«Эпидемиология және жұқпалы аурулардағы мейіргер ісі» пәнінен емтиханның негізгі сұрақтары



бет3/17
Дата25.05.2020
өлшемі108,79 Kb.
#71116
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
Байланысты:
Эпидемиология және жұқпалы аурулардағы мейіргер ісі

4.Адам патологиясындағы жұқпалы аурулардың алатын орны. Инфекциялық үрдістің дамуы мен ағымының заңдылықтары. Оның циклі. Жұқпалы аурулардың жіті және созылмалы түрлері.

5.Иерсиниоздар . Иерсиниоздардың табиғи ошақтары. Аурудың таралу ерекшеліктері. Клиникалық жіктемесі. Зертханалық диагностикалау. Саралау диагностикасы. Емі. Алдын алу. Иерсиниоз- нәжіс-ауыз механизмімен берілетін, табиғи антропургиялық, бактериалды, зоонозды инфекциялық ауру, интоксикация, қызба, бөртпе, асқазан-ішек, сүйек-буын жүйелерін зақымдаумен сипатталады, созылмалы түрде өтеді.

Ииерсиниоздар тобына 2 бөлек иозологиялық түріндегі аурулар кіреді:

1. Ішек иерсиниозы;

2. Жалғантуберкулез.

иерсиниозы

Қоздырғышы Yersinia enterocolitica – грамтеріс, жылжымалы, аэробты таяқша. О- және Н- антигендері бойынша 50 серовары және 5 биовары анықталған. Сыртқы ортаны химиялық және физикалық факторларының әсеріне төзімді, жемістер мен тағамдар да ұзақ сақталады. Төменгі температурада көбеюі де мүмкін. Y.pestis оба ауруының қоздырғышы.

Инфекция көзі жабайы және синантропты кеміргіштер. Ауылшаруашылығы жануарларынан ірі қара мал, шошқа, ит, мысық, құстар. Өте сирек инфекция көзі адам болуы мүмкін. Беріліс механизмі – нәжіс-ауыз механизмі. Негізгі таралу жолы – тағам арқалы (ет, сүт тағамдары, жеміс-жидек). Тамақ өнімдерінде қоздырғыштар көбеюі мүмкін. Жанасу жолымен азық-түлік дүкендері, тағам өнімдері мен жемістерді сақтайтын қойма қызметкерлері лас қол арқылы жұқтырады. Кеміргіштердің нәжісі, зәрімен ластанған су арқылы да таралады. Қоймаларда ұзақ саақталатын картоп, сәбіз, орамжапырақтың 20% көктемде қоздырғыштармен ластанған болады, алма, цитрустар- 9% қондырғылар мен еден, сөрелер- 9- 10%.

Иерсиниоздың әртүрлі клиникалық түрлерінде – асқазан-ішек, жіңішке ішек, бауыр, сүйек – буындарды зақымдайтын және сепсис аллергосепсис түрінде өтеді. Инкубациялық кезеңі- 1-6- күн.

Эпидемиологиялық ерекшеліктері:

-Сырқаттанушылық жеке түрінде немесе топтасқан түрде кездесді;

-Көбіне мал қожалықтары, ет комбинаттары, дүкен, қойма қызметкерлері ауырады;

-Барлық жерде бірдей таралған, бірақ экономикасы дамыған елдерде жиі кездеседі;

-Көбіне қала халқы жиі ауырады, оның себебі көпшілік тамақтандыру мекемелерінің тағамдарын жиі қолдануында;

-Жыл бойы ауру тіркеледі, қазан-қараша айларында сырқаттанушылық көбейеді;

-Жіті жедел түрдегі ауру 3 айға дейін созылады;

-Созылмалы түрде 6 айға дейін өте созылмалы түрде 2 жылға дейін жағасады.
6.Жұқпалы аурулардың алдын алудың негізгі принциптері, инфекция көзіне, таралу жолдарына, организмнің қабылдағыштығына қатысты жүргізілетін іс-шаралар. Дезинфекция, дезинсекция және дератизация түрлері және қолдану тәсілдері.


Эпидемиялық процестің көрінісін болжау

1 Эпидемиологиялық тексеру мен бақылау. Инфекциялық аурулар ошағын эпидемиологиялық тексеру әдісі ең алғашқы және маңызды болып саналады. Бұл әдіс ошақтың пайда болу жағдайы мен себебін, инфекция қоздырғышының көзін. Берілу факторлары мен жолдарын, сонымен қатар жұқтыру қауіп- қатеріне ұшыраған адамдарды анықтау үшін пайдаланылады.

2 Аналитикалық эпидемиолгиялық әдістер: Аналитикалық эпидемиолгиялық зерттеудің мақсаты- эпидемиолгиялық тексерумен қадағалау барысында инфекциялық аурулардың пайда болуы мен таралуы туралы дигностикалық болжауды бағалау үшін тексеру жүргізу.

3 Эксперименталдық эпидемиологиялық әдістер. Инфекциялық аурулар эпидемиологиясында эксперимент эпидемиялық процестің тек кейбір жақтарын зерттеуге қлоданылады, өйткені оны толық түрде жасауға болмайды.

4 Математикалық үлгілеу. Эпидемиологиялық әдістің барлық түрлерін қолданғанда эпидемиялық процестің көрінісін байқауды математикалық үлгілеу әдісімен бірге атқаруға болады

5.Статистикалық зерттеу әдістері. Сырқаттанушылықтың негізгі көрсеткіштері және оны есептеу әдістері. Статистикалық зерттеу әдісінің мақсаты- эпидемиологиялық жағдайды атқарылатын індетке қарсы және алдын алу шараларының тиімділігін сан арқылы бағалау.

7.Шигеллез. Анықтамасы, қазіргі уақытта науқастан бөлінетін қоздырғыштардың негізгі түрлері. Эпидемиологиясы. Патогенезі. Шигеллез ағымының ерекшеліктері. Ағымының клиникалық формалары. Зертханалық диагностика. Емдеу. Ауруынан айыққан науқастарды ауруханадан шығару тәртібі. Диспансерлік бақылау. Алдын алу.

Шигеллез


Шигеллез- нәжіс-ауыз механизмімен жұғатын, су, тағам және тұрмыстық заттар арқылы таралатын, көбіне тоқ ішектің шырышты қабықшасын зақымдайтын, шигелла текті микробтары әсерінен туындайтын антропонозды жіті ішек инфекциялық ауру.

Клиникалық түрде ауру интоксикация, іштің бұрап ауыруы, қан аралас іш өту белгілерінің болуымен сипатталады.

Дизентерия терминін Гиппократ енгізген («dis» - бұзылыс, «enteron» -ішек).

Дизентерия микробтарын 1891 жылы А.В.Григорьев және 1898 жылы жапон ғалымы К.Щига ашқан.

Дизентерия ауруының әлі де көптеп таралуының себептері:

Сүт тағамдарының, ауыз суының, көпшілік тамақтандыру мекемелерінің тағамдарының қоздырғыштарымен ластануы;

Тамақ өндірісінде санитарлық- техникалық, технологиялық, санитарлық-эпидемияға қарсы ережелердің бұзылуы;

Диагностикалық қателіктер;

Аурулардың дәрігерлік көмекке кеш келуі;

Нашар тамақтану, иммунитет жетіспеушілік;

Санитарлық ағарту, гигиеналық тәрбиелеу жұмыстарының төмен деңгейде жүргізілуі.

Этиологиясы. Қоздырғышы Shigelle – дезентерия микробтары, Enterobacteriaceae тобына жатады. Негізгі 4 түрі жиі тіркеледі: Гринорьев-Шиго, Флекснер, Зонне және Щмиц-Штуцер шигеллалары. Дизентерия микробтарының морфологиялық қасиеттері ұқсас, гармтеріс таяқшалар, қоректі орталарда жақсы өседі. Микроб жасушаларының ыдырауы барысында эндотоксин бөліп шығарады, Григорьев-Шиго шигелласы эндо және экзотоксин бөледі. Эндотоксиндердің әсерінен организмде жалпы улану белгілері пайда болады.

1940 жылдары (соғыс, ашаршылық, кедейшілік) Flexner түрі көптеп таралған – патогенділігі төендеу, бірақ сыртқы ортада төзімді – топырқта қыста 4-5 айға дейін, суда 3 айға дейін сақталады. Көбінесе су арқылы берілген.

1950-80 жылдар аралығында елді сумен қамтамасыз ету мәселелерінің шешілуімен, сумен байланысты Flexner дизентериясының саны төмендеген. Бірақ оның орнына Sonnei цигелары келген, сыртқы ортаға төзімді, тағамдарда көбеюге қабілетті. Бұл дизентерияның өсуіне себепкер – көпшілік тамақтандыру мекемелерінің көбеюі және көбейген қала халқының асханаларында буфеттерде жиі тамақтануы.

Инфекция көзі жіті созылмалы түріндегі аурулар және бактерия тасымалдаушылар. Инфекция көзі ретінде жіті түріндегі аурулардың эпидемиологиялық маңызы өте үлкен, өйткені аурудың барлық кезеңдерінде қоздырғыш көп мөлшерде нәжіспен шығарылады. Неғұрлым аурудың іші жиі өтетін болса, соншалықты көп мөлшерде қоздырғыш нәжіспен шығарылады. Дер кезінде анықталмаған аурулардың эпидемиологиялық маңыздылығы өте үлкен, олар жанұяда, ұжымда әсіресе балалар, тағам өндіпу сумен қамтамасыз етумекемелерінде жұмыстарын жалғастырып белсенді түрде инфекция таратушы болады.

Беріліс механизмі – нәжіс-ауыз механизмі. Берілу жолдары: тұрмыстық заттар, жанасу, су, тағам, және шыбындар

Диагностикалық әдістері:

1.Бактериологиялық әдіс: нәжісті тексеру.

2.Сериологиялық әдіс: ГАТР- диагностикалық титр 1:200, аурудың барысында бірнеше рет жасалады.

3.Экспресс – диагностика, эпидемиологиялық өршу кезінде қолданылады: ИФА, ИФР, иммуносорбция.

4.Капрологиялық зерттеу (шырыш, лейкоциттер, эритроцидтер, эпителий торшалары).

Дизентерия диагнозы аурудың клиникалық белгілері, зертханалық тексеру мәліметтері және эпидемиологиялық анамнез негізінде қойылады.


1 реттік зертханалық тексеру қажет:

1Емдеу - алдын алу ұйымдарына ұаралған кезде жіті ішек инфекциясымен ауырғандар және ауруға күдіктілер.

2)Декреттелген контингент қатары ішінен ішек инфекциясымен ауыратын науқаспен қатынаста болатын адам.

3)Емделуге түскен психиатриялық аурулар ауруханасының емделушісі.

4)Мектеп-интернат, балалар үйі мен нәрестелер үйіне алынатын балалар.

5)Қарттар үйіне алынатын жасы ұлғайған адамдар.

6)Ішек инфекциясынан жазылған реконвалесценттер.

Алдын алу шаралары. «Жіті ішек инфекциялық аурулары жөніндегі санитарлық – індетке қарсы іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу» санитарлық –эпидемиологиялық ережелеріне сәйкес жүргізіледі.

Инфекция көзіне бағытталған шаралар. Жіті ішек инфекцияларымен ауырған науқастарды ауруханаға жатқызу клиникалық және эпидемиологиялық көрсеткіштері бойынша жүргізіледі.

Жіті ішек инфекцияларымен бұрын ауырғандарды диспансерлеу.

Жіті дизентериядан сауыққаннан кейін диспансерлік бақылауға жатады:

1)Қоғамдық тамақтану және азық-түлік саудасы, тағам өнеркәіп объектілерінің қызметкерлері;

2)Балалар үйінің, нәрестелер үйінің, мектеп интернаттарының балалары;

3)Психоневрологиялық диспансерлер үйінің, балалар үйінің, нәрестелер үйінің, қарттар және мүгедектер үйлерінің қызметкерлері.

Таралу жолдарын абағытталған шаралар. Дизентерия ауруының таралу жолына бағытталған шаралар үнемі жүргізілуі тиіс және оған жатады:

•Сумен қамтамасыз ету мекмелерінде технологиялық, санитарлық эпидемияға қарсы тәртіптің қадағалауын.

•Тағам өнімдерін тасымалдау, қабылдау, сақтау, дайындау, тарату, ережелерінің сақталуын қадағалау.

•Балалар мекемелерінде санитарлық-эпидемияға қарсы тәртіптің сақталуын қадағалау.

Дизентерия ошақтарда эпидемиологиялық тексеру жүргізіледі:

1) қоғамдық тамақтану және азық-түлік саудасы, сумен қамтамасыз ету объектілерінің, мектепке дейінгі балалар мекмелерінің қызметкерлері, азық-түлік өндіру, сақтау және сатумен байланысты кәсіпкерлік жұмыспен айналысатын жеке тұлғалар жіті ішек инфекциялармен ауырған кезде;

2)мектепке дейінгі балалар ұйымына, балалар үйіне, мектеп интернатына баратын балалар ауырған кезде;

3) психоневрологиялық ауруханалардың, балалар үйінің, нәрестелер үйінің, қарттар үйінің қызметкерлері ауырған кезде;

4) бір аурудың дамуының инкубациялық кезеңінде 3 және одан да көп адамның науқастану жағдайы тіркелген инфекция жағдайы тіркелеген инфекция ошақтарындағы адамдар.

Ошақтарды эпидемиологиялық тексеру кезінде тағам азық-түлігінің, судың, жұғындылардың сынамалары зертханалық тексеру үшін алнады.

Дизентерия ошағында індетке қарсы шараларды ұйымдастыру әдістемесі. Дизентерия ошағында эпидемиологиялық тексеру жүргізу алдында эпидемиологиялық бөлімдегі №60 үлгідегі «Инфекциялық ауруларды тіркеу журналын, аймақтық емхана, бала-бақшалардың картотекасын талдап, аурудың айналасында соңғы кезде тіркелген дизентерия ауруларын анықтау қажет. Эпидемиологиялық тексеру барысында аурудың үйін тексеріп қана қоймай, ауруханаға барып, аурумен немесе оның ата-анасымен сөйлесу, қажет болса бала-бақшаны жұмыс орнын тексеріп, туыстарынан, көршілерінен де мәлімет жинап, сұрастыру керек.

Бактериологиялық тексеруге арналған материалдарды жинау мен тасымалдау.

Бактериологиялық тексеруге арналған материалдарды арнайы нұсқау алған медицина қызметкері жинайды. Нәжіс негізгі тексерілетін материал болып табылады. Тез өрбитін гастроэнтерит түрінде өтетін ауруларда қосымша құсықтар мен асқазан шайынды суоары тексеріледі. Науқас нәжісті шығарғаннан кейін оны стерильді шпательмен немесе алюминий сымнан жасалған тұзақпен алады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет