ӘОж 93 ш 62 Шашаев Ә.Қ



бет3/3
Дата31.01.2018
өлшемі401,05 Kb.
#37108
1   2   3
(2) Амазонкалар жорығына скифтер(сақтар) қатысқандықтан, айтарлықтай күш жиналды. Амазонкалардың бастаушысы олармен бірге Киммерия Боспорынан өтіп, Фракия арқылы алға жылжыды; Еуропаның елеулі бөлігін басып өтіп, ақырында Аттикаға келді (Еропа, ерапа мүмкін Еуропаға ат берген шығар? - Ә.Ш). (4)... Тірі қалған амазонкалар отандарына қайтқысы келмей, скифтермен бірге Скифияға келіп, солармен бірге тұрып қалды...» [11].

Амазонкалардың эллиндермен болған шайқасы Плутархтың шығармасында біршама кең баяндалған [12].

Ежелгі грек грамматигі және ақыны Ликафрон (б.з.б. 320 жылы дүниеге келген) Трояның қирауына қатысты жазылған «Александра» поэмасында амазонкалардың келуі туралы айтады: «1333-1338. ...(Амазонкалар) Эристі, Лагмосты, Теламосты (ақынның сөзіне қарағанда скиф өзендері), ағынды Фермадонтты және Актей тауын артқа тастап, кек алу үшін және ойрандап тонау үшін гректер мен Эрехфейдің үрім-бұтағын балағаттай ұран салып, Қара Истр арқылы скифтердің аттарын арындатып қоя берді...» [13].

Келесі бір грек грамматигі және ақыны Аполлоний Родосский (шамамен б.з.б. 295-215 жж) «Аргонавтар жорығы» (4 кітаптан тұратын) поэмасында мынадай дерек айтады: «373-387. Сонда (Фермадонт өзенінің сағасында) Дойанта жазығы жатыр, оған таяу жерде амазонкалардың үш қаласы бар. ...Жарқабақты аралға кездесесіз, бұл елсіз аралды жайлап алған сансыз көп құстар қаумалап зығыр етсе де, оларды маңайыңыздан қуып кетіре алмайсыз. Осы жерге амазонкалардың патшайымы Отрера мен Антиопа жорыққа аттанған кезде Ареске (Ұрыс) арнап тас ғибадатхана салған...» [14].



Сонымен, амазонкалардың мекені Гиркант (Каспий) теңізінің солтүстік шығысындағы шөлді аймақтардан бастау алып, Еділге қарай көтеріліп, одан солтүстік шығысқа Танаис (Дон) арқылы Меотия көлі (Азов теңізінен) Истрға (Дунай) қарай өтіп гректер жеріне ішкерілеп еніп жатқан (Қара теңізді жағалай). Бұл жерлерді сақтардың (скифтер) ежелден қоныстанғанын ескеретін болсақ, амазонкалардың түпкі тамыры осы гректер «скиф-сарматтар» деп атағандармен астасып жатыр. Олай болса аналық дәуірде тарих сахнасына көтерілген амазонкалардың басқа да сақ (скиф) тайпаларымен қатар жеке қауым ретінде өмір сүріп, әскери жорықтарды кәсіп еткен, шаруашылық жүргізген, қалалар салып, оларға иелік еткен. Әрине бұның бәрі әлі де болса терең зерттеуді қажет етеді.

Қытай тарихшысы, профессор Су Бихай да өзінің зерттеуінде төмендегідей мәлеметтерді атап көрсеткен: «Дейтұрғанмен, сақ әйелдердің қоғамдық орны едеәуір жоғары болатын. Олар ерлермен бірге әлеуметтік істерге араласудан басқа тұлпар мініп, ту алып соғыс шебіне де аттанып кете беретін, әрі соғыста өте жан кешті жауынгерлігімен көзге түсетін. Грек жазушысы Киятус (Keyitese) сақ әйелдеріне деген сүйінішін: «Сақ әйелдері – нағыз батырлар, олар соғыстың қиын сәттерінде ерлермен бірге қасап қырғынға кіріп кетеді» деп білдірсе, Алимарт Александр: «Мен соғысқа ерлерден кем түспейтін массагет әйелдерін, құдды ерлердей садақты сарната толғайтын өзге сақ әйелдерін жақсы білемін» деп жазады [15]. Су Бихай б.д.д. VI ғасырда массагеттердің әйел шахы Томирис «ері өлген соң, қалың қолға өзі бас болып, парсылардың қалың қолын ойсырата жеңеді» - дей келе, олардың ұрпағын жалғастырған үйсін әйелдердің ермінез, адуындылығы да сол сақтардан жалғасқан қасиет болса керек дегенді атап өтеді [16].

Ежелгі деректерге жүгінер болсақ Су Бихайдың келтірген мәлеметтерін растайтын хабарламаларды таба аламыз. Мысалы: Николай Дамасскийдің (б.д.д. 64 ж. – б.д. І ғ. басында өмір сүрген грек тарихшысы) «Қызықты әдет-ғұрыптар жинағында» айтылған мәліметтерден үзінді келтірейік: «...(2). Ханымдарға бағынғандай, әйелдерге барлық істе де бой ұсынады.. (3) Қыздар жаулардың ішінен бір адамды өлтіргенше оларды некеге тұрғызбайды.

144 үзінді. (1). Галактофагтар – скиф тайпасы, скифтердің көпшілігі сияқты олардың үйлері жоқ; тамақтары тек қана биенің сүті, одан ірімшік жасайтындықтан ол әрі тамақ, әрі сусын болады. Олармен шайқасу өте қиын, себебі, олар үнемі тамақтарын ала жүреді. (2). Олардан Даридің өзі қашып құтылған.... (4). Жеті ғұламаның бірі ретінде аты аталатын Анахарсис осылардан шыққан, ол эллиндердің әдет-ғұрпын білу үшін Элладаға келген. ... (6). Олар бірлесіп және әділетті өмір сүргендіктен, ешқайсысы да қызғаншақтық, жеккөрініш және қорқыныш сезімі дегенді білмейді. (7). Олардың әйелдерінің жауынгерлігі еркектерден кем емес; қажет кезінде еркектермен бірдей жаугершілікке аттанады. (8) Сондықтан да Меотий батпағына жақын жерде өмір сүрген амазонкалар асқан ержүрек (олар бір кездері Афина мен Киликияға дейін жеткен) [17].

Сонымен, ежелгі грек тарихшысы осыған дейінгі деректерді алға тартып, амазонкалардың сақтардан тарататынымызды, олардың керек кезінде жауға аттанып, соғыста кәсіп еткенін, әділеттілікпен, қауымдасып өмір сүргенін тағы да дәлелдеп отыр.

Осы, амазонкалардың Александр Македонскимен кездескені жөнінде бірнеше аңыз әңгімелер бар. Соның бірі грек тарихшысы Диодор Сицилийскийдің еңбегінде келтірілген. Бұл еңбекте Александрдың Гиркандқа (Каспий) қайта оралуы кезінде оған Фасис пен Фермодонттың арасындағы елге билік етіп отырған амазонкалардың Фалестрия есімді патшайымы келген. Ол асқан сұлу және күштілігі де ерекше еді және оның ержүректілігіне руластары асқан табынушылықпен қарайтын. Әскерін Гиркания шекарасында қалдырған Фалестрия, сауыт киіп, қару-жарақтарын асынған үш жүз амазанколармен (оққағарлары - Ә.Ш.) Александрға келген. Патша әйелдің ойда жоқта келгендігіне және асқан сұлулығына сұқтанған Александр, Фалестриядан неге келгендіктерін сұрайды. Фалестрия одан бала туғысы келетінін айтады. Оның сөзіне қарағанда Александр ерлігімен барлық еркектен асып түсті, ал өзі болса әйелдердің арасында күшімен батылдығы жөнінен алдына жан салмайды, сондықтан көшбастаушы ата-анадан туған бала да ерлігімен басқа адамдардан асып түсетінін айтады [18].



Осы деректі талдайтын болсақ, екі түрлі түйінді ой жасауға болады: біріншіден, Ұлы Александрдың даңқын одан әрі арттыра түсіру мақсатындағы автордың үгіт-насихаттың немесе жарнамалық мүддені көздегенінен аңыздық баяндаудың туындауы. Екіншіден, (неғұрлым шындыққа жанасымдысы да) елін басқаратын ұрпағының кім болатындығын әріден ойлаған патшайымның тектіден тұқым таратуды, және оның сол кездегі Шығыс пен Батысты дүр сілкіндірген Александрдың болуын қалауы да тегін болмаса керек деген түйін.

Ал енді бұны аңыздық негізде дейтін болсақ, осы Александр Македонскийдің өмірі мен қызметін талдап жазған грек тарихшысы Калисфеннің (б.д.д. 365-327 жж.) еңбегіндегі деректер тарихи шындықтың шымылдығын түре түседі. Өйткені ол Александр Македонскийдің Шығысқа жасаған жорығына бірге аттанған (Аристотелдің жиені болған, және соның қолдауымен өмірбаяншысы, жазушы ретінде Александрға қызмет еткен). Міне сондықтан, ол көбінесе көзімен көрген оқиғаларды баяндап, жазуға тырысқан. Сондықтан да оның мәліметтеріне кеңірек тоқталайық. Александр Македонский амазонкалар жеріне аттанып, жақындаған кезде мынадай мазмұндағы хат жібереді: «Александр патша амазонкаларға аман-саулық тілейді... Сол жақтан (яғни, брахмандардан) біз сіздерге қарай бет алдық. Сіздер біздерді құшақ жайып қарсы алыңыздар: біз сіздерді ренжіту мақсатымен емес, тек қана елді көру үшін және сонымен қатар сіздерге жақсылық ету үшін келеміз. Аман-сау болыңыздар». Бұл хатты алып оқығанан кейін амазонкалар Александрға мындай жауап жазды: «Амазонкалардың ең күштілері және билеушілері Александрға амандық-саулық тілейді. Біз саған біздің жерімізге басып кіргенге дейін хабардар болуы үшін, және сенің абырой-атақсыз қайтпауың үшін хат жаздық. Ал хатымызда еліміз туралы және қатал өмір сүретін өзіміз туралы мындай мәлімет береміз. Біз Амазонка өзенінің ар жағынында, орта тұсында өмір сүреміз. Жеріміздің айнала шеңбері бір жыл жүретін жол, ал өзеннің бастауы жоқ. Оған кіретін жол біреу. Біз осында өмір сүреміз – санымыз 270 000 қаруланған қыздарымыз, бізде бірде-бір еркек жынысты жан жоқ, ал еркектер өзінің ар жағындағы жерді иеленіп өмір сүреді. Біз жыл сайын Зевске, Посейдонға, Гефеске және Ареске (Аспан (Тәңірі), Теңіз, Ұсталық (от пен темір) және Соғыс құдайлары) – Ә.Ш.) құрбандық шалып, 30 күн бойы жылқы сою салтанатын (қазіргі соғым емес пе?) өткіземіз. Арамыздан оларға (еркектерге - Ә.Ш.) қосылғысы келгендер болса, бірнеше күнге сонда қалады; туған қыз балалардың барлығын олар асырайды, бірақ жеті жасқа толғанда бізге жібереді (Спартандар дәстүрімен салыстыр - Ә.Ш). Дұшпандар біздің жерімізге жорыққа шықса, біз 120 000 адамды атқа мінгізіп, оларға қарсы аттанамыз, ал қалғандары аралды күзетіп қалады. Біз шекараға қарай келеміз, ол еркектер тылда сапқа тұрып, біздің соңымыздан жүреді. Егер біздің арамыздан біреулер соғыста жараланса, батылдығының арқасында құрметке ие болып, есте сақталады; егер біреу қорғана жүріп соғыста қаза тапса, оның жақын туысы көп ақша алады. Егер кімде - кім аралға жаудың денесін әкелсе, онда бұл үшін сыйға алтын, күміс алатын және өмір бойы азықпен қамтамасыз етіледі. Осылайша біз соғыста өз даңқымыз үшін күресеміз. Егер біз жауды жеңсек немесе олар қашса, олар мәңгі ұятқа қалып, масқара болады; ал егер олар бізді жеңсе әйелдерді жеңген болып табылады. Сонымен, патша Александр, байқа, сен де осындай жағдайға ұшырап жүрме. Ойланып, бізге жауабыңызды жібер – біздің әскерімізді шекарадан табасың. Аман сау бол» [19]. Мінеки Александрдың өмірбаяншысы жазған мәліметтер «қазыналы аралдай» құнды деректерге тұнып тұр. Біріншіден, бұл еңбекте Александр мен амазонкалар арасындағы халықаралық дипломатияның белгісі болып табылатын хат алмасудың болғандығы көрсетілген, және оның мәтінінде халықаралық этикеттің барынша сақталғандығы байқалады;

Екіншіден, бұл жерде амазонкалардың хат жазып, хабар жібергеніне қарағанда жазу-сызудан хабары бар екендігі анықталады және онда өздері туралы, әскери қуаты мен жалпы санын көрсету арқылы, құдайларға құрбандық шалу арқылы (яғни құдай да бізді жақтайды дегендігі), соғыстың олар үшін кәсіп қана емес, атақ абырой екендігін, сол үшін еш нәрседен қаймықпайтындарын астарлап жеткізген. Тағы бір айтатынымыз, хаттағы ультиматум түріндегі, яғни бізге соғыс ашып абырой таппайсың, қандай жағдайда да масқара боласың деген ескерту де өзіне назар аудартады.

Ал енді, Александрдың бұған берген жауабына тоқталайық: «Александр патша амазонкаларға денсаулық тілейді. Біз әлемнің төрттен үшін бағындырып, бәріне трофей қойып кеттік. Сондықтан сендерге қарсы соғысқа шықпасақ, біз масқара боламыз. Егер сендер түгелдей қаза тауып, жерлеріңді елсіз мекенге айналдырғыларын келсе, онда шекарада қалыңдар. Егер соғыста бақтарыңды сынамай өз жерлерінде өмір сүргілердің келсе, онда өзінен өтіп бізге көріңіздер. Дәл осылайша еркектер де жазықта қалсын» - дей келе Александр әкесі мен шешесі атынан, осы талап орындалған жағдайда тиіспеуге ант ететін айтады. Амазонкалардың шамаларына қарай салық төлесе жерлеріне аяқ баспауға уәде береді.

Және олардың жіберген адамдарына (аманат немесе жалдамалы әскер - Ә.Ш.), әрқайсысына ай сайын алтын статер жалақы және азық түлік беретінін атап өтті. Бұлар жыл сайын ауысып отыратын болады. Мінекі Александрдың жіберген хатындағы негізгі ұсыныстар осындай болды.

Амазонкалар Александрдың жіберген жауап хатын алған соң, кеңес құрып, ақыр соңында шешімге келді. Бұл шешім бойынша Александрға елге келіп, оны көруге рұқсат ететіндері, жыл сайын 100 талант алым-салық төлейтіндері және іріктелген 500 жауынгер арқылы оған (Александрға) ақша және 100 асыл тұқымды сәйгүліктер апаратыны айтылды. Әрине, ел мен жердің амандығын сақтап қалу үшін қабылданған бұл шешім өз кезегінде өте дұрыс еді.

Осы хатты алған соң Александр өзінің ісін анасы Олимпиядаға былайша сипаттап жазды: «Александр патша қымбатты анасы Олимпиядаға амандық-саулық тілейді. Амазонкаларға қарсы аттанған мен Притан өзеніне бет алдым... Біз Притан деп аталатын өзінен өтуге ниеттенген кезде көптеген түземдіктерді жауынгерлер қырып салды. Біз Фермодонт деп аталатын және жазықпен ағатын өзенге келіп жеттік, онда амазонит - әйелдер тұрады екен. Олардың бойы басқа әйелдерден ұзын, сұлулығымен және денсаулығының мықтылығымен ерекшеленеді, түрлі-түсті киім-киеді, олар күміс найза пайдаланады, ал темір мен мыс оларда жоқ екен; олар зерек және өткір тілді. Біз Амазонкалар тұратын өзеннің жағасында (бұл өзен аса үлкен және өткел бермейді, онда хайуанаттар көп) сапқа тұрған кезде амазонкалар одан өтіп бізге қарсы шеп құрып тұрды. Бірақ біз хат арқылы оларды бізге бағынуға көндірдік.

28. Олардан алым-салық алып, біз Қызыл теңізге қарай аттандық» [20].

Амазонкалар билігінің таралу аймағы мен уақыты жайындағы деректерді VI ғасырдағы Остгот (Теодор Моммзен оны алан (албан) дейді) тарихшысы Иорданнан алуға болады. Ол өзінің «Геттердің шығу тегі мен іс-қимылдары» деген еңбегінде төмендегідей мәліметтерді береді: «Сонымен, біршама уақыт аялдап, амазонкалар күш жинады, ондан шығып, Гаргара қаласының іргесімен ағатын өзеннен өтіп, олар біркелкі табыспен Арменияны, Сирияны, Киликияны, Галатияны, Псидияны және Азияның барлық өңірлерін жаулап алды. Олардан кейін Иония мен Эолияға барып келісіммен уәлаятқа айналдырып, өздеріне бағындырды. Онда ұзақ уақыт үстімдік етіп, қалалар мен бекіністерді өз аттарынмен атады. Ал Эфесте (мол) байлықты шашып, Диананың құрметіне сондай әдемі ғибадатхана тұрғызып, өздерінің мергендігі мен аңға құмарлығы себепті қандай өнерге бейімділігін көрсетті. Өстіп, міне, Скифиядан шыққан әйелдер жүз жылдай Азия патшалығын билеп тұрды; ақырында олар біз жоғарыда айтқан Марпезия (олардың патшайымының есімі - Ә.Ш.) жартасындағы, яғни Кавказ тауларындағы құрбыларына оралыпты» [21]. Міне, амазонкалардың билігінің ұзаққа созылғандығы мен кең тарағандығы туралы деректердің тағы бірі осылай мәлімет береді.


ҚОРЫТЫНДЫ / ВЫВОДЫ / CONCLUSION
Сонымен амазонкалар, «ер апалар» туралы мәліметтердің көрсетуі бойынша олардың билігі далалық өлкеде ғана емес, Аппенин түбегінен асып өтіп, Африкаға дейін таралғандығын және оның ұзақ жылдарға созылғанын анықтадық. Тарихи деректерде «ер апалар» патшайымдарының аттары жиі кездеседі мысалы; Отрера, Антиопа, Фалестрия, Лампета, Марпезия, Игифения, Пентесилия, Томирис, Зарина және т.б.

Сірә да, амазонкалардың тарих сахнасынан кетуіне аталық дәуірдің (патриархат) далалықтар арасында үстем бола бастауынан, әйел-аналардың ендігі жерде отбасылық өмірге бейімделіп, ұрпақ жалғастыру мен оның тәрбиесіне ден қоюынан, басталса керек. Соған қарамастан «ер апалар» заманы туралы көмескі болса да біршама құнды мәлеметтер бізге келіп жеткен. Ендігі міндет сол деректердің құндағында жатқан құпияларды ашу. Ол әсіресе Ер апалар салған қалалар (Эфес, Смирна, Кима, Мирина және т.б.), ғибадатханалар (Аполонға, Артемида (Диана), Ареске және т.б.), өз құдайларының аттарын гректер арасында таратуы, алтын ақшаларды (статер) айналымға қосуы (Бұны гректер скиф – кельт ақшалары деп атаған, оларда шауып бара жатқан сәйгүліктің бейнесі бедерленген) туралы мәлеметтерді терең талдап, оны зерттеу тақырыбына айналдыру. Шет елдер, соның ішінде Ресейде амозонкаларға қатысты зерттеулер мен қорғалған диссертациялардың көптігіне қарамастан (Мыс.:Котина А.В. Миф об амозонках и его развитие в античной традиции. Автореф. дисс... канд. ист. наук.; Богаченко Т.В. Исторические основы сказания о женщинах воительницах южнорусских степей. Автореф. дисс... канд. ист. наук. Ростов-на- Дону, 2005. және т.б.) олардың шығу тегіне толық жауап берілген емес.

Тіпті осы Ер апалар туралы естеліктер әлі күнге халқымыздың жадында сақталған деп айтуға да болады, соның бірі мысалы: ер балаларша тәрбиеленіп, ер мінезділік танытып, еркекше киінетін қыздарды «еркек шора» дейді емес пе? Ал еркек деген сөз түсінікті болғанымен «шора» сөзінің төркінін көпшілік «секілді», «сияқты» деп түсінеді, шын мәнінде оның тура мағынасы Түркі қағанатындағы билікті білдіретін «шор» сөзі. Сонымен бұл терминнің түпкі мәні «Еркектік билікке ие» дегеннен туындайды. Олай болса сонау аналық дәуірден бастау алатын «Ер апалардың» ерен ерлігі мен, жаугер, асқар рухы әлі күні аналарымыздың, апа-қарындастарымыздың бойында қанмен беріліп, тектілігін, жадының мықтылығын айқын көрсетіп бере алады емес пе? Міне осылай өткен тарихымыздың тағы бір беті өз құпиясын ашуға даяр.
ПАЙДАЛАНҒАН ДЕРЕКТЕР ТІЗІМІ / СПИСОК ИСПОЛЬЗОВАННЫХ ИСТОЧНИКОВ / REFERENCES 
1. Ежелгі дүниедегі және византиялық дерек көздеріндегі Ұлы дала тарихы: 4 томдық (Құрас. А.Н. Гарковец. – Астана: Фолиант, 2007. Т. 1: Ертедегі грек авторлары Ұлы Дала туралы / Қазақ тіліне ауд. М. Ілес, Ә. Шашаев. – 2007. – 464 б. (95).

2. Гомер. Илиада. Пер. С древнегреческого Н. Гнедича; Одиссея; Пер. С древнегреческого В. Жуковского. – Алма-Ата: Мектеп, 1986. – 640 с.

3. Сүлейменов Олжас. АЗиЯ. Ізгі ниетті оқырман кітабы / Ауд. С. Ақатаев. – Алматы, Жазушы, 1992. – 288-б. (223).

4. Ежелгі дүниедегі және византиялық дерек көздеріндегі Ұлы дала тарихы. Т. 3. / Қазақ тіліне ауд. Г. Мұхаметқалиқызы, К. Ахметов. 2008. – 584 б. (229).

5. Ежелгі дүниедегі және византиялық дерек көздеріндегі Ұлы дала тарихы 229 бет.

6. Ежелгі дүниедегі және византиялық дерек көздеріндегі Ұлы дала тарихы. – 17-б.

7. Ежелгі дүниедегі және византиялық дерек көздеріндегі Ұлы дала тарихы. – 20-б.

8. Ежелгі дүниедегі және византиялық дерек көздеріндегі Ұлы дала тарихы.–74-б.

9. Ежелгі дүниедегі және византиялық дерек көздеріндегі Ұлы дала тарихы. Т. 1. / Қазақ тіліне ауд. М.Ілияс, Ә.Шашаев. 2007. – 464-б (-95).

10. Ежелгі дүниедегі және византиялық дерек көздеріндегі Ұлы дала тарихы. Т. 1. / Қазақшаға ауд. М. Ілияс, Ә. Шашаев. – 251-б.

11. Ежелгі дүниедегі және византиялық дерек көздеріндегі Ұлы дала тарихы. Т. 3. / Қазақ тіліне ауд. Г. Мұхаметқалиқызы, К. Ахметов. – 232-б.

12. Плутарх. Салыстырмалы өмірбаян. 2 томдық. Т. 1 / Ауд. С. П. Маркиш. – М., Наука. 1994.

13. Ежелгі дүниедегі және византиялық дерек көздеріндегі Ұлы дала тарихы. Т. 3. – 169-б.

14. Ежелгі дүниедегі және византиялық дерек көздеріндегі Ұлы дала тарихы. – 180 б.

15. Су Бихай. Қазақ мәдениетінің тарихы. – Алматы, 2001. – 552 б. (-114).

16. Су Бихай. Қазақ мәдениетінің тарихы. – 115-б.

17. Ежелгі дүниедегі және византиялық дерек көздеріндегі Ұлы дала тарихы. – 3 том. – 220-б.

18. Ежелгі дүниедегі және византиялық дерек көздеріндегі Ұлы дала тарихы. – 3 том. – 241-б.

19. Ежелгі дүниедегі және византиялық дерек көздеріндегі Ұлы дала тарихы. – 3 том. – 150-б.

20. Ежелгі дүниедегі және византиялық дерек көздеріндегі Ұлы дала тарихы. – – 151-б.

21. Ежелгі дүниедегі және византиялық дерек көздеріндегі Ұлы дала тарихы. – – 152- б.

21. Ежелгі дүниедегі және византиялық дерек көздеріндегі Ұлы дала тарихы. – Т. 22. Ертедегі грек авторлары Ұлы Дала туралы / Қазақ тілінен ауд. А. Нысаналин. 2007. – 352 б. (-302).






Каталог: sites -> default -> files -> publications
publications -> М. П. Ешимов ф.ғ. к., доцент, Р. С. Нұртілеуова аға оқытушы
publications -> Жаппарқұлова Анар Абусайылқызы ОҚмпи қазақ және әлем әдебиеті кафедрасының аға оқытушысы, ф.ғ. к. Шымкент қаласы. Майлықожа ақынның шығармашылық ықпалы
publications -> Білімнің биік ордасы. Высокий центр знании.)
publications -> Қазақ халқының шешендік өнері Абилбакиева Ғ. Т
publications -> 1903 жылы Санкт-Петербургте «Россия. Біздің Отанымыздың толық географиялық сипаттамасы» деп аталатын көп томдықтың XVІІ томы қазақ халқының тарихына арналып, «Киргизский край» (Қазақ өлкесі) деген атаумен шықты
publications -> Олжастанудың деректі көздері
publications -> Өмірде өнегелі із қалдырған, халықаралық қатынастар факультетінің тұңғыш деканы Гүлжауһар Шағатайқызы Жамбатырова
publications -> С. торайғыров мұрасының ТӘуелсіздік тұсында зерттелуі
publications -> Жамбыл жабаевтың арнау өЛЕҢдері сағынған Назерке Берікқызы
publications -> Ш.Құдайбердіұлы және М.Әуезов шығармашылығындағы тұтастық Нұрланова Әсем Нұрланқызы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет