ӘӨЖ 519. 7 Интернет желісінде веббраузер бағдарламасы арқылы басқарушы жүйесін жасау технологиясы



Дата31.01.2018
өлшемі267,51 Kb.
#36889
ӘӨЖ 519.7

ИНТЕРНЕТ ЖЕЛІСІНДЕ ВЕББРАУЗЕР БАҒДАРЛАМАСЫ АРҚЫЛЫ БАСҚАРУШЫ ЖҮЙЕСІН ЖАСАУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ
Алипбаев Т.Н., Көпжасар Н.А., Издибаева Э.

«Сырдария» университеті, Жетісай қаласы, Қазақстан


Резюме

В данной работе рассматривается технологии разработки веббраузера.

Summary

In this paper we consider the development of web browser technology
Кіріспе

Жиырмасыншы ғасырдың аяғында пайда болған «Интернет» қазір жер шарының әр түкпірін байланыстырып сан алуан адамдарды, елдер мен құрлықтарды біріктіріп отыр.

Интернет 1960 жылдары АҚШ-та дүниеге келдi. Оны соғыс бола қалған жағдайда бір-бірімен телефон арналары арқылы қосылған компьютер желілерімен байланысып отыру үшін АҚШ-ның орталық барлау басқармасының қызметкерлері ойлап тапқан. Алпысыншы жылдардың аяғында Пентагон ядролық соғыс бола қалғанда компьютер желісінің үзілмеуі үшін арнайы жүйе жасады, тәжiрибенiң ойдағыдай жүргiзiлу барысында ARPA net желiсi пайда болып, ол Калифорниядағы және Юта штаты зерттеу орталықтарындағы үш компьютердi ғана бiрiктiрдi. Кейiн ARPAnet бейбiт мақсатқа қызмет еттi, оны негізінен ғалымдар мен мамандар пайдаланды. Сексенінші жылдардың басында Интернет деген термин пайда болды. Бұл ағылшынның халықаралық желі деген сөзі [1].

1990-шы жылдары Интернетке енушілер саны күрт өсті, ал 2000 жылы оған 5 млн компьютер қосылып, пайдаланушылар саны 200 миллионнан асты.

Интернеттiң мүмкiндiгi шексiз. Талғамыңыз бен көңiл күйiңiзге қарай одан сiздi қызықтыратын көп нәрсе табуға болады. Yйден шықпай газеттiң тың нөмерiн парақтағыңыз келеме, мейiлiңiз, тек WWW немесе Web деп аталатын әлемдiк шырмауықты қолдансаңыз жетедi. Гиперсiлтеме жүйесi арқылы қажеттi басылымыңызды санаулы минуттар iшiнде тауып аласыз. Веб парақтардағы мәліметтерді оқу «Көру жабдықтары» деп аталатын арнайы бағдарламалар арқылы орындалады, веб парақтардағы мәліметтерді оқитын бағдарламаларды құру бүгінгі күнде өзекті мәселе болып отыр.

Тақырыптың өзектілігі. Веб парақтардағы мәліметтерді оқуға арналған «Көру жабдықтары» деп аталатын веббраузер бағдарламалар құру.

Жұмыстың мақсаты. Интернеттегі Web- парақтарын оқып, экранда көрсетуге арналған бағдарламаның қазақша нұсқасын жасау.

Интернет желісіндегі ақпарат осы қызметтің форматында орындалса, онда ол Web парақтар түрінде болады. Web парақтар кез келген түрдегі мәліметтер: мәтіндер, сілтемелер, графика, дыбыс, видео, анимациялар т.с.с тобынан тұратын комплекстік құжаттар болып табылады. Интернеттің өмірге келуі адамзат тарихында коммуникациялық технологияның дамуына негіз бола алады деп толық сеніммен айта аламыз. Өйткені қазір жаста кәрі де өзіне керекті затты сатып алу үшін немесе білім алу үшін, адамдармен араласу үшін, керекті құжат немесе затты іздеу үшін т.с.с көптеген қызметтерді пайдалану үшін интернетке барады [2].

Планетамыздың кез келген нүктесiндегi ауа райын, ақпараттық агенттiктiң соңғы жаңалықтарын бiлгiңiз келсе Интернет жәрдем беруге әзiр. Шалғай елдерге сапар шексеңiз сiзге қажет елмен, қаламен, қонақ үймен таныса аласыз. Интернеттен ғалым да, бизнесмен де, компьютерлiк ойын әуесқойы да, бәрi-бәрi қажет ақпарат таба алады. Интернет күнделiктi тұрмыс пен жұмыстың айнымас құралына айналып келедi.

Интернеттің негізі АҚШ-да жасалғанымен, оның нақты қожайыны жоқ. Әрбір үкімет, компания, университет ақпараттық қызмет ұсына отырып, бұл желінің тек қана өз бөлігіне иелік жасайды.

Алайда, Интернетке жеке дара ешкім де қожалық жасай алмайды. Сондықтан ол шын мәнінде адамзаттың әлемдік қазынасы болып табылады.

Web-сайт бұл дүниенің кішкентай моделі. Бұрынғы кезде Web-сайты бір адам - Web-мастер жасаған болса, қазіргі кезде Web-сайттарды бірнеше адам жасайды. Олар Web-дизайнер, программист, бизнес-кеңесші, маркетинг бойынша басқарушы, менеджер. Web-сайтта материалдар жариялап жарнамалаған соң оған қатысу деңгейі оның беттерінде орналастырылған ақпараттың қажеттілігімен, жаңалығымен және көкейтестілігімен анықталады. Web-сайт имиджін сақтау үшін ол жердегі ақпаратты әрдайым жаңартып тұру керек.

Бұның негізгі белгісі Интернет-жобаларға өсіп жатқан инвестициялар, Web-сайттардың күрделі білімдік, ғылыми, комерциялық мүмкіндіктері. Интернет технологиялары өте қарқынмен дамып жатқан сала.

Жалпы веб-браузерлердің қазір неше түрі бар. Олардың әрине өзіне тән ерекшеліктері, артықшылықтары да бар. Қазіргі заманда тіпті ұялы телефондарға арналған браузерлер де кең етек жайып келеді. Бірақ интернеттің осынау баяю жылдамдығына байланысты олардың мардымды сипат ала алмай отырған жайы бар. Себебі интернет желісіне қосылған әрбір адам браузерге емес, интернеттің жылдамдығына аса көп назар аударады. Оған қоса интернеттен вирус кіреді деп аз ғана килобайттарды тексеріске алып, интернет пайдаланушының шыдамын тауысады. Оған қоса браузерлердің өзінің қауіпсіздік шараларын қоспағандағы жағдайын шамалай беріңіз.

Біздің жасаған веб-браузер осы олқылықтарды жояды, яғни интернетпен өте жоғарғы жылдамдықиа болмаса да, бар жылдамдығын пайдаланады. Себебі интернеттен келетін сценарийлерді тексермейді, компоненттерді автоматты түрде орнатады.

Онымен жұмыс жасау өте қарапайым. Адрес өрісіне сайттың атын енгізіп не болмаса Көшу батырмасын басамыз. Егер мерзімінен бұрын тоқтатқыңыз келсе, онда құралдар бөлімінде батырмасын шертеміз. Ал егерде бетті жаңартқыңыз келсе, онда батырмасын шертеміз. Онымен қоса артқа және алға батырмалары бар. Яғни алдыңғы бетке көшу немесе алдыдағы бетке көшу.



Одан басқа өзіңіздің компьютеріңіздегі кез-келген HTML форматындағы құжаттарды аша аласыз. Ол үшін Файл  Ашу немесе пернелер комбинациясын орындайсыз. Сол уақытта ашу терезесі пайда болады. Сол терезе арқылы өзіңіздің қалаған файлыңызды аша аласыз. Одан басқа мүмкіндіктерінің бірі – ашылған сайттардың тізімін қарай аласыз, ол үшін адрес өрісіндегі батырмасын шертсеңіз, ашылған сайттардың немесе HTML форматындағы құжаттардың толықтай тізімі ашылады [3]. Сол тізімнен ашылған сайттардың немесе HTML форматындағы құжаттардың мазмұнын қарағыңыз келсе, оны таңдап маустың сол батырмасын шерту керек (Сурет 1).

Сурет 1. Қосымшаның жалпы көрінісі.
Қорытынды

Қорыта айтқанда интернет желісіндегі мәліметтерді миллиондаған мекемелер даярлайды. Әлемдік желідегі ақпараттарды тез тауып алуда іздеу серверлерінің көмегі зор. Оларда мыңдаған іріктелген құжаттардың, сайттардың адрестері сақталады. Көптеген іздеу серверлерінің ішінде кең тараған іздеу каталогтары (directories) мен машиналары (search engines) бар қатар классификаторлар арқылы іздестіру мүмкіндігі қарастырылған.



Жұмыста интернет желісіне арналған қосымша құрылды. Берілген талаптарды орындап интернет пайдаланушыларға арналған қолдануға қарапайым әрі жеңіл және бірша жылдам жұмыс жасайтын бағдарлама құрылды. Қолданушы өзіне қажетті мәліметтерді тоқтату/жаңарту жұмыстарын жүргізе алады.

Әдебиеттер

  1. Глушаков С.В., Ломотько Д.В., Мельников И.В. Работа в сети Internet. – Харьков: Фолио, М.: ООО «Издательство «АСТ», 2000г.

  2. Конопка Р. Создание оригинальных компонент в среде Delphi: Пер. с англ. - К.: НИПФ - “ДиаСофт Лтд.”, 1996. - 512с.

  3. Хендерсон К. Руководство разработчика баз данных в Delphi 2. - К.: Диалектика, 1996. - 544с


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет