Ер күтімі. Отбасындағы әкенің рөлі. Бағыну заңы



бет2/3
Дата07.02.2022
өлшемі18,75 Kb.
#93022
1   2   3
Байланысты:
р

Отбасындағы әкенің рөлі.
Отағасы - әлеуметтік зерттеулер терминдеріне әсер ететін отбасындағы үлкен еркек (яғни 19 ғасырдың ұғымындағы «асыраушы»), Үкіметтік шолуларда отағасы фирманың иегері немесе арендаторы, немесе фирманың иегері немесе арендаторы әйелмен тұратын ер адам ретінде анықталады. Осыған сәйкес, «әйелдермен басқарылатын отбасылар» жалғыз тұратын әйелдермен, немесе ата-анасының бірімен басқарылатын отбасы, немесе қарт адамдармен тұратын әйелдер-арендаторлармен шектеледі. Мұндай анықтама үй жағдайын талдауда маңызды.
Бала бойындағы жақсылы-жаманды қасиеттерін байқаса, қазақ оны ең бірінші әке мен ата тәрбиесінен көреді, тегіне тартқан дейді. "Әкесі сондай адам еді, атасы жақсы адам, көргенді бала" деп ер адам тәрбиесін ауызға алады. Өйткені әкесінің баласына қалдырған ең үлкен мұрасы – оның жақсы тәрбиесі. Ал әке мектебінен өткен бала сол мұраға қиянат жасамауға тырысқан.
Баласы 14-15 жасқа келгенде атқа мінгізіп, алыстағы аузы дуалы ақсақал қарттарға сәлем беріп кел деп жіберетін дәстүрдің ұмыт қалғаны өкінішті. Біріншіден, баланы сынға салып, екіншіден, көпті көрген көнекөз, көкірегі қазыналы қарттардың әңгімесіне қанығудың берері мол еді.
Абайтанушы Омар Жәлел дәстүрлі тәрбиеде бала анасынан мейірімділік пен даналықты сіңірсе, әкесінен өжеттік, батылдық сияқты қасиеттерді бойына сіңіріп өскен дейді.
– "Әке – асқар тау, ана – баурайындағы бұлақ, бала – жағасындағы құрақ" деген бір ауыз сөзге бүкіл тәрбиенің бастауын қазақ атамыз сыйғыза білген. Асқар таудай әкесін пана тұтқан бала қорқақ болмайды. Ал ана атты бұлақтың мейіріміне қанып өскен ұрпақ өзгеге де мейіріммен қарайды.
Бұхар жырау "Әкелі бала – жаужүрек, жиын тойға барады, төрден орын алады, бітіреді жұмысын, тастан да өткізер жебесін" дейді. Өзіне қорған болған әкесінің арқасында алшаң басып, бар шаруасын бітіріп, алдына кездескен кез-келген қорғанды бұзуға дайын болады.
"Әкесіз бала – сужүрек, жиын тойға барады, босағада қалады" дейді. Яғни, жасқаншақ болатынын меңзеп тұр. Сондықтан біз бала тәрбиесінде әкенің қаншалықты маңызды рөл ойнайтынын білгеніміз жөн. Бірақ қазақ өз құндылықтарына қайтып оралмайынша, әкенің отбасындағы рөлі төмендей бермек.
Ертеректе еркекті көк тәңіріне теңеген. Ал әйелді жерге теңеген. Күлтегіннің үлкен жазуында "Тәңірідей тәңіріден жаралған бабам Күлтегін истемін қаған" деген жазу осының дәлелі.
Әйел ерге қараса, еркек көкке қараған. Өйткені ер адам энергияны тәңіріден алып отырған. Айырмашылығы жер мен көктей деп босқа айтылмаған. Өйткені әйел мен еркек ешқашан теңелмейді дегені. Көктен найзағай ойнап, жаңбыр жауса да, жер бірқалыптығын сақтаған. Өйткені жер мен көк арасындағы үйлесімділіктің негізін жер қалап отыр. Яғни, жер мен көк қалай гармония тапса, әйел мен ер адам да солай бір гармонияда өмір сүру керек.
Қазақта әкесін көке деп атайды. Ол сөздің түпкі мағынасы көк деген ұғымнан пайда болған. "Көкеңді танытайын ба, көрсетейін бе, ұмытайын деген екенсің, көкем бар" дегенде әкесін шексіз күш-қуат иесі санаған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет