Ер адамның қуығын катетерлеу. Мақсаты



бет1/11
Дата16.05.2022
өлшемі33,49 Kb.
#143462
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
Ер адамны уы ын катетерлеу. Ма саты
metodich. rekomendacii samost. raboty studntov, 2 сынып 2 тақырып, финучет 3, Условия набора 2023 год, петроглифтер, Exam questions

Ер адамның қуығын катетерлеу.


Мақсаты: Дер кезінде қуықтан зәрді дер кезінде шығару, кейіннен табиғи несеп шығаруды қайта қалпына келтіру, қуықты жуу.


Қолдану көрсетілімдері: жедел және созылмалы зәр шығарудың тоқтауы, қуықты жуу және оған дәрілік, рентгенконтрастық ерітінділерді енгізу, зәр бөлу мушелері және жыныс мүшелеріндегі операциядан кейінгі кезең, зәр бөліну мүшелерін эндоскопиялық зерттеу алдында, клиннкалық және бактериологиялық зерттеуге зәрді алу, қалдық зәрді анықтау.
Қарсы көрсетілімдері: уретраның (үрпінің) жарылуы, жедел уретрит, простатит, эпидимит (ем қосалқыларының қабынуы), гематурия, зәр шығару каналының тарылуы, простата ісігі, зәр шығару каналының жедел қабынуы.


Асқынулары: уретральды қызба, уретраның, қуықтың шырышты қабығының зақымдануы, асептика ережелерін сақтамағанда жұқпалы ауруларды енгізу.


Дайындаңыз: залалсыздандырылған катетерді, 2 дана анатомиялық пинцеттерді, корцантті, лотокты, салфеткаларды, 2 дана қолғапты, вазелин майын, 1:5000 фурацилин ерітіндісін, зәр қабылдағышты, зарарсыздандыру ерітінідісі бар ыдысты, астына төсейтін кленканы, жаялықты, кермені, жуындыруға арналған құрал-жабдықтарды, қауіпсіз жоюға арналған контейнерді.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет