Ер адамның қуығын катетерлеу. Мақсаты



бет3/11
Дата16.05.2022
өлшемі33,49 Kb.
#143462
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
Ер адамны уы ын катетерлеу. Ма саты
metodich. rekomendacii samost. raboty studntov, 2 сынып 2 тақырып, финучет 3, Условия набора 2023 год, петроглифтер, Exam questions
Зәр қабылдағышты беру


Мақсаты: науқастың жеке бас тазалығын сақтау, науқастыц физиологиялық бөліп шығаруларын қамтамасыз ету, зәр бөліп шығаратын жолдардың төменнен жоғарыға көтерілетін жұқпалы ауруларының алдын алу.


Қолдану көрсетілімдері: қатаң төсек және төсек тәртіптерінде жатқан науқастарға қуықты босату кезінде қолданылады.


Дайындаңыз: зарарсыздандырылған зәр қабылдағышты, залалсыздандырылған дәке сүрткілерін, кленканы, жаялықты, резеңке қолғаптарды, кермені, ішінде зарарсыздандыратын ерітіндісі бар ыдысты, қауіпсіз жоюға арналған контейнерді.


Іс-әрекет алгоритмі:

  1. Науқаска емшара мақсаты мен барысын түсіндіріп, оның келісімін алыңыз.

  2. Науқастың кереуетінің жанына кермені қойыңыз.

  3. Көрпені қайырып тастаңыз, науқастың аяқтарын тізесінен бүгіп, сандарын екі жаққа алшақтатуын өтініңіз. Егер ол осыны өз бетімен істей алмайтын жағдайда болса, онда оған көмектесіңіз.

  4. Науқастың жамбасының астына кленканы, содан кейін жаялықты төсеңіз.

  5. Антисептикалық деңгейде қолыңызды жуыңыз, қолғапты киіңіз.

  6. Оң қолыңызға зәр қабылдағышты алыңыз және оны науқастың аяқтарының арасына қойыңыз.

  7. Сол қолыңызға дәке сүрткілерін алыңыз, онымен науқастың жыныс мүшесін ораңыз.

  8. Жыныс мүшесін зәр қабылдағыштың тесігіне енгізіңіз, дәке сүрткілерін алып тастаңыз.

  9. Науқасты көрпесімен жабыңыз және оны жалғыз қалдырыңыз.

  10. Зәр қабылдағышты, жаялықты, кленканы жинаңыз. Науқасты жауып, кермені жинап алыңыз.

  11. Зәр қабылдағышты, ішінде зарарсыздандыратын ерітіндісі бар ыдысқа дәке сүрткілерін, қолғапты қауіпсіз жоюға арналған контейнерге салыңыз.

  12. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет