Өлең ұйқастары
Белгілі бір өлшеммен, үйлесімді ырғақпен ұйқасып келетін өрнекті сөз жүйесін өлең дейді.
Өлең жолдары буын саны, тармағы, ырғағы мен мағынасы жағынан және ұйқасу үйлесімі жағынан жеке жүйе құрайды. Мұны өлеңнің шумағы деп атайды.
Шумақ тармақтардан, яғни өлең жолдарынан тұрады. Тармақ өз ішінен бунақтарға бөлініп, олар ырғағын тудырады. Тармақтың соңғы сөздерінің дыбыстық жағынан үндесуін өлең ұйқасы деп атайды.
Академик Қ. Жұмалиев қазақ поэзиясындағы ұйқастардың түрін төмендегідей көрсеткен:
1. Қара өлең ұйқасы (а, а, б, а)
2. Шұбырпалы ұйқас (а, а, а, а)
3. Ерікті ұйқас (а, б, в, г, б)
4. Шалыс ұйқас (а, б, а, б)
5. Егіз ұйқас (а, а, б, б)
6. Аралас ұйқас (а, а, б, в, б, в, б, б, б)
7. Шалыс ұйқас (а, б, а, б, в, г, д, г, ж, д)
Ұйқас түрлерінің үлгі кестесі.
Ұйқас түрлері
|
Мысалдар
|
|
1
|
Қара өлең
ұйқасы
|
Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы, /а/
Қиыннан қиыстырар ер данасы. /а/
Тілге жеңіл, жүрекке жылы тиіп, /б/
Теп-тегіс, жұмыр келсін айналасы. /а/ (Абай)
|
2
|
Кезекті ұйқас
|
Желп-желп еткен ала ту, /а/
Жиырып алар күн қайда? /б/
Орама мылтық тарс ұрып, /в/
Жауға аттанар күн қайда? /б/
(Махамбет)
|
3
|
Шұбыртпалы
ұйқас
|
Бұған Қобылан қуанып: /а/
«Шырағым, Бурыл, шу!» - деді, /б/
Құбылып Бурыл гуледі, /б/
Табаны жерге тимеді, /б/
Тау менен тасты өрледі, /б/
Төрт аяқты сермеді, /б/
Құлақтың түбі терледі, /б/
Тер шыққан соң, өрледі, /б/
Адырды көзі көрмеді. /б/
(«Қобыланды батыр» жырынан)
|
|
4
|
Ерікті ұйқас
|
Алты жасқа келгенде /а/
Арыстан туған Қобылан /б/
Қазынадан қамқа киеді. /в/
Өзімнің еншім болсын деп, /г/
Тобылғы меңді торы атты /д/
Енші қылып мінеді. /в/
Қобыландының тілегін /ж/
Бүкіл Қыпшақ тіледі. /в/
(«Қобыланды батыр» жырынан)
|
|
5
|
Шалыс ұйқас
|
Қараңғы қазақ көгіне /а/
Өрмелеп шығып күн болам. /б/
Қараңғылықтың кегіне /а/
Күн болмағанда, кім болам? /б/
(Сұлтанмахмұт)
|
Осы бөлім бойынша тест тапсыру
Сұрақтар
«Фольклор» деген сөздің анықтамасын көрсетіңіз.
«Фольклор» қай тілден енген сөз екенін көрсетіңіз.
«Ұшқыш кілем» қай жанрға жататын шығарма екенін табыңыз.
Лиро-эпостық жанрға жататын шығарманы көрсетіңіз.
А. Құнанбаевтың «Қыс» өлеңі неше шумақтан тұратынын көрсетіңіз.
Табиғат құбылыстарын жандандырып суреттеу қалай аталатынын табыңыз.
«Шеген сұлу, сұңғақ денелі, бұлшық еттері болаттай иірілетін, күнге күйген, тобылғы торы екен» деген әдеби теориялық ұғымның қай түрі екенін көрсетіңіз.
Қазақ әдебиетінде баллада жазу дәстүрін бастаған жазушыны көрсетіңіз.
Берілген үзіндідегі асты сызылған сөздер көркемдегіш тәсілдің қай түрі екенін табыңыз.
Келеді желдей зуылдап,
Жеткізбейді шұбар ат.
Атқан оқтай зырылдап.
Жал-құйрығы суылдап.
Б. Соқпақбаевтың «Менің атым Қожа» шығармасы әдеби жанрдың қай түріне жататынын белгілеңіз.
Берілген үзінді құбылтудың қай түріне жататынын көрсетіңіз.
Әйнегі – күн, шатыры – аспан,
Кең дала төсі толқыған егін.
Композицияның құрылысына жатпайтын қатарды көрсетіңіз.
Берілген үзінді айшықтаудың қай түріне жататынын көрсетіңіз.
Молдаға барсаң қасында
Қиюлы жатқан қалам бар,
Қаламды көр де қасым көр.
Ұсынса, қол жетпейтін арғымағым,
Біржанға баламаймын тай секілді, – деген үзінді құбылтудың қай түрі екенін табыңыз.
С. Торайғыровтың құбылтудың түрі ирония мен сатираны пайдаланып жазған шығармасын көрсетіңіз.
Үзінді қайталаудың қай түрі екенін табыңыз.
Саған мінер белім жоқ,
Белге қылар емім жоқ.
Ауызға жерге жемім жоқ.
Сүйегімді ұстар теңім жоқ.
Қ. Аманжоловтың «Ақын өлімі туралы аңыз» шығармасы әдеби жанрдың қай түрі екенін көрсетіңіз.
Балладаға жататын шығарманы көрсетіңіз.
Б. Бұлқышевтің «Өмір сүргім келеді» шығармасы әдеби жанрдың қай түрі екенін табыңыз.
Метафораны көрсетіңіз.
Ш. Мұртазаның «Бесеудің хаты» шығармасы әдеби жанрдың қай түрі екенін көрсетіңіз.
С. Торайғыровтың «Шәкірт ойы» өлеңінен алынған шумақтың ұйқас түрін көрсетіңіз.
Қараңғы қазақ көгіне
Өрмелеп шығып, күн болам!
Қараңғылықтың кегіне,
Күн болмағанда кім болам?
Өлең құрылысына жатпайтын қатарды табыңыз.
М. Дулатовтың «Жастарға» өлеңінен алынған шумақтың ұйқасын көрсетіңіз.
Етемін үміт жастардан,
Жаңа гүл шашқан бақшадай.
Мұрадын оңай кім табар,
Жар салып жұртқа қақсамай?
О. Сүлейменовтің «Қыз қуу» өлеңінің бірінші шумағы ұйқастың қай түрімен жазылғанын белгілеңіз.
«Пейзаж» терминінің мағынасын анықтаңыз.
Қара жерге қар жауар,
Қарды көр де, етім көр!
Бейнелеу тәсілінің қай түріне жататынын анықтаңыз.
«Бөл-бөл, бөбек, бөл, бөбек,
Бөгелмей білім біл, бөбек.
Білмесең білім бекерсің,
Бет алдыңа кетерсің».
Шумақтағы дыбыс үндесу тәсілін табыңыз.
Өлеңнің әрбір жолы қалай аталатындығын көрсетіңіз.
Сорақы ұзын да емес, қысқа да емес,
Нәзік бел
Достарыңызбен бөлісу: |