алмаймындегеннен сыртқы тұлға жағынан, демек, тү- бірі мен қосымшалары жағынан, ешқандай да айырма- сы жоқ. Бірақ ой алмаймын деген тіркестегі алмаймын сөзі өзінің бастапқы лексикалық мағынасын да, грамматикалық дербестігін де толық сақтап түрса (кө- ңілге шүбәлы ой алма), соңғы тіркестегі алмаймын сө- зінің бастапқы лексикалық мағынасы солғындап кет- кен. Грамматикалық абстракцияның нәтижесінде бұл сөз әуелгі мағынадан айрылып, өзінен бүрынғы етістік арқылы айтылатын істің жүзеге асуға мүмкіншілігі бар- лығын я жоқтығын білдіретіндей ғана көмекшілік қыз- мет атқару дәрежесіне кешкен. К,алада да, далада да, осының лаңьінан қүтыла алмай қойдым (Ғ. Мүстафин) деген сөйлемдегі қой және ал етістіктерінің мағынала- ры мен қызметтерін салыстырып көрініздер.
Сөйтіп, етістіктердің бір-бірімен селбесіп тіркесуле- рінен құралатын күрделі және аналитикалық етістік- тердің мағыналары да грамматикалық мағына тудыру- дың белгілі бір саласы делініп танылып, көмекші етіс- тіктер сол грамматикалық мағыналарды білдіретін грамматикалық формалар ретінде қаралады.
Алдарындағы қабақта киіз үй, тас үйлердің, кең қоралардың төңірегін алып, көктемнің көк берен теңі- зіне еркін жүзген ақтылы қойлар жатыр (Ғ. Сланов) дегендегі киіз үй, тас үй деген әрбір екі сездің тіркесі арқылы да грамматикалық мағыналар беріліп түр. Өйт- кені бүл тіркестерде екі зат есім, ешбір қосымша фор- маларсыз-ақ, бір-бірімен тіркесіп, үйлердің қандай (не нәрседен жасалған) екенін білдіріп түр. Ондай тіркес әр түрлі үш я төрт зат есімнен де қүрала береді. Мы- салы: Ол адал бсщанға түйе жүн шекпені мен қам- шысын іле салды да, көрпе қабаттала төселген биік орынға барып отырды (Ғ. Мүсірепов); Қалаға кіре бе- рісте айналасы қоршаулы үршық бас темір бағаналар тур (Ғ. Мустафин) деген мысалдардағы түйе жүн шек- пен, үршық бас темір бағаналар деген тіркестер үш я төрт зат есімнен қүралады. Бүл және олардан бүрынғы мысалдардағы тіркестер өзге (мысалы, индоевропалық) тілдерде белгілі грамматикалық қосымшалар аркылы берілетін грамматикалық мағыналарды білдіріп тұр.
Сөздердің сейлемдердегі орны олардың мағыналары мен қызметтеріне үлкен әсер етеді. Оны мына мысал- дардан байқауға болады. Мысалы: Жақсы жол — елге
16
жора (М. Әуезов); Мәжіліс жақсы өтті, жаңа пікірлер айтылды (Ғ. Мұстафин) деген сейлемдердегі жақсы сөзі (сын есім) бірінде зат есімнен бұрын түрса (жақ- сы жол), екіншісінде — етістіктен бүрын (жақсы өтті) түр. Бұдан, қапдай сөз табымен тіркесуіне қарай, сын есімнің кызметі өзгеретінін аңғарамыз. Ашығырақ*айт- сак, алғашқы сөйлемде жақсысөзі анықтауыш қызме- тін, екінші сөйлемде пысықтауыш қызметін атқарып тұр. Сондай-ақ, қысқы үкідей аппақ болып, үзақ күндер үзақ жортып көбінесе үнсіз жортып, Омбы қаласына бүгін іңір қараңғысында келіп кірді (F. Мүсірепов) де- гендегі үзақ күндер, үзақ жортып деген тіркестерде ал- ғашқы үзақ (үзақ күндер)—анықтауыш та, кейінгісі (үзақ жортып)— пысықтауыш.
Сонымен, белгілі жағдайда (тіркесте, сейлемде) сөз- дердің орындарының ауысуларына қарай, олардың. грамматикалық мағыналары мен қызметтері өзгереді; сөйлемдегі сөздердің орналасу тәртібі де белгілі грам- матикалық тәсілдердің бірі болып саналады.
Дауыс ырғағы да грамматикалық мағынаны білді- ретін грамматикалық тәсіл ретінде қызмет етеді. Өйтке- ні кейбір тіркестердегі сездердің қызметін ажыратуға тек дауыс ырғағы (интонация) ғана бірден-бір дәнекер болады. Мысалы, Бұлмуғалім Әлім еді де, ол дәрігер Әлім еді деген сейлемдерді дәл осы қалпында екі үшты түсінуге болады. Егер осы сейлемдердегі бүл, ол сез- дерінен кейін кідіріс жасап айтсақ, екеуі де сол сейлем- дердің бастауыштары болады да, мүғалім, дәрігер сөз- дері Әлім еді деген баяндауыштардың анықтауыштары болады. Ал, егер кідірісті бүл — мүғалім, ол — дәрігер 'деген тіркестерден кейін жасасақ, муғалім, дәрігер сез- дері бастауыш болады да, бүл, ол сөздеірі мүғалім, дә- рігер деген бастауыштардың анықтауышы болады. Осы себептен, сызықшаны мағына ажырататын белгі ре- тінде — дауыс ырғағының (кідірістің) жазу тіліндегі шартты белгісі ретінде қолданып жүрміз.
Сонымен, тіліміздің грамматикалық күрылысы жү- йелі, сала-салз^ грдмматикалық құбылыстардан қүра- лады. Ал, сонйай әрбір грамматнкалық қүбылыстың екі жағы боладу”: біріншісі — сол қүбылыстың белгілі
үғымды ^т^ірікт.і (бірдемені) білдіретін ішкі жағы, демек, ^ааііүНы,,-яғни грамматикалык мағынасы, екін- шісі сол - Кіазмұнды, яғни грамматикалық мағынаны (грамматикалТьж; үғымды %хү(у(!яікті) қрлай я не арқы-
17
лы білдіретін сыртқы жағы, демек — грамматикалық тэсілі.
Грамматикалық кұбылыстың өзіне тән грамматика- лық мағынасы мен сол мағынаны білдіретін граммати- калыд тәсілі үнемі бірлікте болады. Грамматикалық ма- ғына — грамматикалық күбылыстың (сөздің я оның бөлшегінің) м а з м ү н ы болса, грамматикалық тәсіл сол мазмүнды білдіретін формасы. Міне, сондай жалпы грамматикалық мағыналарды білдіретін грамматикалық амал-тәсілдер граммати- калық формалар деп аталады. Қазақ тілінің грамматикалық амал-тәсілдері, олардың потенциалдық мүмкіншіліктері бай да, икемді де. Ол керегінше синте- тикалық тәсілдерді де, аналитикалық тәсілдерді де пай- даланады.
Қандай гарматикалық мағына болса да, оның өзіне тән грамматикалық формасы болады, керісінше, қандай бір грамматикалық форма болса да, оның өзіне тән грамматикалык мағынасы болады. Грамматикалық ма- ғынасы жоқ грамматикалық форма болмайды, грамма- тнкалық формасы жоқ грамматикалық мағына болмай- ды. Тілдегі сөздердің грамматикалық мағыналары мен грамматикалық формаларының бірлігінен және солар- дың жинағынан тілдің грамматикалық күрылысы туады.