ЕРЕЖЕ
«МЕНІҢ АРМАНЫМДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН»
тақырыбындағы эссе байқауы
Жалпы ережелер
1. 2022 жылдың 22 қазан күні Республика күнін мерекелеу аясында 5-11 сынып оқушылары арасында «Менің арманымдағы Қазақстан» атты республикалық эссе байқауының облыстық кезеңі өтеді.
2. Нағыз ереже өз шығармасындағы байқауын өткізу туралы (бұдан әрі-ереже) мақсаттар мен міндеттерді белгілейді, байқауыды ұйымдастырушылар мен қатысушылардың құқықтары мен міндеттерін айқындайды.
2. Байқаудың мақсаты мен міндеттері
1. Дарынды балаларды интеллектуалды дамыту және қолдау үшін жағдай жасау.
2. Оқушылардың өзіндік шығармашылығын көрсетуіне және жеке дамуына ықпал ету.
3. Балалардың әдеби шығармашылығын насихаттау және дәріптеу.
4. Өскелең ұрпақтың патриоттық сезімін тәрбиелеу.
5. Қазақ елінің мемлекеттілігін, елдігін, ынтымақ-бірлігін, тұтастығын қорғау жолында ерен еңбек еткен ұлт қайраткерлерінің, сондай-ақ заманымыздың батыр тұлғаларының еңбектерін насихаттау арқылы оқушыларды, студенттерді Отанды сүюге, өз елін, тарихын білуге ынталандыру;
6. Жастардың бойында ұлттық сананы ояту, жас ұрпақтың туған халқына деген құрметін, сүйіспеншілігін, мақтаныш сезімін қолдау, олардың бойына ұлттық рухты сіңіру.
3. Байқауға қатысушылар
1.Шараға мектептердің 5-11-сынып оқушылары қатыса алады.
4. Қатысу мерзімдері мен тәртібі
1. Білім беру ұйымы байқауға бір қатысушыдан ұсына алады. (әр қатысушыдан бір эссе).
2. Байқауға қатысу үшін 2022 жылғы 20-21 қазаң аралығында электронды мекен-жайға жолдау қажет otdelvrsko@mail.ru
3. Байқауға қатысуға өтінім (1-қосымшаны қараңыз);
Жұмыс 3 тілде жіберілуі мүмкін.
Эссені ресімдеуге және бағалауға қойылатын талаптар:
- риторикалық сұрақ қою;
- тезис жасау арқылы тақырыпты ашу;
- аргумент арқылы дәлелдеу.
Қорытынды жасай отырып өз пікірін білдіре алу.
Грамматикалық жағынан дұрыстығы:
- тақырып бойынша ой жүйесі;
- стилі;
- емлелік қателер;
- тыныс белгілерінің дұрыс қойылуы;
- Көлемі 2 - 2,5 бет;
- Times New Roman, 12 шрифт.
Достарыңызбен бөлісу: |