Әрекеті Тақырыбы



Дата25.12.2016
өлшемі157,29 Kb.
#4662
Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласы,

№44 “Жанар” бөбекжай бала-бақшасының

№2 “Балапан” бірінші сәбилер тобының

тәрбиешісі Мауленқұлова Айжан Оспанқызы



Ашық ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті

Тақырыбы: «Үй құстарына жем береміз»
Білім беру саласы: Қатынас

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекет түрі: Тіл дамыту.

Мақсаты: Үй құстарына және олардың пайдасы туралы түсіндіру. Сурет бойынша әңгіме құрастыру арқылы ауызекі сөйлеулерін дамыту. Балаларды үй құстарын қамқорлыққа алуға баулу.

Көрнекіліктер: Қыз баланың тауықтарға жем беріп жатқан суреті.


Оқу іс-әрекетінің кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

М.Қ.

Ү.Қ.


Балалар бүгін біздің ұйымдастырылған оқу іс-әрекетіміз ерекше болып өткелі тұр. Балалар апайлармен амандасып алайықшы. Балалар шаттық шеңберге тұрып айтады.

Қайырлы таң балалар.

Балалар жылдың қазір қай мезгілі?

Көктем мезгілі немен ерекшеленеді, не жауады?

Ия, балалар көктем мезгілінде жаңбыр жауып, күн жылынып, ағаштар бүршік атып, гүлденеді.

Балалар бүгін біздің ұйымдастырылған оқу іс-әрекетіміз: “Үй құстарына жем береміз”. Балалар үй құстарына қандай құстар жатады?

Ия балалар дұрыс айтасыңдар. Сондықтан біз оларды үй құстарына жатқызамыз. Бұл құстарды үйде ұстап күтім жасайды, жем беріп, су беріп, астын тазалап күтіп баптаймыз сондықтан оларды үй құстары деп атаймыз. Балалар мына тауыққа сипаттама жасаймыз.

Тағы қандай пайдасы бар, несін жейміз, не аламыз, не береді бізге?







Балалар мына суретке қараңдаршы бұл суретте не көріп тұрсыңдар кәне кім айтады?




Балалар тауық қалай дыбыстайды?


Әтеш қалай дыбыстайды?
Балапандар қалай дыбыстайды?

Кәне балалар үй құстарына арналған тақпақтарыңды айтып жіберіңдерші.



Сергіту:

Чип-чип шөжелерім,

Мамық жүнді шөжелерім

Нәзік жүнді шөжелерім,

Көк шалғында жайылыңдар.

Тез-тез кеп жайылыңдар.


Қимылды ойын:

10 мысық пен балапандар.


Тәрбиеші балалардың жасаған қимыл-қозғалыстарын, сұрақтарға жауап бергендерін бағалайды.




Күтілетін нәтиже:
Біледі: Құстарды сипаттау туралы әңгіме.
Игереді: Ұй құстары құрастыра білу дағдысын.
Меңгереді: Шөжелердің қимыл қозғалыстарын салады.

Арайлап таң атты

Алтын сәуле таратты.

Жарқырайды даламыз,

Жарқырайды түсті қаламыз!

Қайырлы таң апайлар!

Көктем мезгілі.

Жаңбыр жауады.

Тауық, әтеш, қаз, балапан.


Тұмсығы, көзі, қанаты, құйрығы, аяғы, қауырсыны.

Жұмыртқасын, етін жейміз.

Суретке қуанады.

Балалар суреттен көргенін әңгімелеп береді.

Қыт-қыт.
Ку-ка-ре-ку.


шық-шық.

Тақпақтар.

Тауықтарды жинапты

Оны ешкімге қимапты

Бетегесін толтырып

Қанбасына қоймапты.

Қыста тауық қақылдап

Тары іздеп жүр тақылдап.


Жем бергенде және жейді,

Кел дегенде келмейді.

Балапаным сары үрпек,

Әрі қорқақ, әрі үрпек.

Үйрегім-ай, үйрегім

Келіп жүрме билегің?

Жүшгіштігің керемет суда.

Жарыс болса егер.

Бас байгені беререм.

Ән ырғағымен қимылдар жасайды.

Балалар қимылды ойынды ойнайды.

Балалар құстарға қамқорлық жасауды үйренеді.





Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет