Әож 371. 352. Жалпы орта мектептің математика сабағында оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін қалыптастыру



Дата18.03.2017
өлшемі128,16 Kb.
#11846
ӘОЖ 371.352.
ЖАЛПЫ ОРТА МЕКТЕПТІҢ МАТЕМАТИКА САБАҒЫНДА ОҚУШЫЛАРДЫҢ ЛОГИКАЛЫҚ ОЙЛАУ ҚАБІЛЕТТЕРІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ
Ниязымбетов А.Д., Бүркіт Ә.Қ.

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институты, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті, Шымкент, Қазақстан.


РЕЗЮМЕ

В этой статье рассматриваются формирование логической мысли учащихся на уроках математики.

SUMMARY

The task of the teacher consists in that in the process of conveying of the knowledge to teach the pupil to active forms of the teaching, leading to independent gaining the knowledge. The task of the pupil - master knowledge system, to solve independently creative tasks.
Қазақстан Республикасындағы білім беруді дамытудың  мемлекеттік бағдарламасында жалпы білім берудің мақсаты – қазіргі қоғам талабына сай алынған терең білім, білік, дағдылар мен құзырлықтардың негізінде еркін бағдарлай білетін, қойылған мақсатқа танымдық қызмет жасау арқылы жете алатын, өз бетінше дұрыс, тиімді шешімдер қабылдауға қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру екендігі көрсетілген. Оны жүзеге асыру – мектептерде оқушылардың танымдық белсенділігін арттыруға септігін тигізетін оқу процесін ұйымдастырудың тәсілдерін, әдістері мен нысандарын іздестіруге өзекті сипат береді [1]. Бұл мақалада жалпы орта мектепте математика пәнінен оқушылардың өз бетімен жұмысын қалыптастыру оқушының пәнге деген қызығушылығынан және қажеттілігінен туады. Мектеп оқушыларының өз бетінше жұмыстарын ұйымдастырудың басты формасы – жұмыстарды орындау, ептілік, іскерлік, шеберлік дағдысын дамыту. Сондай-ақ, мемлекеттік бағдарламада, оқу процесіне педагогикалық пайдалану - оқушылардың танымдық белсенділігін дамытудың басты бағыттардың бірі екендігі атап көрсетілген . Әлемдік психологиялық – педагогикалық әдебиеттерде адамның ойлауын дамытатын мәселелерді А.Н.Монтьев, С.П.Рубинштейн, М.В.Занков т.б. атақты ғалымдар теориялық тұрғыдан қарастырған.

Ойлау дегеніміз – ақиқат дүниені өзара барлық байланыс қатынастарымен сәулелендіретін, миымызда жалпылай және жанама түрде сөз арқылы бейнеленетін процесс [ 2,182].

Балалардың ойлауын дамыту туралы М.Жұмабаевтың сөзімен алсақ: «Ойлау жанның өте бір қиын, терең ісі.Жас балаға ойлау тым ауыр, сондықтан басқыштап іс істеу керек. Оқулықтағы берілген тапсырмалар, суреттер баланың жанына дұрыс әсер ететіндей, оқушының оқуға, білімге деген ынта – ықыласы, құштарлығы болуы керек».

Оқу материалын балалардың ойлау қабілеті жетерліктей  жас ерекшеліктерін ескере ұйымдастырса ғана, оның ойлау қабілетінің дамуына мүмкіндік туады.Сондықтан да мұғалім балаларды үнемі ойланып оқуға бағыттауы тиіс, бұған оқу үрдісін жүйелі ұйымдастыру, сабақта бала логикасын дұрыс дамыта алатын мүмкіндіктерді мол пайдалану арқылы жетуге болады.

Дұрыс ойлаудың формалары мен заңдары туралы ғылым логика деп, ал ой қорытындыларының обьектив пікірлерге негізделетін процесі логикалық ойлау деп аталады.

Логикалық ойлаудың ерекшелігі – қорытындылардың қисындылығында, олардың шындыққа сай келуінде. Логикаға түскен құбылыс түсіндіріледі, себептері мен салдарлары қатесіз анықталады. Ұғымдар арасындағы байланыстар мен қатынастар логикалық ойлау жолымен ашылады. Бұл байланыстар мен қатынастардың дұрыстығын теріске шығаруға болмайтыны пікірлерде көрсетіледі.

Психолог – ғалымдар: Н.Н. Поспелов, Ю.А.Петров, А.Н.Леонтьев, «логикалық ойлау» ұғымына нақты анықтама берген. Олардың пікірінше «логикалық ойлау»  дегеніміз логика заңдылықтарын пайдалана отырып ой-пікірлерді, тұжырымдарды қолдануға негізделген ойлаудың бір түрі.

Оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін дамыту жөнінде А.В.Запорожец, Л.Н.Венгер, И.С. Якиманская еңбектері жарық көрді.

Жоғарыдағы авторлардың  пікірлерінше «Логикалық ойлауды дамыту» дегеніміз:


  • барлық логикалық ойлау операцияларын (талдау, жинақтау, салыстыру, жалпылау, саралау) арнайы жүйелі түрде қалыптастыру;

  • ойлау белсенділігін, өзбеттілігін дамыту.

«Логикалық ойлау – логикалық сөйлеудің негізі, ал мұны –

логикалық сөйлеуді ұстаз дамытуға тиіс», деп көрсетті К.Д.Ушинский.

Оқу процесінде математика сабақтарында педагогикалық және ауызша есептеу логикалық есептерді шығару тәсілдерін пайдалану арқылы  оқушылардың  логикалық ойлау қабілеттері мен танымдық белсенділіктерін арттыру .

Оқушылардың  өз бетімен жұмысын қалыптастыру оқушының пәнге деген қызығушылығынан және қажеттілігінен туады. Өз білімін көтеру жекелеген оқушылардың өз бетімен жұмыс істеу дағдысын дамытып, шығармашылық белсенділігін арттырады. Оқушылар оқыту барысында  білім  алады, ал содан соң оны қолдану ары қарай шығармашылыққа үйлеседі. Математиканы оқытуда сабақтың нәтижелілігі мен оқушылардың  ойлау белсенділігін  арттыруда түрлі әдіс  тәсілдерді іздестіруге көп көңіл бөлінеді.

Қызықты жаттығу жұмыстарын жүйелі түрде жүргізіп отыру – сол тиімді әдістердің бірі. Қызықты жаттығулар балалардың ойлау белсенділігін арттырып, оларды есептеуге деген үлкен қызығушылық тудырады, осындай жұмыстар кезінде оқушылардың есте сақтау қабілеті арта түседі, математикалық тілі жетіледі. Мұғалім  қызықты  жаттығулар  арқылы аз уақыт аралығында көлемі жағынан көп жұмыс тындырып, оқушылардың   жаңа материалды меңгеруге дайындығын және қандай мәселелерге көбірек көңіл бөлу керектігін  анықтай алады.

Сабақтың басында өткізілетін жаттығулар оқушыларды бірден жұмысқа кірістіретіндей қызықты болуы тиіс. Сабақтың ортасында немесе соңында, балалар жазбаша немесе практикалық жұмыстан шаршаған кезде, қызықты есептеулер оларды сергітеді, жұмыс қабілетін арттырады.

Қызықты жаттығуларды орынды әрі шеберлікпен пайдалана білу сабақтың нәтижелілігі мен сапасын арттырудың да негізгі тәсілдерінің бірі екендігін тәжірибе көрсетіп отыр. Ең алдымен оқушылардың зеректілігін, ойлау қабілетін дамытатындай есептер шығара білуге үйрету керек. Орта буында әзіл есептер мен сұрақтар ауызша есептеулерде зеректілікке, тапқырлыққа баулиды. Оқушыны ұшқыр  ойлауға, тез шешім қабылдауға дайындайды. Әзіл есептер шығару арқылы қарапайымнан күрделіге қарай көңіл аудару керек. Бірте – бірте ақыл ойды жетілдіруге көмектесетін есептерді шешуге әкеледі. Осы арқылы баланың өзіндік көзқарасы қалыптасып, өзіне деген сенімі артады.

Мысалы:


«Бір адамнан оның неше баласы бар екенін сұрайды. Жауабы ойланарлықтай болады: «Менің 6 ұлым бар, ал әрбір ұлымда туған қарындасы бар». Осы жанұяда неше бала бар?».  Жауабы: жеті бала (6 ұл, бір қыз)

Қарапайым логикалық, яғни әртүрлі мазмұндағы стандартты емес есептерді ауызша шығара білудің білімділік және тәрбиелік мақсаты зор. Бұндай есептер оқушылардың математика пәніне қызығушылығына және ойлау қабілетінің дамуына әсерін тигізері сөзсіз.

Мысалы:

1. Бірдей жеті бөлке нанды 12 адамға қалайша тең бөліп беру керек? ( Бір бөлке нанды 12-ге бөлуге болмайды). Жауабы: үш нанды төрт тең бөлікке бөліп, қалған төртеуін үш тең бөлікке бөліп кесу керек. Сонда әрбір адамға    наннан келетіндей 12 тең үлеске бөлінеді.



2.    1• 2 • 3 • ... • 18 • 19 - 1• 3 • ... • 17 • 19  айырмасы қандай цифрмен аяқталады?

Жауабы азайғыш нөлмен, азайтқыш 5-пен аяқталады, онда айырма 5-пен аяқталады.

Зеректілікке берілетін арифметикалық есептерді шешудің өзіндік жолы бар екендігін түсіндіру керек. Бұл қиынға түссе де, ойлау қабілетін дамытуға көп әсерін тигізеді.

Мысалы:


1. Үш сөреде кітап тұр. Төменгі сөредегі кітап қалған екі сөреге қарағанда екі есе аз, ал ортаңғыда қалған екеуіне қарағанда үш есе аз, ал үстіңгі сөреде 30 кітап тұр. Үш сөредегі кітап қанша?

Шешуі: Төменгі сөредегі кітаптарды бір бірлік десек, онда ортаңғы және жоғарғы екі сөреде екі бірлік , ал үш сөредегі барлық кітаптар үш бірлік. Бұдан төменгі сөреде барлық кітаптың   бөлігі, ортаңғы сөреде барлық кітаптың   бөлігі. Төменгі және ортаңғы екі сөреде барлық кітаптың  бөлігі, бұдан жоғарғы сөредегі 30 кітап барлық кітаптың   бөлігі; барлық үш сөредегі кітап   (кітап).

2. Ағайынды үш адам бірге тұрмақшы болып үй сатып алды.Үй сатушы үйін тек жылқыға бермекші болды. Сондықтан үйдің құны үшін ең үлкені үш тай , ортаншысы екі тай берді. Жылқысы болмағандықтан кенжелері өз үлесі үшін ағаларына 10 қой берді. Сонда ағалары неше қойдан бөліп алулары керек?

Шешуі: Үйдің құнының бір үлесі 10 қой болса, құны 10*3= 30 қой. Немесе 3+2=5 тай. Сонда 1 тайдың құны 30 : 5= 6 қой. Үлкені 3*6 = 18 қойдың құнын төлеген. Ендеше

18 - 10 = 8 қой алуы керек. Ортаншысы 2*6 = 12 қойдың құнын төлеген, ендеше

12 – 10=2 қой алуы керек.

Жауабы: 8; 2.

Оқушылардың білім деңгейін арттырудағы мұғалімнің іс-әрекеті дегеніміз – оқушының білімін жетілдірудегі, түрлі қажеттерді өтеуге байланысты белгілі мақсатқа жетуге бағытталған процессті айтамыз. Яғни мұғалімнің сабақ үстінде оқушыға білім беру мақсатымен жүргізілетін жұмыс түрлері. Оқушылардың білім деңгейін арттырудың жолдары:

Ауызша есептеуге үйрету тәсілдері

Есеп шығаруға үйрету алғашқы сабақтардың өзінде-ақ басталып, сынып ілгерілген сайын бірте-бірте сәйкес шеберлік те қалыптаса бастайды.

Ауызша есептеуге үйрету уақыт үнемдеу тұрғысынан тиімді. Бір ғана мысалдың нәтижесін бірнеше тәсілмен есептегенде берілетін түсіндірмелер, аралық нәтижелердің қалай шығатыны, ақтық нәтижеде не болатыны ауызша айтылады да, оларды жазуға уақыт жұмсалмайды. Оған қоса қай тәсілді қолдану оқушының өз еркінде болғанымен, олардың барынша тиімдісін іріктеп алуды үйретуге де мүмкіндік мол.

Ауызша есептеуге үйретуде оқушылардың білімі мен дағдысын тексеру кезінде  математикалық  диктант ретінде қолдануды ескеру қажет. Диктанттан кейін тексеруді ауызша жүргізген қолайлы.

Математика сабағында ауызша есептеу дағдыларын қалыптастыру жұмыстарын жүргізудің маңызы зор. Сабақта оқушылардың ойлау қабілетін дамыту үшін есеп шығарғанда орындайтын амалдарды ойша шешіп алуды дағдыландырған жөн.

Сабақтарда балалардың математикаға деген ынтасын арттыруға,олардың өз бетінше жұмыс істей білу дағдысын тәрбиелеуге ерекше назар аударылады. Пәнге деген ынтасы мен өз бетінше ойлай білу өзара тығыз байланысты. Сабақ балалар үшін қызықты өткенде, олардың оқу жұмысында да белсенділігі артып, өз бетінше жұмыс жасап, белсенділігін арттырғандығынан олардың пәнге деген ынтасы өседі. Оқушыларды өз бетімен ойлауға тәрбиелеп, математикаға деген ынтасын арттыру үшін оқыту әдістерін дұрыс таңдап алудың маңызы зор. Оқудың белсенді әдістерінің бірі – оқушыларға өз бетімен жұмыс істете білу. Барлық сабақтың елеулі бөлігінде өз бетімен жұмыс істегенде оқушы жұмыстың мақсатын айқын түсіне білуі, оны орындауы, тексеруі және қателіктерді түзетуі сияқты өз бетімен істелетін жұмыстың жалпы әдістерін бірте-бірте игеріп алуы тиіс.

Оқушылардың сабақта өздігінен орындайтын жұмыстарын тиімді ұйымдастыру үшін математика кабинеттерінде дидактикалық материалды, үлестірмелі материалдар, баспа негіздегі дәптерлер, тағы басқа оқу құралдары жинастырылуы қажет. Дегенмен оқушыларға оқулықпен жұмыс істеуді үйретудің орны ерекше. Барлық ғылыми-техникалық білімнің көзі – кітапқа, оның ішінде оқулыққа оқушылардың сүйіспеншілігі мен құрметін арттыру, олармен өздігінен жұмыс істеуді үйрету мұғалімнің басты міндетінің бірі.

Өзіндік жұмыс үшін оқулықтан берілген жаттығулармен қатар көбінесе тақтаға жазылған, сондай-ақ қалталы полотноға белгіленген тапсырмалар ұсынылады. Өзіндік жұмыс үшін кейде тапсырма әрбір оқушыға жеке түрде беріледі. Бұл жағдайда тапсырмаларды әр оқушының шама-шарқын ескере отырып, сораптауға болады. Сонда жұмыстың өз бетімен орындалу дәрежесінің жоғары болуы қамтамасыз етіледі. Өзіндік жұмысты сыныпта жүргізу оқушыларға дағдыларын игертеді және олардың сабаққа деген ынтасын арттырады. Өзіндік жұмыстарды жүргізгенде тапсырмаларды карточкалар бойынша ұсынған тиімді. Мұнда оқушылардың жеке дара ерекшеліктері және үлгерім деңгейлерін барынша ескеру мүмкін болады. Оқушыларды жалықтырып жібермес үшін, өзіндік жұмыс түрлерінің өзгермелі болғаны жөн.

Балалардың сабақта өз бетімен орындаған жұмысы сыныпта қандай формада болса да ескерілуі тиіс. Мұғалім тапсырманың орындалуын қарап шығуға уақыт бөлуі және өз бағасын айтып, жақсы жұмыстарды атап көрсетіп, қатесін табуға көмектесуі тиіс.

Мектеп оқушыларының өз бетінше жұмыстарын ұйымдастырудың басты формасы – жұмыстарды орындау, ептілік, іскерлік, шеберлік дағдысын дамыту. Бұл үшін төмендегідей тиісті талаптарды орындауға тура келеді:



  • Өз бетінше істелетін кез-келген жұмыстың нақты мақсаты болу керек. Әрбір оқушы жұмыстың орындалу тәртібін жетік білу керек.

  • Өз бетінше жұмыс оқушылардың бойындағы танымдық қабілетін, творчестволық ойлау жүйесін қалыптастыруға мүмкіндік береді.

  • Жұмыстың мазмұны оқушының қызығуын, талпынысын оята білуі тиіс. Яғни оның тілегі жұмыстың соңына дейін бәсендемейтіндей болуы керек.

  • Өз бетінше жұмысты оқушылар еңбек дағдылары мен әдістерін жетік игеріп түсетіндей етіп ұйымдастыру қажет.

Демек, оқушылардың өз бетімен орындайтын жұмыстары: карточкалар, өздік жұмыстар, есептер шығарту, кестелер толтыру арқылы жүзеге асады. Тоқсандық бақылау, өздік 5-10 минуттық бақылау жұмыстары жүргізіледі.

Өз бетімен орындайтын жұмыстары біріншіден, олардың ақыл-ойын таным белсенділігін, екіншіден сабаққа ынталарын, қызығушылығын, үшіншіден ешкімнің көмегінсіз дербес жұмыс істеу қабілеттерін дамытады.

Сабақта өтілген метериалға сәйкес дұрыс жүргізілген дидактикалық ойындар оқушылардың сабаққа қызығушылығын, белсенділігін арттырып, тақырыпты дұрыс меңгеруіне ықпал тигізеді.

Оқушылардың ойлау қабілетін дамыту, қызығушылығын арттыру мақсатында, өз бетімен және топ болып жұмыс атқаруға баулу жағдайында сайыс сабақтарын өткізу өте қолайлы. Мықтылар өздерінің қабілеті мен икемділігін одан әрі бекіте түседі, бір – бірімен сайысып алға ұмтылды. Әлсіздер өзін - өзі сынап қарауға үйренеді, өзіне деген сенімсіздіктен арылады. Күшті топтарда оқуға деген ынтасы арта түседі. Білім дәрежесі деңгейлес оқу топтарында оқу жеңілдейді. Оқушылардың логикалық ойлауын  дамыту үшін:



  • есепті, жаттығуларды талдай білу іскерліктерін қалыптастыру;

  • сызба графиктік модель бойынша есеп объектілерінің арасындағы байланыстарды түсіндіру;

  • Есептегі нақты заттарды оның моделімен ауыстыру;

  • Пәнге деген қызығушылығын, сүйіспеншілігін арттыру;

  • Сыныпқа дұрыс психологиялық жағдай орнатуға мүмкіндік туғызу.

Оқу процесіндегі  осындай іс-әрекеттердің  арқасында  қоғам талап етіп отырған шығармашылық қабілеті жоғары, өз ойын жүйелі де ашық айта алатын, қоғамға еркін сіңетін, өндіріске белсене араласатын азамат қалыптасады.

Оқушылардың оқу белсенділігін арттыруда олардың өздеріне міндеттер жүктеу тиімді. Үй тапсырмасының теориялық сұрақтарын оқушылар бір – біріне айтып, бірін – бірі бағалайды. Сол кезде білімі орташа немесе нашар оқитын оқушының білімін тексеруге тырысамын. Бағалауды оқушының жұмыс жасау белсенділігін ескере отырып бағалау парағына «+», «-» деп белгілеймін, сабақтың соңында «+», «-» - ты есептеп, қорытынды шығарамын. Егер оқушы қиналса, оған жеңілдетілген тапсырма  беріледі. Кейін оқушы деңгейлік тапсырмалардың келесісін орындауға кіріседі. Жаңа тақырыпты оқушылар шығармашылық ізденіс үстінде меңгереді. Сондықтан мұндай сабақтарда оқушының ынтасын, белсенділігін арттыру үшін оларға проблемалық сұрақтар қойылады.

Қорыта айтқанда, оқушыларды шығармашылыққа, өз бетімен іс-әрекет етуге бағытталған тапсырмалар саны көбейгенде ғана, өз пікірін айта алатын, оны дәлелдей білетін, өмірге деген өзіндік көзқарасы қалыптасқан, үнемі ізденіс үстінде болатын, қоғам дамуына үлес қоса алатын, жан-жақты жетілген жас ұрпақ өкілдерін дайындай аламыз.

Әдебиеттер

1.Логикалық ойлау қабілетін дамыту //Қазақстан мектебі. Республикалық ғылыми-педагогикалық журнал. – Алматы, 2008, №11.

2.Математика.5,6 сынып. Алдамұратова Т.А., Байшоланов Т.С.,2010, 2011 ж.

3. Қ.Жарықбаев. психология. Алматы, 2012. –б 78-79.

4.Ильина Т.А. Педагогика. – Алматы, 1977 – 454 бет.

5. Карпова Т.Н. Наглядное обучение математике как эффективный процесс формирования математических знаний школьников. Дисс... Ярославль, 1993 г., стр.78-79.

6. Беркут А.Х. Методика решения уравнении. Прага, 2007., -с. 3-4.

7.Пиаже Ж. Структуры математические и операторные структуры мышления. Сб. "Преподавание математики", пер. с франц., И., Учпедгиз, 1960.

Автор туралы мәлімет
1.Тегі, аты- жөні: Ниязымбетов Асхат Дүйсенбекұлы

2.Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы: физика-математика ғылымдарының кандидаты, доцент,

3.Мекемесі лауазымы: ОҚМПИ доценті

4.Мекен жайы: 160000. ҚР, ОҚО, Шымкент қаласы, Ғ.Іляев көшесі, 21 үй, 17 пәтер.

5.Телефоны: e-mail: aldeshov_s@mail.ru

6.Секцияның атауы: Педагогикалық ғылымдары

7. Баяндаманың тақырыбы: ЖАЛПЫ ОРТА МЕКТЕПТІҢ МАТЕМАТИКА САБАҒЫНДА ОҚУШЫЛАРДЫҢ ЛОГИКАЛЫҚ ОЙЛАУ ҚАБІЛЕТТЕРІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ

Автор туралы мәлімет


1.Тегі, аты- жөні: Бүркіт Әуесхан Қантөреұлы

2.Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы: педагогика және психология ғылымдарының магистранты, РЖЕ кеңесшісі.

3.Мекемесі лауазымы: ОҚМУ

4.Мекен жайы: 160000. ҚР, ОҚО, Шымкент қаласы, Ғ.Іляев көшесі, 21 үй, 17 пәтер.



5.Телефоны: 8-7773322056 e-mail: aldeshov_s@mail.ru
6.Секцияның атауы: Педагогикалық ғылымдары

7. Баяндаманың тақырыбы: ЖАЛПЫ ОРТА МЕКТЕПТІҢ МАТЕМАТИКА САБАҒЫНДА ОҚУШЫЛАРДЫҢ ЛОГИКАЛЫҚ ОЙЛАУ ҚАБІЛЕТТЕРІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет