Үерахмеди ысқАҚов қазіргі қазақ тілі морфология


§ 7. ГРАММАТИКАЛЫҚ КАТЕГОРИЯЛАР ТУРАЛЫ ТҮСІНІК



бет8/173
Дата10.01.2023
өлшемі0,69 Mb.
#165228
түріОқулық
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   173
Байланысты:
АХМЕДИ-ЫСҚАҚОВ-Қазіргі-қазақ-тілі

§ 7. ГРАММАТИКАЛЫҚ КАТЕГОРИЯЛАР ТУРАЛЫ ТҮСІНІК
Грамматикалық категория ретінде қаралатын я та- «ылатын грамматикалық құбылыстың өзіне тән жалпы грамматикалық мағынасы және ол мағынаны білдіре- тін дербес грамматикалық формасы болуҒа тиіс. Мыса- лы, тәуелдеу категориясының қазақ тілінде және басқа түрік тілдерінде өзіне тән жалпы граі^матикалық ма- ғынасы және сол мағынаны білдіретін өзіне лайық грам- матикалық формасы бар.
Грамматикалық категория тікелей сөйлемдегі сөз- дерге және сөз тіркестеріне тән жалпы грамкатикалык мағынамен байланысты болады.1 Жалпы грамматика- лық категориялар ішінара морфологиялык. категориялар және сиңтаксистік категориялар болып екі салаға бөлі- неді. Осыған орай, грамматиканың морфология атты тарауы морфологиялық категорияларды тексереді де,

18

синтаксис атты тарауы синтаксистік категорияларды тексереді.
Морфологиялық категориялар деп жеке сөздердің езгерілуі (түрленуі) арқылы туатын жалпы граммати- калық мағыналарды айтамыз. Мысалы, Құлпыртып ән салайық түрден түрге: Бастайьщ ілгері адым өрден-өрге
(И. Байзақов) деген сөйлемдердегі әр сөз белгілі-бел- гілі морфологиялық формалар арқылы бір-бірімен қа- рым-қатынасқа түсіп, тиісті грамматикалық мағыналар- ды білдіріп түр. Олар мыналар: бірінші сөйлемдегі
қүлпыртып сөзі әуелі — т (қүлпырт), одан кейін -ып (қүлпыртып) формалары арқылы екі түрлі морфоло- гиялық өзгеріске үшырап барып, салайық сөзімен тір- кесіп, екі түрлі грамматикалық мағына білдіріп түр. Ол әуелі өзгелік етіс мағынасын, одан дейін — көсем- шенің негізгі істі айкындап түратын түрінің беретін мағынасын білдіреді; екінші сөйлемдегі ілгері сөзі бас- тайьщ сөзімен тіркесіп, негізгі істі айқындайтын мағы- наны аңғартады, бірінші және екінші сөйлемдердегі ән- ді, адамды сөздері табыс септіктің -ді (-ды) формасы арқылы, салайық, бастайык, сөздерімен қатынасқа тү- сіп (тіркесіп), оларды іспен тікелей байланыстыратын мағына береді; түрге, өрге сөздері барыс септіктің -ге формасы арқылы қулпыртып салайық, ілгері бастайық 'сөздерімен қатынасып (тіркесіп), бет алыс — бағытқа меңзейтін мағынаны көрсетеді, түрден, өрден сөздері -ден формасы арқылы өздерінен кейінгі түрге, өрге сөздерімен қарым-қатынасқа түсіп (тіркесіп), істің я амалдың бір орыннан (я дәрежеден) екінші орынға (дә- режеге) кешетінін білдіріп түр.
Жар қабаща иін тіресе салынған сарайлар, мастер- скойлар, складтар, көмір атжалдары, барактар, үзын- ұзын мойындар үлкен қаланың бір шетіне •уқсайды (Ғ. Мүсірепов) деген сөйлемдегі сарайлар, мастерской- лар, складтар, атжалдар, барактар, мойындар деген сөздерді сарай, мастерской, склад, атжал, барак, мойын сөздерімен салыстырсақ, әрине, олардың сыртқы мор- фологиялық формаларынан көптік мағына және жеке я даралық мағына аңғарылады.
СөйтіпД^сөйлемдегі сөздер өзара бір-бірімен қарым- қатынасқа түсудің нәтижесінде, әр түрлі морфология- лық өзгерістерге үшырап та, оған үшырамай-ақ әр түрлі синтаксистік тәсілдер арқылы да өзара байланы- сады; осындай грамматикалық қүбылыстардың арқасын-

19



да сөз тұлғаларынын түрленулеріне, тіркесу тәсілдері- ніц құбылуларына қарай, ол сөздерге әр түрлі грам- матикалық мағыналар үстеліп, әр қилы грамматикалық қызмет атқару қабілеті пайда боладьі. Ол грамматика- лық мағыналар мен грамматикалық формалар сөйлем- дерде қолданылатын сөздердің бойындағы жалпы қа- снеттері ретінде көрініп отырады. Осы себептен де грам- матикалық мағыналар мен грамматикалык формалар әрқашан жалпы гр^амматикалық қүбылыс делініп есеп- теледуМүндай жалпы грамматикалық мағына мен жал- пы грамматйкалық форма тұтас бір грамматикалық құ- былыстың әрі өзара бірі мен бірі тығыз байланысты екі жағы ретінде, әрі сол екеуінің бірлігі ретінде қара- лады. Міне, осындай бір тұтас грамматикалық құбы- лыс әдетте грамматикалық
категория деп есептеледі. Дсмек, тілдегі өзіне тән грамматикалық формасы (тәсі- лі) бар жалпы грамматикалық мағына грамматикалық категория деп аталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   173




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет