Ережес І і. Жалпы ережелер



Дата04.07.2018
өлшемі4,66 Mb.
#46440
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Л.Н. ГУМИЛЕВ АТЫНДАҒЫ ЕУРАЗИЯ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ



А Қ П А Р А Т Т Ы Қ Х А Т
«РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ: ҚАСИЕТТІ ТУҒАН ЖЕР»

атты республикалық қашықтықтан өткізілетін ғылыми жобалар байқауының



Е Р Е Ж Е С І
І. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ұйымдастыруымен «РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ: ҚАСИЕТТІ ТУҒАН ЖЕР» атты республикалық қашықтықтан ғылыми жобалар байқауы 8.10.2017-08.11.2017 жылдың аралығында өтеді.

Байқау жұмыстарына қатысуға мектеп, арнаулы және жоғары оқу орындарында білім алатын студенттер мен оқушыларды және оқытушылар мен мұғалімдерді шақырамыз!



Мақсаттары:

  • Қазақстан Республикасы – тәуелсіздігінің қалыптасу, даму кезеңдерін жоғары оқу орындарының колледж және мектеп оқытушылары арасында ғылыми-зерттеу әлеуетін тереңдете отырып, туған жерге деген сүйіспеншілігін арттырып, патриот жастарды қалыптастыру. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетімен арнаулы орта және мектеп оқушылары арасындағы байланысты күшейту.

Міндеттері:

  • Білім беру ұйымдарының оқытушылары мен мұғалімдерінің білім беру тәсілі саласындағы тәжірибе алмасу сабақтастығы;

  • Қазіргі Казақстандық қоғамның жетістіктері, мәселелері, болашақтағы дамуын талқылау.


II. БАЙҚАУДЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ

2.1. Астана қаласы, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Тарих факультетінің сайтына hist.enu.kz 2017 жылдың 13 қаңтарында сағат 15:00-де жарияланады. Жұмыстар enu.bilim.kz @mail.ru почтасы бойынша қабылданады


IІІ. БАЙҚАУДЫҢ ҚАТЫСУШЫЛАРЫ

3.1. Жоғары және арнаулы оқу орындарының оқытушылары мен мектеп мұғалімдері және студенттер мен оқушылар республикалық қашықтық байқауға қатысу мүмкіндігіне ие.

3.2. Байқау қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде өтеді.

ІV. БАЙҚАУ ЖҰМЫСЫНЫҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ

Мектеп, арнаулы және жоғары оқу орындарында білім алатын студенттер мен оқушылар үшін:

4.1. «Туған жертуған көше, туған қала тарихы» атты номинация бойынша!
Оқытушылар мен мұғалімдер арасында өткізілетін байқауда

төмендегі номинация қамтылуы тиіс:



4.2 «Рухани жаңғыру: ұлт болашағының жарқын кепілі» атты ғылыми зерттеу

жобалары.

4.3. «Алаш зиялыларының ұлт мүддесі үшін жасаған ерен еңбектері» атты ғылыми зерттеу жобалары.

4.3. «Ұлттық код:ұлттық мәдениет, салт-дәстүріміз» атты ғылыми жобалар, сабақ

жоспарлары, сценарийлер сұраныспен бірге жіберілуі тиіс және бір файлда болуы

қажет.


V. ҒЫЛЫМИ ЖОБА БАЙҚАУЫНА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР

5.1.Байқауға қойылатын талаптар:

- тақырыптың өзектілігін айқындау;

- жұмыстың ғылыми және тәжірибелік мәнділігі;

- зерттелетін мәселенің талдауы мен жинақылығы;
VІ. ҰЙЫМДАСТЫРУ КОМИТЕТІ


    1. Қ.О. Сейтказина – Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті

Тарих факультеті деканының оқу-ісі жөніндегі орынбасары

    1. Б. Мұратбекқызы - Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті

Тарих факультеті кәсіби бағдар жұмысына жауапты аға оқытушы

    1. С.Т. Набиев - Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті

Тарих факультеті Еуразиялық зерттеулер кафедрасының докторанты
VIІ. ЖЕҢІМПАЗДАРДЫ МАРАПАТТАУ

7.1. Байқаудың жеңімпаздары І, ІІ, ІІІ-ші дәрежелі дипломдармен марапатталады және сертификаттар беріледі, үздік ғылыми-жобалар республикалық жинаққа енгізіледі.

7.2. Байқау жеңімпаздар мен жүлдегерлер әділқазы мүшелерінің шешімі бойынша анықталады.

Ғылыми мақаланы рәсімдеу тәртібі

Мәтін Microsoft Word мәтіндік редакторымен терілуі керек және WORD редакторында «Times New Roman» шрифтімен (шрифт өлшемі – 14, жоларалық интервал – 1, азат жол – 1,25 см.) жазылуы тиіс. Жоғарғы және төменгі шеттері – 20 мм, сол жағы – 30 мм, оң жағы – 10 мм. Жұмыс жазылған файлдың атауы автордың тегімен жазылуы тиіс, мысалға: Ахметов Оспан.doc немесе Ахметов Оспан.docx

Ғылыми жоба 5 беттен кем болмауы керек және егерде бөгде автордың пайдаланған әдебиет ретінде өзге адамның жұмысын пайдаланса онда сілтеме жасауы керек.

Әдебиеттер тізімі бойынша сілтемелер мақаланың соңында көрсетіледі, мақала мәтіні электрондық нұсқада жолданады.

Көрсетілген уақыттан кешіктіріліп немесе көрсетілген талаптарға сай келмейтін материалдар қаралмайды және кері қайтарылмайды.

Ұйымдастыру комитеті мақалаларды таңдау құқығына ие.



Байқау жұмысын қорытындылау

Байқау қорытындысы 2017 жылдың қаңтар айының 13-күні hist.enu.kz сайтында жарияланады.


Байқауға өтініштер 2017 жылдың қаңтар айының 8-не дейін, көрсетілген почта бойынша enu.bilim.kz @mail.ru де қабылданады.
Анықтама үшін: 8778-742-74-40 е-mail: enu.bilim.kz @mail.ru

«РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ: ҚАСИЕТТІ ТУҒАН ЖЕР»

атты байқауға қатысу
Өтініші

Облыс, аудан, қала, село (ауыл) атауы




Білім беру мекеменің атауы




Байқау мен номинацияның атауы




Педагогтер үшін: қатысушының тегі, аты-жөні, лауазымы;

Білім алушылар үшін: қатысушының тегі, аты-жөні,

жас ерекшелігі;



Жетекшісінің аты-жөні, жұмыс орны, лауазымы




Телефоны, ұялы, е-mail




3х4 фотосы







Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет