында қазақ халық педагогикасы құралдары арқылы оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру жүйесі айқындалады, өлкетану жұмыстарында қазақ халық педагогикасының құралдары арқылы оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру бойынша тәжірибелік жұмыстардың нәтижелері баяндалады.

Қорытындыда өлкетану жұмыстарында қазақ халық педагогикасы құралдары арқылы оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру бойынша нақты тұжырымдар мен ұсыныстар беріледі.

Қосымшада өлкетану жұмыстарында қазақ халық педагогикасы құралдары арқылы экологиялық мәдениетін қалыптастыру бойынша әзірленген әдістемелік материалдар ұсынылады.
Негізгі бөлім
Философиялық, психологиялық, педагогикалық еңбектерді жан-жақты талдау негізінде зерттеу проблемамызды тұлғалық-бағдарлық, жүйелілік, іс-әрекеттік тұрғыдан қарастыруды ұйғардық. Осыған орай оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастырудың педагогикалық мәні анықталды. Оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру мәселесінің теориялық негізін айқындау «мәдениет», «мәдениеттілік», «экология», «экологиялық тәрбие», «экологиялық мәдениет» ұғымдарының бірлігі мен ерекшеліктерін қарастырумен тығыз байланысты.

Жеке тұлғаның мәдениетін қалыптастыру және дамыту үшін оның ғылыми әдебиеттерде кездесетін қайнар көздерін, түпкі нәтижелерін анықтауға назар аудардық. Осыған байланысты психологиялық, педагогикалық тұрғыдан экологиялық мәдениеттің мәні және құрылымы ашып көрсетіледі. Экологиялық мәдениет дүниежүзілік мәдениеттің маңызды кезеңі және құрамды бөлігі деп қарастырылады және экологиялық қауіпсіздікті болжау, айнала қоршаған табиғи ортаны қорғау мен жақсартуды қамтамасыз ету қажеттілігін түсінумен тығыз байланысты. Экологиялық мәдениет адамның тіршілік әрекетінің рухани-адамгершілік саласы ретінде оның табиғатпен өзара әрекетінің ерекшелігін сипаттайды және экологиялық сана, экологиялық қарым-қатынастар, экологиялық іс-әрекеттер элементтерінің өзара байланыс жүйесін қамтиды. Экологиялық мәдениет ұғымы педагогика саласында экологиялық білім беру мен тәрбиелеу мәселесіне айналады. Бұл педагогикалық мәселеге тұлғалық тұғырына сәйкес адамды табиғаттың ажырамас бөлігі, жер бетіндегі материалдық және рухани мәдениеттің, тарихи процестің дамуының субъектісі ретінде қарастыруды талап етеді. Сонымен қатар тұлғаның экологиялық мәдениетінің қалыптасуы оның жергілікті, аймақтық, ұлттық, ғаламшарлық экологиялық байланыстар жүйесіндегі әрекетіне тәуелді болғандықтан, халық педагогикасының құралдарын пайдаланудың қажеттігін туғызады. Халық педагогикасының құралдары туған жерін, туған тілін, туған мәдениетін, туған тарихын біліп және құрметтейтін, өзара қатынас жасай білетін, өзін-өзі жетілдіру арқылы өмірлік мақсаттарына жете алатын, ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтарды қастерлейтін, жеке қызығушылықтары мен қажеттіліктерін қоғам талаптарымен үйлестіре білетін тұлғаны қалыптастыруға бағытталғандықтан, өлкетану мәселесін көтереді. Олай болса, қазақ халық педагогикасы құралдары арқылы оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастырудағы өлкетану жұмыстарын ғылыми тұрғыдан қарастырып, ұйымдастыру жолдарын зерттеуге баса назар аударуды талап етеді.

Жоғарыда айтылғандар қазақ халық педагогикасы құралдары арқылы оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыруда өлкетану жұмыстарының төмендегі ерекшеліктерін анықтауға негіз болды:

біріншіден, халық педагогикасы құралдары арқылы оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыруда өлкетану жұмыстары жетекші фактор болып табылады;

екіншіден, өлкетану жұмыстары экологиялық мәдениетті қалыптастыруда жаратылыстану пәндерімен, әсіресе экология және географиямен тығыз байланыстылығымен ерекшеленеді;

үшіншіден, өлкетану жұмыстарының ерекшелігі топонимика, ономастика сияқты ғылымдардың, білімдердің өзгешеліктерімен анықталады;

төртіншіден, аталмыш жұмыстардың келесі ерекшелігі тарихи мәліметтермен тығыз байланыста болғандықтан, тарих ғылымдары және тарих оқу пәнінің негізгі ұстанымдары, әдістері, құралдарымен сипатталады;

бесіншіден, өлкетанудың тағы бір ерекшелігі сыныптан тыс уақытта танымжорық, оқу-танымдық соқпақ, саяхат, экспедициялар сияқты жұмыс түрлерін ұйымдастырылуымен байланысады;

алтыншыдан, өлкетану жұмыстары экологиялық ақпараттарды жинау барысында мектеп оқушылары өзінің тұрғылықты жерінің жағдайы, жергілікті тұрғындардың тұрмыс-тіршілігі, олардың табиғатпен бұрынғы және қазіргі қарым-қатынастары бойынша әр түрлі дерек көздерін, мұрағат қорларын, мұражай материалдарын қолданумен ерекшеленеді;

жетіншіден, өлкетану жұмыстары оқушыларды алған теориялық білімдерін практикада қолдануға нақты мүмкіндік беріп, туған жеріне, отанына деген сүйіспеншілігін арттыруға, ұлттық құндылықтарға баулуға бағытталған өзіндік ерекшелігі бар оқу-тәрбие процесіне айналады.

Адамзаттық мәселе болып табылатын экологиялық мәселелер жаҺанданушылық, аймақтық, ұлттық, мемлекеттік, локалды және жеке деңгейлерде қарастырылады. Өлкетану жұмыстарының түрі, әдістері мен құралдары пайдалану эмпирикалық жүйеде жасалады. Тұлғаның жерді ортақ мекен, Қазақстанды ортақ Отан есебінде жақсы көру сезімі секілді қасиеттерін айқындайды.

Бұл ерекшеліктер экологиялық мәдениет кірістірілген тұлғалық білім ретінде мынадай міндетті компоненттерді қамтиды деген тұжырымға келуге негіз болды:

танымдық компоненті жаратылыс пәндері бойынша теориялық білімдері берік, әрі терең қабылдаудағы, қосымша білімдер арқылы өлкетану білімінің жүйелі түрде қалыптасуындағы, халықтың рационалды және иррационалды білімдері бойынша түсініктерін меңгерудегі тұлғаның мүмкіндіктерін жүзеге асырады;

эмоционалды компоненті экологиялық білімдерге қызығушылығы және қажетсінуімен, өлкетану жұмыстарының маңыздылығын мойындауымен, туған жерінің табиғатына, сұлулығына тамсанып сезінуі және оны аялай алуымен анықталады;

мінез‑құлықтық компоненті қоршаған ортаны қорғау мен табиғатты пайдалану саласындағы құнды әлеуметтік, халықтық тәжірибені пайдалану бойынша нақты әрекеттермен сипатталады, сонымен қатар өлкетану ізденіс жұмыстарына дағдылануымен, олардың белсенділігін ынталандырылуымен, қауіпсіз қоршаған ортаны қорғау және қайта жасауымен, табиғаттың байлықтарын тиімді пайдалануымен қамтамасыз етеді.

Көрсетілген үш компонентті алғанымыздың себебі тұлға бойында белгілі бір мәдениетке баулуының нәтижесі ретінде қарастырылатын сәйкестіліктің қалыптасқаның білдіреді. Олай болса, кез келген сәйкестілік (мәдени, әлеуметтік, гендерлік, кәсіби, этностық, этностық-мәдени т.б.) өз құрамына аталған үш компонентті енгізеді.

Өлкетану жұмыстарында қазақ халық педагогикасының құралдары арқылы оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру процесін мүмкіндігінше толық қарастыру үшін оның негізгі нәтижесін анықтау қажет. Сондықтан өлкетану жұмыстарында қазақ халық педагогикасының құралдары арқылы оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастырудың моделін жасамастан бұрын, оның нәтижесі болып табылатын экологиялық мәдениеті қалыптасқан тұлғаның бейнесін болжамдадық (1- сурет).



Осыған орай, оқушылардың жас және дербес ерекшеліктеріне сүйеніп, интеллектуалдық, сезімдік, эстетикалық, адамгершілік және еңбек дамуын қозғайтын сапалық өзгерістер, сонымен бірге сыртқы ортамен өзара әрекетінің көріну деңгейі басшылыққа алынып оқушылардың экологиялық мәдениетінің қалыптасуының өлшемдері мен көрсеткіштері айқындалды (1- кесте).

Кесте 1 – Оқушылардың экологиялық мәдениетінің өлшемдері мен көрсеткіштері




Компонентер

Өлшемдер

Көрсеткіштер

танымдық

экологиялық білімдер

  • жаратылыстану пәндері бойынша білімдерді игеру;

  • өлкетану бойынша білімдерді меңгеру;

  • халықтың рационалды және иррационалды білімдері туралы түсініктердің қалыптасуы




эмоционалды

экологиялық сана, сезім

  • экологиялық білімдерге қызығушылық;

  • экологиялық білімнің маңыздылығын сезіну;

  • туған жерінің табиғатына қатынас




мінез‑

құлықтық


экологиялық тәжірибе

  • өлкетану жұмыстарындағы белсенділік;

  • қоршаған ортаны қорғау жұмыстарындағы белсенділік




Аталмыш өлшемдер негізінде оқушылардың экологиялық мәдениетінің қалыптасуының үш деңгейі белгіленді.

Жоғары деңгей: жаратылыс пәндері бойынша теориялық білімдерді жетік, білімдері оқу бағдарламаларына сай, өлкетану бойынша білімі жүйелі, халықтың рационалды және иррационалды білімдердің мәнін, мағынасын түсінеді; теориялық деңгейдегі экологиялық білімдерге және оларды игерудегі шығармашылық іс-әрекетке деген қызығушылық көрінеді және қажетсінеді, туған жерінің сұлулығына тамсануы, табиғаттан эстетикалық ләззат алу, сезіну, аялай білу қасиеті бар; қоршаған ортаны қорғау саласында ізденіс жұмыстарына дағдыланған, халықтық тәжірибені өлкетану жұмыстарында іске асыра алады.

Орташа деңгей: жаратылыс пәндері бойынша білімдері оқу бағдарламаларына толық сәйкеспеген, өлкетану білімдері үстірт, халықтың рационалды, иррационалды білімдерді жартылай түсінеді; өлкетану жұмыстарындағы кейбір экологиялық салаларды ғана қарастырады, жергілікті туған жер табиғатының сұлулығына деген қызығушылығы орташа; қоршаған ортаны қорғау саласындағы ізденіс жұмыстарын орындау бойынша дағдыларды толық игермеген.

Төменгі деңгей: жаратылыстану пәндері бойынша білімдері қанағаттанарлықсыз, өлкетану туралы түсінік қалыптаспаған, халықтың рационалды, иррационалды білімдерінің мәнін аша алмайды, мағынасын түсінбейді; туған жерінің табиғатына тамсанбайды, сезінбейді, аяламайды; қоршаған ортаны қорғау саласында белсенділік танытпайды немесе ішінара қатысады, практикалық экологиялық іс‑әрекетке өзінің қатысуын міндетті деп санамайды.

Анықталған өлшемдер, көрсеткіштер мен деңгейлерге сәйкес ғылыми-теориялық еңбектерді, мұғалімдердің озат тәжірибесін талдау нәтижелерін, сонымен қатар тұтас педагогикалық процестің жүйесін және экологиялық мәдениеті қалыптасқан тұлғаның біз құрастырған моделін негізге ала отырып, өлкетану жұмыстарында қазақ халық педагогикасы құралдары арқылы оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастырудың моделін жасадық (2-сурет).

Моделдеуде оқушылардың экологиялық мәдениетінің құрылымын сипаттайтын жалпы педагогикалық-психологиялық білімдер қоры басшылыққа алынды.

Моделдер құрастырылған соң зерттеу логикасына сәйкес қазақ халық педагогикасының құралдары арқылы оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастырудың әдістемесін жасаудың қажеттігі туындады. Анықтауыш эксперимент тиімділігі тәжірибелік-эксперимент жұмысы барысында дәлелденді.



Эксперимент Қарағанды қаласындағы № 68 мектеп-интернат бала-бақша кешенінде, С.Саттаров атындағы № 57 мектеп-лицейінде, Қарқаралы қаласындағы Мәди Бапиұлы атындағы № 44 мектебінде, Қарқаралы Мемлекетік Ұлттық Табиғат саябағында жүргізілді. Экспериментке 319 оқушы


қатысты, оның ішінде 151 оқушы бақылау тобын, 168 оқушы эксперименттік топты құрады.

Бұл кезеңде мектептердің оқу-тәрбие процесінде өлкетану материалдарын пайдаланудың деңгейі айқындалды. Оқушылардың өз өлкесі туралы білімдері, түсініктері, оларды қажетті жерде пайдалана білу дағдылары сауалнама, тест және оқушылардың өзіндік жұмыстары арқылы тексерілді.

Диагностика нәтижесінде мынадай қорытындыға келдік:


  1. оқушылардың басым көпшілігі өлкетану материалдарын саралай алмайды; олардың қоршаған ортаға, табиғат құбылыстарына деген қызығушылығы төмен; табиғатқа сүйіспеншілікті, ұқыптылық қарым-қатынасты, табиғатты қорғауға белсенді қатысу қажеттілігін түсінетіндігі байқалды, бірақ экологиялық білімдері мен мінез-құлықтары арасындағы қарама-қайшылық бар екендігі көрінді;

  2. мұғалімдер өлкетану жұмыстары негізінде оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыруға аса көңіл бөлмейді, жаратылыстану сабақтарында қазақ халық педагогикасы құралдарын аз пайдаланады. Анықтау экспериментінің нәтижесі төменгі 2- кестеде көрсетілген.

Кесте 2 – Анықтау экспериментінің көрсеткіші (% есебімен)




Көрсеткіш

Эксперименттік топ

Бақылау тобы

Жоғары

Орташа

Төмен

Жоғары

Орташа

Төмен

Экологиялық білімдер

9,7

44,2

46,1

9,4

44,9

45,7

Экологиялық сана, cезім

19,3

42,3

38,4

18,4

38,3

43,3

Экологиялық тәжірибе

8,4

30,3

61,3

8,2

34,7

57,1

Орта көрсеткіштер

12,5

38,9

48,6

12,0

39,3

48,7

Алынған нәтижелер өлкетану жұмыстарында қазақ халық педагогикасы құралдары арқылы оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыруға бағытталған жүйені жасауды талап етеді, сонымен бірге педагогикалық теория мен практиканы талдау нәтижесі бізге оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру білім беретін мекемелерде арнайы ұйымдастырылатын жағдайларға тікелей байланысты деген тұжырым жасауға мүмкіндік береді. Бұл жүйенің құрылымы 3- кестеде көрсетілген.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет