Әр түрлі аурулар мен жағдайларға мамандандырылған мейірбике күтімі Білім алушы білу керек



бет18/18
Дата11.02.2022
өлшемі0,8 Mb.
#131404
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18
Байланысты:
әр түрлі аурулар мен жағдайларға мамандандырылған мейірбике күтімі

Алдын алу. Күн өту және ыстық өтудің алдын алу үшін ауа райының ыстық кезінде жеңіл, қимыл қозғалысқа бөгет жасамайтын ашық түсті киім кию қажет. Ақ түс Күн сәулесін шағылдырады, нәтижесінде күю пайда болмайды. Жағажайда дем алғанда сақ болған дұрыс, ұзақ уақыт бойы күн көзінде жүруге және қапырық бөлмеде отыруға болмайды.

Күн өту кезіндегі көмек.


Үсік, үсік шалу
Үсу, үсік шалу – ызғар немесе төменгі температураның ағзаға жергілікті әсер етуі. Егер суықтың әсер етуі дененің жалпы температурасының төмендеуімен қатар жүрсе, онда ағзаның қатып қалуы мүмкін. Үсу кезінде дененің зақымдалған жерінде шамалы ауырсыну, шаншу мен ашу байқалады. Бұдан кейін бұл сезінулер жоғалады да,жансыздану пайда болады. Тері бозарады, немесе көкшіл реңге ие болады. Тіндердің зақымдану тереңдігіне қарай үсудің 4 дәрежесін ажыратады:жеңіл (I), орташа (II), ауыр (III),өте ауыр (IV). Үсудің бастапқы белгілері кезінде дененің үсіген жерлерін қолмен немесе жұмсақ матамен жақсылап уқалау, онымен бір мезгілде саусақтарды,табанды білезікті белсенді қимылдарға келтіру керек. Егер мүмкіндік болса аяқ-қолдың үсіген жерлерін бөлме температурасындағы (+18,+20 С) жылы суға салу және оны біртіндеп ыстық су қоса отырып, +37 С-қа дейін жеткізу, онымен бір мезгілде аяқ пен қолды абайлап уқалау керек. Жылытып алғаннан кейін теріні спиртпен сүрту және таңғыш таңу керек. Үсудің кез келген дәрежесінде терінің зақымдалған жерін қармен үйкелеуге болмайды.




Тоңу
Тоңу дене температурасының айтарлықтай төмендеуімен қатар жүреді. Әлсіздік пайда болады, қозғалыс баяулайды. Мұндай күйдеі адам әдетте ұйықтап кетеді және есінен танады. Дене температурасы төмендегеннен тыныс алу және жүрек қызметтері әлсірей бастайды. Зардап шегушіні құтқару үшін оны дереу жылы үй жайға апарып жылытып,уқалау шараларын жүргізу қажет. Тәтті ыстық сусындар беріледі. Мүмкіндік болса су температурасы +36,+37 С болатын жылы ванна да пайдалы болады. Спиртті ішімдіктер ішуге болмайды, ол зардап шегушіге үлкен зиян келтіруі мүмкін. Есінен танған, тыныс алуы сиреген, тамыр соғуы жоқ болған кезде жан сақтау шараларын жүргізу керек.

Қатты тоңу белгілері
1.Ызғар немесе төменгі температураның ағзаға жергілікті әсер ететін процесс
2.Көзден жас ағу бас ауру,бас айналу,әлсіздік тыныстың тоқтауы қай белгіге жатады?
3. Ет өнімдерімен,азық-түлікпен улану қалай аталады?
4.Ағзаға токсиндердің әсерінен пайда болған улану
5.Дене температурасының айтарлықтай төмендеуімен қатар жүретін процесс



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет