ӘОж 93 ш 62 Шашаев Ә.Қ



бет2/3
Дата31.01.2018
өлшемі401,05 Kb.
#37108
1   2   3
Осы амазонкалардың шығу тегіне қатысты түсіндірмелер Гомердің Илиадасын талдаған ежелгі еңбектерде айтылады. Солардың бірнеше нұсқаларына тоқталайық. Мысалы Гомердің Илиадасына жасалған көне схолияда былай делінеді: «Ил. VI:186 (III:290). Амазонкалар. Кейбіреулер жорыққа шыққандар әйелдер емес, варвар еркектер дейді: олар жерге дейін жететін ұзын шапан киіп, шаштарын байлауышпен байлап алатын, сондай-ақ сақалдарын қыратын, сондықтан да жаулары оларды әйелдер деп атайтын. Олар амазондар (Aμαςon) тайпасы еді және ұрыста батыл болатын. Әйелдердің қай кезде жорыққа шығуы сенімсіздеу: қазір де еш жерде бұлай болмайды ғой» [6]. Ежелгі гректердің әйелдерді үй шаруасында ғана ұстап, оларды ұрыстарға қатыстырмағанын ескерсек, сақтардың әйелдерінің тең дәрежелігі мен ерлермен қатар шайқасатыны және ана ретінде оларды қатты құрметтейтіні гректер үшін тым ерсі, адам сенгісіз қылық болып көрінген, сондықтан да амазонкалардың әйелдік тегіне күмән тудырудың орын алғандығы қалыпты нәрсе.

Енді «Гомерге әліпбилік тәртіппен түсіндірмеден» келтірілген үзіндіге жүгінейік: «Ил. III: 189 (32-3317) Амазонкалар. Атау септікте (Aμας) бұл атау «а» әрпін алып тастағандағы (МαĢòg.) (мазос-емшек) сөзінен шыққан, өйткені садақтан атқан кезде бөгет жасамау үшін олар емшектерінің біреуін кесіп тастаған... Ил. III:189(80) Амазонкалар. Емшегі болмағандықтан, бірақ мұндай этимология сенімсіз. Фемистагор «Алтын кітапта» былай дейді: «Эфес бойындағы, қазіргі Ликия аталатын Алопада тұратын әйелдер бәрі бірдей әдеттегі әйелдер шұғылданатын істен бас тартып, белбеу буынып және қару асынып, еркектің барлық ісін атқарды, сондықтан да амазонкалар аталған немесе олар садақтан ату үшін бір омырауын күйдіріп тастағандықтан, немесе нан жемей, жылан, шаян, кесіртке және тасбақа жегендіктен болар, бәзбіреулер бұл атауды шешесі Амазоядан туындатады» [7].

Сонымен амазонкалардың атына қатысты тағы бір нұсқаның «мазос» (емшек) және «амазоя» (анажан) болғандығына көз жеткіздік. Әрине бұл нұсқалардың амазонкалар атауына қатысы бар дегенге сене қою қиын. Соған қарамастан, емшектерін күйдіруге қатысты мәліметтер грек авторларының көпшілігінде айтылады.

Ал бұның себебі қалай түсіндіріледі дегенде, бұл мәселеге медициналық тұрғыдан келген Гиппократтың (шамамен б.з.б. 460-377/356 жж.) «Ауа, су және жер туралы» деген еңбегіне жүгініп көрейік: «24. Еуропада, Метоида көлінің (Азов - Ә.Ш.) маңында өмір сүретін, басқа халықтан ерекше скиф халқы бар. Олардың аты-сарматтар. Олардың әйелдері атқа мініп жүреді, ат үстінде садақ атады және найза лақтырады, олар қыз күндерінде дұшпанмен шайқасады; ол үш дұшпанды өлтірмей күйеуге шықпайды және әдеттегі құрбандық шалу жасалмай күйеуімен бірге тұрмайды. Күйеуге шыққан әйел атқа мінуді қояды, ал бірі қалмай түгел жорыққа шығу қажет болатын күн туса, қайтадан атқа қонады. Олардың оң жақ емшектері болмайды, себебі сәби кездерінде олардың шешелері осы мақсатпен дайындалған мыс құралды отқа қыздырып, оң жақ емшегін күйдіріп тастайды, содан кейін ол өспейді де, оның барлық күші мен нәрі оң жақ иық пен қолға ауысады» [8]. Яғни, Гиппократ әйелдік гормондардың түзілуі барысында нәрдің омырауда жиналуы қол мен иықтың нәзіктенуіне әкелетінін, оған тосқауыл қоюдың жабайы тәсілі ретінде амазонкалардың оң емшегін күйдіргенін айтып отыр. Бұл, әсіресе, садақ ату мен найза лақтыру кезіндегі қолдың қарулы болуын қамтамасыз ету үшін аса қажет еді.



Сонымен, амазонкалар атының шығуына қатысты мәліметтерді талдай келе, оны гректік «а-мазос» (емшек) деген түбірден алғаннан гөрі, скиф (сақ) түбірі «эор» (ер), «пата» (опат) - ері опат (жесір) деген, ал шын мәнінде «Ерапа» (шумерлік тіл негізінде) деп аталғаны дұрыс. «Ерапа» деген атаудың дұрыстығын жоғарыдағы деректер көрсетеді, өйткені амазонкалар шайқасқа қыз күнінде, яғни күйеуге шықпай тұрып түскен, сондықтан «ері опат» (жесір) болуы мүмкін емес қой? Олай болса «Ерапа» атауы, олардың батырлық, ержүректік тұлғасының мазмұнына сәйкес келеді және гректер өздеріне таныс емес сөздерді грек әрпімен барынша икемдеп, сол күйінде беруге тырысқандығы да сөздің дұрыс атауын сақтауға ұмтылысында жатса керек.

Енді амазонкалардың мекен-жайының қайдан шыққандығы туралы аңыздар мен деректерге талдау жасайық. Метоида көлінің (Азов теңізі) және Кіші Азиядағы Фермодонт өзенінің маңын мекендеген амазонкалардың, яғни аты аңызға айналған ғажайып жауынгер «ерапалардың» бүкіл Кіші Азияға ғана емес, Аттикаға (гректер жеріне) жасаған жорықтары аңыз болып кеткен. Гомердің дастандарында баяндалған Троя соғысы б.з.б. 1200 жылы болған. Міне осы Гомердің «Илиада» дастанында амазонкалардың жері туралы алғашқы мәлімет (аңыз түрінде) айтылады: «Зевс троялықтар мен Гекторды ахей (грек) кемелеріне жақындатып, оларды тынымсыз еңбек етіп, ауыртпалықтарды көтеруі үшін кемелердің алдында қалдырып кетті, ал өзі артына қарап, алыстағы салт атты фракиялықтардың, қоян-қолтық шайқасатын миссиялықтардың және ғажайып гиппомолгтердің - сүтпен (биенің сүтімен – Ә.Ш.) қоректенетіндердің, кедей және адал адамдардың (абилер – дұрысы «әулиелер» – Ә.Ш.) жеріне көз тастады.

Сол жерде мен де болдым, олардың жақтасы саналдым,

Ер жүректі еркектей амазонкалар тауып алған күні,

Бірақ олар мұндағы өткір көзді данайлардан көп емес-ті».

Ал енді Геродоттың IV кітабында (Мельпомена) амазонкалардың бұл жерге келуі былай түсіндіріледі: «...Фермодонттың түбіндегі шайқаста жеңіске жеткен эллиндер (аңыз әңгімеде осылай айтылады) үш кемемен үйлеріне қайтып келе жатыпты. Қанды шайқаста қолдарына тірі түсірудің сәтін пайдаланып, өздерімен бірге бірнеше амазонкаларды алып келе жатыр екен. Теңіздің ашық төсінде амазонкалар эллиндерге дүрсе шабуыл жасап, оларды түгел қырып салыпты. Алайда амазонкалар кеме жүргізуден мүлдем хабарсыз екен...» [9].

Сонымен толқынға ілесіп аққан амазонкалар мінген кеме Метоида теңізіндегі Кремкадан бірақ шыққан. Сақтар жеріндегі жағалауды мекен етіп, үйір-үйір жылқыларды ұстап мінген олар сақтар (скифтер) жеріне ойран салып, ел тонауға кіріседі.

Геродоттың баяндауынша, скифтер не болғанын білмей аң-таң болыпты. Өйткені амазонкалардың тілі де, киген киімі де, қай тайпадан екендігі де белгісіз екен.

Сонымен Геродот амазонкаларды Албанияның жоғары жағын алып жатқан биік таулардың етегіне орналастырады: «Помпеймен бірге жорыққа қатысқан және албандардың арасында болған Феофанның айтуынша, амазонкалар мен албандардың арасында скиф тайпалары – гелдер мен легтер тұрады. Мермод өзені бастауын таудан алады (Аракс өзенінің сағасы), тулап аққан бойы амазонкалардың елі - Сиракенаны (Гирканиядағы Ока өзені бойында) аралап өтеді де, олардың ортасындағы шөл дала арқылы Меотидаға (Азов – Ә.Ш.) барып құяды. Ал гаргапейлер, жұрттың айтуы бойынша, бұл жерге белгісіз бір кезде амазонкалармен бірге Фемискирадан келіп қоныстанған еді...»

(4) Сондай-ақ, қалалардың салынуы және олардың негізін қалаушы амазонкалардың атымен аталуы туралы да аңыз әңгімелер аз емес [10] дей келе Геродот олардың –Эфес, Смирна, Кима, Мирина деп аталатынын және зираттардағы құлыптастардағы амазонкалар есімдері мен басқа да жәдігерлердің көп жағдайдан хабар беретінін атап көрсетеді.

Деректердің көрсететініндей, амазонкалар басқа жақтан келген. Диодор Сицилийскийдің IV кітабында былай делінген: «28. (1). Геракл осы іспен (яғни, Атлантты құтқарумен) айналысып жатқан кезде, қалған амазонкалар Фермадонт өзенінің жағалауына жиналып, Гераклдың өз жорықтарында жасағандары үшін эллиндерден кек алу мақсатымен түп-түгел кідірмей алға жылжыды дейді. Олар әсіресе, Тесей өздерінің патшайымы Антиопаны немесе кейбіреулер жазғандай, Ипполитаны алып кеткені үшін афиналықтарға ызалы еді (Тесей алдап кемесіне отырғызып алып кеткен – Ә.Ш).




Каталог: sites -> default -> files -> publications
publications -> М. П. Ешимов ф.ғ. к., доцент, Р. С. Нұртілеуова аға оқытушы
publications -> Жаппарқұлова Анар Абусайылқызы ОҚмпи қазақ және әлем әдебиеті кафедрасының аға оқытушысы, ф.ғ. к. Шымкент қаласы. Майлықожа ақынның шығармашылық ықпалы
publications -> Білімнің биік ордасы. Высокий центр знании.)
publications -> Қазақ халқының шешендік өнері Абилбакиева Ғ. Т
publications -> 1903 жылы Санкт-Петербургте «Россия. Біздің Отанымыздың толық географиялық сипаттамасы» деп аталатын көп томдықтың XVІІ томы қазақ халқының тарихына арналып, «Киргизский край» (Қазақ өлкесі) деген атаумен шықты
publications -> Олжастанудың деректі көздері
publications -> Өмірде өнегелі із қалдырған, халықаралық қатынастар факультетінің тұңғыш деканы Гүлжауһар Шағатайқызы Жамбатырова
publications -> С. торайғыров мұрасының ТӘуелсіздік тұсында зерттелуі
publications -> Жамбыл жабаевтың арнау өЛЕҢдері сағынған Назерке Берікқызы
publications -> Ш.Құдайбердіұлы және М.Әуезов шығармашылығындағы тұтастық Нұрланова Әсем Нұрланқызы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет