Ерейментау аудандық білім бөлімі
Тайбай орта мектебі
Ойын сайысы
Тақырыбы:
Озық ойлы тапқырлар
Өткізген:Жагипарова К.Ж.
28.11.2015ж
Тақырыбы:Озық ойлы тапқырлар
Мақсаты:1.Білімділік:Оқушылардың математика қызығушылығын,ынтасын,зейінін арттыру,алған білімдерін тереңдету.
2.Дамытушылық.Ой-өрісін кеңейту,логикалық ойлау қабілеттерін дамыту,ұжымшылдық қабілетін дамыту.
3.Тәрбиелік.Оқушыларды жеке тұлға етіп қалыптастыру.
Типі:Білім жетілдеру сабағы. Түрі:Жарыс сабақ.
Көрнекілігі:Қанатты сөздер,қабырға газеті,кестелер,сөз жұмбақтар.
1-жүргізуші:
Сәлеметсіздерме оқушылар!
Нақты ғылымдарға қызығушылар.
Естігенін есте тұтып
Оқығанын миға тоқушылар.
2-жүргізуші:
Сәлеметсіздерме ұстаздар!
Айтар ойын тұспалдар.
Сіз оқытқан оқушылардың,
Сәті келді сыналар.
1-жүргізуші:
Есепті түрлі-түрлі шығарамыз,
Арасында ойын ойнап жарысамыз
Ойға оралымды,қиын сұрақ бәрі де бар.
Әзіл есепті де жүзеге асырамыз.
2-жүргізуші:
Олай болса,тұрмайық,
Кешімізді біз бастайық
Әділ баға қалтасы толы
Әділқазыларды шақырайық
1-жүргізуші:
Кешімізді бастамас бұрын әр топтың білімін дұрыс бағалау үшін әділқазылар алқасын сайлап алайық.Бүгінгі сайыс шарттары әрбір әділқазының алдында дайындалып қойылған.
2-жүргізуші:
Шын жүйрік шабысынан табылады
Нақты білім,терең ой сыналады.
Баға берер әділқазы ортамызда
Сіздерге құрметпенен қол соғылады.
Әр команданы ортаға шақырамыз,кешіміздің өтілу,тәртібімен таныстырайық.
1.Сәлемдесу.Әр топ өздерін таныстырады(аты,ұраны).
2.Үй жұмысы.Әр топтың көріністерін тамашалау.
3. Мақал-мәтелдер (цифрлардан құралған,жалғасын табу керек)
Мақал-мәтелдің басындағы сөйлемді оқиды,жалғасын сайыскерлер жалғастыруы керек.
1)2жақсы қас болмас,2жаман дос болмас.
2)Бес бармақ жиналса,жұдырық болады.
3)Отыз тістен шыққан сөз 30 рулы елге жетеді.
4)1кісі қазған құдықтан 1000кісі су ішеді.
5)7жұрттың тілін біл,7түрлі білім біл.
4.Логикалық есептер.
1)Қорада тауықтар мен қояндар жүр.Олардың бастарын санасаң 15 бас,аяқтарын санасаң 50аяқ болса,неше тауық,неше қоян бар? (5тауық,10қоян)
2)100санын 5 бірдей цифр арқылы жазып шық. (111-11=100,т.с)
3)Ешқандай арифметикалық амал қолданбай-ақ 666 санын 1,5есеге арттыр. (999,төңкеру керек)
4)88888888=1000.8цифрларының арасына қосу таңбасын қою арқылы 1000шығар.(888+88+8+8+8=1000)
5 Алты 1-ден 100 санын жаз. (777-77) /7 =100
6. Биіктігі 6 метр бағанмен ұлу өрмелеп шығып келеді. Күндіз ол 4 метр биіктікке көтеріледі, ал түнде ол 3 метр төмен түседі. Ол қанша күнде басына шығады? (3 күнде)
7. Шахматтан өткізілген ойынға 5 оқушы қатысады. Әр бір оқушы қалғандарымен кездесуі тиіс. Осы ойында неше рет кездесу болады. (10 рет)
8.Қосындысы мен көбейтіндісі бірдей болатын сандарды табыңдар.
1+2+3=1*2*3 2*2=2+2
9.Жыл он екі айдың ішінде 30 және 31 сандары ауысып отырады.Ал 28 саны қай айда кездеседі. Шешуі: 28 саны барлық айда бар.
10.Оңынан да солынан да жазғанда өзгермейтін цифрлар бар. Ол қандай цифрлар?
Шешуі: 1961 және 1881
11.Бес тоғыздықпен .Бес тоғыздық арқылы 10 жазыңыз.Кем дегенде екі әдісін көрсетіңіз.
5.Білгенге маржан «Қазақша жыл аттары»
1.Тышқан 7.Жылқы
2.Сиыр 8.Қой
3.Барыс 9.Мешін
4.Қоян 10.Тауық
5.Ұлу 11.Ит
6.Жылан 12.Доңыз
Туған жылға 9-ды қосып,12-ге бөлгенде қалған қалдығы өзіңіздің туған жылыңыз болып шығады
6.Бізде қызық ойын бар
Ал ықылас қойыңдар
Қәне,тартып сақтайық
Баспалдақтан аттайық
Есептеуден қалмайық
Жүлдені жеңіп алайық
7.Ертегі еліне саяхат
Ертегі айту:Ы.Алтынсарин «Бай баласы мен жарлы баласы»
Асан мен Үсен деген қойшы кездесіп,қойларын бөліске салады.Асан Үсенге айтады.Маған бір қой берсең менің қойларым сенікінен 2 есе көп болады.Ал Үсен оған «Жоқ сен маған бір қойды берсең екеумізде тең болады» дейді.Сонда әр қайсысында қанша қой болған?
(7қой;5қой)
Өлең:
«Шәкіртім,жарқын сенің келешегің,
Алдыңда қарызың көп берешегің»
1-жүргізуші;
Санаңды сенің толтырар,
Есептану пәні бар.
Сабағыңды егер оқысаң,
Өмірде саған жол болалар.
2-жүргізушіҚадірін білсең егер сен, Қол ұшын берер ол саған.
Есептеп жүрсең бәрін де,Сүрінбейсің өмірде.
1-жүргізуші;Сайысымыздың соңғы сәті таяп қалды.Ал қазір әділқазылар сөз алады.Сайысымыздың жеңімпаздарын анықтап,мақтау қағаз,сыйлықтарын тапсырды . Қорытындылау:жеңімпаздарды марапаттау.
Достарыңызбен бөлісу: |