«Ұлан ауданы білім, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мм кмқК «айгөлек» балабақшасы бірінші сәбилер тобындағы балалардың сезімін тәрбиелеу жұмыстарының нәтижелері



бет1/3
Дата26.08.2017
өлшемі0,84 Mb.
  1   2   3
«ҰЛАН АУДАНЫ БІЛІМ , ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ЖӘНЕ СПОРТ БӨЛІМІ» ММ

КМҚК «АЙГӨЛЕК» БАЛАБАҚШАСЫ

Бірінші сәбилер тобындағы балалардың сезімін тәрбиелеу жұмыстарының нәтижелері

Әдістемелік құрал

Бозанбай ауылы, 2016ж

Құрастырған: тәрбиеші Ағзам Асима Ағзамқызы

Балабақшадағы бар әдебиетті, дидактикалық құралдарды қолдана отырып, бірінші сәбилер тобына арналған перспективалық жоспар құрып, ойындарды жинадым. Бұл құрал балабақша тәрбиешілеріне арналған.



МАЗМҰНЫ:

Тәрбиеші туралы мәлімет.

1. Балабақшадағы сенсорлық тәрбиенің мақсаттары

2. Сенсорикалық тәрбиенің баланың дамуындағы орны

3. Бірінші сәбилер тобына арналған перспективалық жоспар

4. Сенсорикадан өткізілетін диагностика

5. Қолданылатын ойындар

6. Өткізілген сабақтардың технологиялық карталары, фотосуреттер

7. Қорытынды

8. Пайдаланылған әдебиет

Мен, Наурызбаева Асима Агзамовна, балабақшада екінші санатты тәрбиеші қызметін атқарып жүрмін.

«Балабақшадағы балалардың сенсорикалық құзыреттілігі мен біліктілігін мақсаттылық жұмыс арқылы дамыту» тақырыбы бойынша жұмыс істеймін.

Мақсаты:

Балалардың сенсорикалық құзыреттілігі мен біліктілігін дамыту үшін мақсаттылық жұмыстын маныздылығы мен орнын көрсету.



Міндеттері:

1.Сабақтардың жоспарларын жасау, өткізу;

2. Көрнекі құралдарды жинақтау;

3. Топтағы даму орталығын толықтыру.



Күтілетін нәтиже:

Тәрбиешілерге арналған « Бірінші сәбилер тобындағы балалардың сезімін тәрбиелеу жұмыстарының нәтижелері» тақырыбында құрал шығару.



1. БАЛАБАҚШАДАҒЫ СЕНСОРЛЫҚ ТӘРБИЕНІҢ МАҚСАТТАРЫ

    Білім беру жүйесін реформалау жағдайында оқыту мен тәрбиелеудің жеке тұлғаға бағдарлануы басты орынға шығып отыр. Сондықтан да білім берудің жаңа моделін құру жағдайында мектепке дейінгі тәрбие мен білім беруді ұлғайту, балалардың жан-жақты дамуына бастапқы мүмкіндіктерді қамтамасыз ету негізгі міндет болып табылады.



    Мемлекеттік жалпы міндетті мектепке дейінгі жастағы балаларға білім беру стандартында  «Мектепке дейінгі білімнің нәтижеге бағытталған жаңа моделінің педагогикалық үрдісі баланың психологиялық қорғанышын, өмірге деген сенімділігін, өмір сүру қуанышын /психологиялық саулығын/, жеке тұлғалық қалыптасуын / жеке мәдени базасын/, сонымен қатар балалар мен педагогтерді артық жүктемелерден қорғайтын, жеке бағыттағы сипатты көрсетеді », – делінген.         
    Мектеп жасына дейінгі баланы дамыту үшін жас баланың психологиялық ерекшелігін жақсы білу керек.Өйткені бала психологиясын білмей,баламен жұмыс жасап,одан нәтиже шығару мүмкін емес.[13,14]

Психолог - ғалым Ә.Алдамұратов сәби жастан бастап, баланың өсуін,дамуын үш кезеңге бөліп сипаттаған:
    «Алғашқы саты-сөйлеуге дейінгі кезең.Бұл кезең баланың екі айлығынан он бір айға дейінгі сатысы деп аталады.Екінші саты-баланың алғашқы тілінің шығу кезеңі-он бір айдан 1 жыл 7 айға дейінгі аралық. Үшінші сатыда бала тілдің грамматикасын меңгере бастайды. Бұл кезең үш жасқа дейінгі  уақытты қамтиды. Бала тілінің шығуы оның дүниетаным шеңберін кеңейтіп,сөйлеу тілін дамытады»,-деп қорытқан.[3,4]
    Мектеп жасына дейінгі баланың психикасы толық жетіліп қалыптаспағаны, қоршаған дүниені әлі толық танып-білмегені, сондықтан оның сөздік қоры да шамалы екенін барлық дерлік психологтар көрсетіп отыр. Т.Тәжібаев ол туралы былай деген:    «Мектепке дейінгі жастағы бала заттар мен құбылыстардың шын мазмұны мен қарым-қатынасын толық аша алмайды.Заттардың мазмұны мен ішкі байланыстарын дұрыс аша алмағандықтан, бала көбінесе заттардың сыртқы көрінісі мен құрылысына қарай бір-бірімен байланыстыра қабылдайды» – деген. Бұдан жас бала затты танығанмен, оның қасиетін бірден біле алмайтыны анықталды, олай болса заттың ішкі сырын ашуға тәрбиешінің көмегі керек екені анықталды.[5]
    Ал психолог Қ.Жарықбаев:    «Мектеп жасына дейінгі балалар түрлі нәрселерді ұстап, байқап, сипап қарайды, олардың формасын, үлкен- кішілігін көреді.Кейін есейіп, тәжірибесі артып, ой-өрісі кеңейген кезде заттардың кеңістікте орналасуын жақсы аңғара алатын болады» -деп көрсеткен.[10,11]
     Психолог ғалым М.Мұқанов     «қоршаған дүниеде заттар көп, олардың ұқсастығы да, айырмашылығы да бар. Мектеп жасына дейінгілердің таным әрекетінде қоршаған дүниенің заттары мен құбылыстары бірінен соң бірі тәртіпсіз көрінеді. Оны қабылдау үшін ойша тәртіпке келтіруді ұсынады. Ойша тәртіпке келтіру деп отырғаны мынау: құбылыстар мен заттар тым шексіз, түрі мен қызметі жағынан ұқсас болып келеді. Заттар мен құбылыстардың осындай ұқсас жақтарын, біріншіден, бір ұғымға жатқызып, топтастырып отыру қабылдау кезінде тәртіпсіздікпен күресуге мүмкіндік беретінін айтады. Екіншіден, тиісті нәрселерді ойша тәртіпке келтіру үшін нендей қасиеттер мен құбылыстар нәрсенің қандай түріне жататынын білу қажет. Үшіншіден, заттың салмағын, көлемін ұзын не қысқа екенін өлшемей-ақ білмесек, онда ортамызға бейімделу қиынға соғар еді».[11]     
    1 жастан 3 жасқа дейінгі сенсорлық тәрбие балалардың әр түрлі сенсорлық әсерлерін байытуға бағытталған.Ол баланың жалпы ақыл-ой дамуының негізін құрайды, сенсорлық эталондар мен қарапайым рәміздік нысандарды меңгеруге негізделеді  және кейінгі танымдық, интеллектуалды, шығармашылық қабілеттерді дамытудың алғы шарты болып табылады. Сенсорлық тәрбие жалпы сенсорлық қабілеттерді қалыптастыруды және   
балалардың бойында аналитикалық қабылдауда, түстердің үйлесімін,
заттардың пішіндерін тани білуді, шаманың жекелеген өлшемдерін ажыратуды көздейді.[9]
    Балаларды сенсорлық эталондардың көптеген түрлерімен және оларды жүйелеумен  тетелес таныстыру – мектеп жасына дейінгі балаларды сенсорлық тәрбиелеудің басты міндеттерінің бірі. Мұндай таныстырудың негізінде әрбір қасиеттердің негізгі жеке түрлерін тексеру мен есіне сақтау балалардың іс-әрекеттерін ұйымдастыру жатыр. Осы жеке түрлер эталондар мәніне ие болуы тиіс. Балаларды сенсорлық эталондармен таныстыру заттардың қасиеттерінің негізгі жеке түрлерін білдіретін сөздерді баланың есінде сақтауын ұйымдастыру болып табылады. Балаларға геометриялық пішіндердің, түстердің, шамалар қатынасының жеке түрлерін тек қана көрсетіп, олардың аттарын есте сақтауға қол жеткізген жағдайларда, тіпті дұрыс қолданатын сөздің өзі мектеп жасына дейінгі баланың ұғымдары мен қабылдауларын жетілдіруге себепші бола алмайды.[5]
    ХХ ғасырдың басында Монтессори талдау жасаған сенсорлық тәрбие жүйесі балалардың түстер мен реңктерді, пішіндер мен көлемдерді ажырату дәрежесі жоғары болуына қол жеткізуді өз алдына мақсат етіп қояды. Ол пайдаланған дидактикалық материалдар өзін-өзі бақылау принципіне сәйкес жасалған, сезімдік органдардың дамуы тіл дамуымен, өнімді қызметпен байланысты болған жоқ.
    Е.И.Тихеева сезім органдарын жетілдіру жұмысын бала тілінің дамуымен, қоршаған заттар дүниесімен таныстырумен байланыстырды. Ол жасаған дидактикалық материалдар, ойындар да түсті, көлемді, пішінді ажырата білуге бағытталған, балаларды заттардың қасиетімен, сапасымен таныстыру ойын әрекеті үстінде жүргізіледі, оның өзі білім мен ұғымды жақсы игеруге көмектеседі. Ойын - балалар үшін оқу да, еңбек те. В.Сухомлинский «Ойынсыз ақыл-ойдың қалыпты дамуы жоқ және болуы да мүмкін емес. Ол дүниеге қарай ашылған үлкен жарық терезе іспеттес, ол арқылы баланың рухани сезімі жасампаз өмірмен ұштасып, өзін қоршаған дүние туралы түсінік алады. Ойын - ұшқын білімге құмарлық пен еліктеудің маздап жанар оты» - деген ой айтқан.
Сенсорлық тәрбиенің негізінде баланың сезімін, есін кеңейту, дамыту жатады, сенсорлық тәрбие баланың заттардың қасиеттері мен сапасы туралы білімдерің қалыптастырады.Сенсорлық тәрбие – бұл сезіну мен қабылдаудың мақсаттылық дамуы.« Сенсорлық» деген сөз латын тілінен «sensus» деген сөзден аударғанда – « сезім», «сезіну», « қабылдау», « сезіну қабылеті» деп аударылады.

Сенсорлық тәрбиенің мақсаттары:

1. Баланың зерттеу қимылдарын қалыптастыру.

2. Балаларда сенсорлық үлгілерді қалыптастыру.

3.Балаларды өздігімен зерттеу қимылдарын, сенсорлық үлгілерін керекті қызметте қолдана білуге қалыптастыру.

Айналадағы өмірді тану сезіну мен қабылдаудан басталады. Адамның сезіну мен қабылдау қасиеттері дамыған болса, оның айналадағы өмір туралы білімдері кең және мағыналы болады. Сондықтан, баланың сенсорлық мәдениеті, оның сезіну және қабылдау қасиеттерінің дамуы оның танырлық қызметіне көп әсер етеді.[15]Сенсорлық мәдениеттін баланың эстетикалық тәрбиесінде де көп мағынасы бар.

Түстерді, дәм ерекшеліктерін, пішіндерді, дауыстарды айыра білу балаға музыка, көркем шығармаларды дұрыс түсінуге, тындаған музыкадан, көрген суреттерден, мүсіндерден ләззат алуға тәрбиелейді.Сенсорлық тәрбиені әр кезде өткізу керек – ойында, айналамен таныстырғанда, сурет салғанда, құрастырғанда, ән айтқанда, қозғалыста.

Балабақшада баланы түстерді білуге, айтуға, түс реңін білуге үйретеді, әр түсті бояуларды қосса, жаңа түстер, рең шығатынын, заттарды түстері бойынша салыстыруды үйретеді, түстер арқылы әдемі суреттер шығатынын көрсетеді.Балалар кеңістік туралы алғашқы білімдерін алады: алға –артқа, жоғары – төмен, алыс – жақын, оңға – солға, заттарды пішіні мен көлемі бойынша салыстырады.Уақыт, мезгіл туралы алғашқы білімдерін алады. Басында балаға «кеше», « бүгін», «ертең» деген ұғымдар қиын болады, бірақ тәжірибе арқылы олар түсіне бастайды.[2]. Сенсорлық тәрбие арқылы балалар әр түрлі дыбыстарды тыңдауға, айыра білуге үйренеді.( жуан – жіңішке, қатты – ақырын).

Сенсорлық тәрбие арқылы балалар заттардың әр түрлі қасиеттерін сезінуге үйренеді ( теп-тегіс, жұмсақ, мамық, үлпілдеген, қатты, ауыр, жеңіл, суық, ыстық) және оларды айтуға үйренеді.

Сенсорлық тәрбиенің тағы бір жағы – иісті және дәмді сезу. Сенсорлық тәрбие күнделікті өмірде, сабақта және ойындарда өткізіледі. Сенсорлық тәрбиеде қолданылатын ең басты әдіс – заттарды қасиеттерін білу үшін зерттеу. Зерттеу кезінде балалар заттардың көлемін, пішінін, түсін айыра білуге үйренеді.Үлгілер ретінде түстер, геометриялық денелер ( куб, шаршы, шар), әр түрлі музыкалық дыбыстар қолданылады.

Баланың сенсорлық тәрбиесінде айналамен таныстыру, қоршаған табиғат көп мағыналы орын алады. Әр түрлі заттарды қолдана отырып, бала түстерді, иістерді, дыбыстарды қабылдауға үйренеді. Сенсорлық тәрбие арқылы бала айналадағы өмірді қабылдауға, сезінуге үйренеді, көркем және бейне ойлау қасиеттері дамиды.



2. СЕНСОРИКАЛЫҚ ТӘРБИЕНІҢ БАЛАНЫҢ ДАМУЫНДАҒЫ ОРНЫ.

«Сенсорлық тәрбие» тақырыбы бойынша мен 2009 жылдан бастап жүмыс істедім.

Баланың дамуында сенсорикалық тәрбиенің орны өте зор. Бұл жұмыс сурет, мүсіндеу, құрастыру, жапсыру, айналамен таныстыру, көркем әдебиет, тіл дамыту сабақтарында, күнделікті серуенде , ойындарда, таңертеңгі шеңберде, бос уақытта өткізіледі.Дидактикалық ойындарды және жаттығуларды қолдану – ең басты тәсілдердің бірі. Баланың қолының дамуына көп мағына бөлу керек – себебі сурет салғанда, қиғанда, құрастырғанда, мозаикамен ойнағанда, бәрін қолымен істейді, сондықтан қол моторикасын жетілдіретін жаттығулар, ойындар көп қолдану керек, саусақ гимнастикасына көп көңіл бөлу керек

Сенсорика ойындарын өткізген кезде эстетикалық жағына көп көңіл бөлу керек – дидактикалық құралдар ашық, әдемі түсті болу керек

( кемпірқосақ түстері – цвета радуги), олар балаға қуаныш әкеліп, сенсорлық түсініктерін кеңейту керек.

Тематикалық жоспарлау жыл мезгіліне сәйкес болып, айналамен таныстыру сабақтарымен тығыз байланыста болу керек.

Мысалы:

«Тоғайлардың жапырақтары» тақырыбы бойынша сабақты көктемде өткізген жөн, суға бұтақты қойып, бүршіктердің ашылғанын бақылаған жөн. Бұл сабақты күзде де жапырақтар әр түсті болғанда өткізіуге болады.

«Түнгі шамдар» тақырыбы бойынша сурет салғанда, кешке үйлерде жанған шамдарды бақылау керек, ата-аналарға тапсырма беруге болады.

«Шөптегі гүлдер мен қоңыздар» тақырыбында сурет салғанда, көктемдегі жасыл көгал жерді, гүлдерді, қоңыздарды бақылаған жөн.

«Шырша» тақырыбына суретті жаңа жылдық мереке кезінде салған тиімді.

2012-2013 оқу жылында бірінші сәбилер тобы балаларымен зерттеу жұмыстарын жүргіздім. Топтағы балалардың дамуы өз жастарына сәйкес.

Балалар сабақта қызығушылық танытады, белсенді, өкініштісі көп балалардын тілдері әлі шықпаған.

Сенсорика сабағында әртүрлі дидактикалық құралдарды қолданамын: пирамидкалар, ойықтары бар тақтайлар, қорап, геометриялық фигуралар, әр түсті таяқшалар, мозаика, ашық түсті ойыншықтар. Түстерді , түстердің реңін білуге,геометриялық фигураларды айтуға, көлемін білуге үйретеміз. Ең басты тәсіл – заттарды, ойыншықтарды қолдану, оларды өзгертіп отыру.

«СЕНСОРИКАЛЫҚ ТӘРБИЕ» тақырыбы бойынша жұмыс мақсаттары:

1. Балаларды түстерді, пішінді, көлемді айыра білуге үйрету.

2. Табиғаттағы өзгерістерді бақылай білуге үйрену, қоршаған заттардың түсін, пішінін айыра білуге үйрету.

3. Дидактикалық ойындарды көп қолдану.

4.Білімдерін сурет, құрастыру, мүсіндеу, айналамен таныстыру сабақтарында қолдану, кеңейту.

5. Қол моторикасын дамыту.( ермексазбен , қарындашпен, конструктормен, мозаикамен үнемі жұмыс істеу)

6, Ата-аналармен жұмыс жасау, тапсырмалар беру.

3. БІРІНШІ СӘБИЛЕР ТОБЫНА АРНАЛҒАН ПЕРСПЕКТИВАЛЫҚ ЖОСПАР



Тақырыбы

Мақсаты

Керекті құралдар

Әдебиет

Қазан айы

1.

Заттардың түстерімен танысу.

Заттардың түстерін ажырата білу, дұрыс пайдалану.

Шелек, ұсақ әр түсті заттар.

Э.Г.Пилюгина, 28бет

2.

Заттардың көлемі

(величина)



Затты көлеміне сәйкес таңдап алу, үлкен және кішкентай ойыншықтармен қимылдар жасай білу..

Үлкен, кішкентай шелектер, 4 үлкен, 5 кішкентай кубиктер

Э.Г. Пилюгина, 26 бет

3.

Заттардың тұлғасы.(форма)

Ойыншықтардың әр түрлі тұлғасына көңіл бөлу, қызығушылық таныту.

Шелек, пирамидка, кубик, кірпіш, доп.

Э.Г. Пилюгина,

24 бет


4.

Пирамидкаларды жинау.

Пирамидкаларды түсіне, көлеміне сәйкес жинау.

Әр түрлі пирамидкалар

«Дошкольное воспитание», №4, 2009

5.

Бірдей дөңгелектерді таяққа еңгізу

Бірдей дөңгелектерді таяққа еңгізу

Әр түсті таяқтар

Пилюгина,32 бет; Винникова,12 бет

Қараша айы

1.

Үйлер мен жалаулар

Балалардың назарын әр түрлі затқа сәйкес түсті пайдалана білуге аудару.

Мозайка

Венгер, 68 бет; М. Сәтімбекова, 42 бет

2.

Көңілді Петрушка

Тындау қабілеттерін жетілдіру, дыбыс бойынша қимылдау.

Барабан, бубен, металлофон, пианино, дудочка, гармошка, ширма.

Е.А.Янушко «Сенсорное развитие детей раннего возраста».

3.

Бізге қонаққа мысық келді


Балалардың естуі мен ықыласын дамыту, заттардың көлемі мен мөлшері туралы білімдерін жетілдіру

Үлкен, кішкентай мысықтар, үлкен, кішкентай доптар, ыдыс, жастықтар, орындықтар.

Жоспары бар

4.

«Көкөністерді жинайық»

Көкөністерді танып, белгілі орынға орналастыру.

Үлкен карта-себет, ұсақ суреттер.

«Сенсорное воспитание в детском саду» Аванесова, 142 бет

5.

Түнгі шамдар

Түспен заттың манызды нышанын көрсетуге болатынын қалыптастыру, берілген төрт түстен қолайлы түсті таңдау.

Қара түсті қағаз, қызыл, жасыл, сары, көк бояулар.

Венгер, 70 бет.

Желтоқсан айы

1.

Заттарды көлемі мен тұлғасы бойынша орналастыру.

Қадағалайтын заттарды тұлғасы мен көлемі бойынша салыстыру.

8-10 тақтай, үлкен, кішкентай

Венгер, 62 бет

2.

Орманға серуендеу

Түстерді тану(қызыл, көк, сары, жасыл); Заттарды түстеріне сәйкес топтау, үлкен, кішкентай заттарды атау;

Үлкен аю кішкентай қонжық, қоян, тиін, сары, қызыл саңырауқұлақ тар, екі себет, екі шырша

Жоспары бар

3.

Берілген төрт заттың пішініне сәйкес екі затты таңдап алу.

Берілген төрт заттың пішініне сәйкес топтауға үйрету.

Қоржын, жастық, сәукеле, камзол суреттері салынған плакат.

Дидактикалық материалдар.



М. Сәтімбекова, 33 бет.

4.

«Бұл не?»

Балалардың тыңдау және сөйлеу қабілеттерін жетілдіру.

Ойыншықтар: мысық, ит, торғай, ат, сиыр, бақа, тышқан, тауық, ширма.

Е.А. Янушко, 58 бет

5.

Шыршалар мен саңырауқұлақтар

Мозайкамен жұмыс істеу білу, әр затқа сәйкес түсті тандау және орналастыру.

Мозаика

Венгер, 72 бет

Қаңтар айы.

1.

«Қоянға сәбіздер сыйлаймыз»

Заттарды көлемі бойынша екі топқа бөліп, орналастыру.

Үлкен, кішкентай сәбіздер, қорап.

Жоспары бар.

2.

Екі тұлғаны берілген 4-тен орналастыру.

Берілген 4 тұлғасынан екеуін таңдау, заттарды тұлғасы бойынша келістіру

8-10 комплект

; ;


;

Венгер, 65 бет.

3.

Су мен мұз

Су мен мұздың қасиеттерін бақылау.

Мұз, стақан, тазик, лейка, әр түрлі ыдыс.

Е.А. Янушко, 63 бет.

4.

Екі поезд.

Кубиктер, ойыншықтар, матрешкалар. (ұзын, қысқа, бірдей)

Кубиктер, ойыншықтар, матрешкалар. (ұзын, қысқа, бірдей)

Е.А. Янушко, 38 бет.

5.

Тауық пен балапандар.

Әр түсті мозайканы әр затқа сәйкес алып, оны орналастыра білуді бекіту.

Мозаика

Венгер, 73 бет.

М. Сәтімбекова, 52 бет



Ақпан айы.

1.

Заттарды түстері бойынша екі топқа бөлу.

Заттарды түсі бойынша тану, түстің ұқсастығы және айырмашылығы.

Әр балаға 5 таяқшадан (2 түсті).

Венгер, 58 бет.

2.

«Апельсин»

Берілген үш түстен қолайлы тоқсары түсті өздігімен таңдау, дұрыс қолдану.

Ашық көк түсті қағаз, бояулар (тоқ сары, қызыл, сары)

Пилюгина, 78 бет.

3.

Қаздар мен балапандар

Берілген 5 түстен үш тапсырылған түсті дұрыс таңдап, орналастыру.

Мозайка

Пилюгина, 82 бет.

4.

Оюлар.

Балалардың 5 түрлі түсті ажырата білуін бекіту. Заттарды түсіне сәйкес бірінің үстіне бірін қою арқылы салыстыруға үйрету.

5 түсті оюлар, немесе гүлдер.

М. Сәтімбекова, 51 бет.

5.

Пирамидкаларды жинайық.

Пирамидкаларды түсіне және пішініне сәйкес жинау.

Әр түрлі пирамидкалар.

«Дошкольное воспитание»,

№ 8, 2002



Наурыз айы.


1.

Әр түрлі кубиктер.

Бірнеше түсті кубиктерді таңдап алу, ойыншықтарды қолдана отырып тапсырмаларды орындау.

Кубиктер.

«Дошкольное воспитание», № 8, 2002

2.

Құрақ көрпе.

Берілген геометриялық пішіндерден көрпеше құрастыру, үшбұрыштарды, дөңгелектерді, төртбұрыштарды орынымен қоя білуге үйрету.

Әр түске боялнған қағаздар, әр түсті

М. Сәтімбекова, 36 бет.

3.

Дидактикалық ойын «Күн».

Түстерді ажырата білуді жаттықтыру.

Күннің суреті, ойыншықтар7

«Дошкольное воспитание», №8, 2002

4.

Қуыршақтарға әдемі моншақ сыйлаймыз.

Заттарды түсі бойынша топтастыру, моншақтарды жіпке тізуді үйрету.


6 түсті моншақтар, қуыршақтар.

Венгер, 66

бет


5.

Дөңгелек және шаршы.

Балалардың түйсік сезімін (осязание) жетілдіру, заттарды ұстап қарауға (ощупывать) үйрету.

Қорап, кубиктер, шарлар

Е.А. Янушко, 62 бет.

Cәуір айы.


1.

Түйіршіктерге (шариктерге) өз үйін тауып бер.

Түстері бойынша түйіршіктерді орналастыру.

Әр түсті түйіршіктер.

«Обруч» журналы.

2.

Суреттермен ойын.

Заттарды саны бойынша айыру, көп, аз, біреу, біреуде жоқ деген түсініктерді қолдануға үйрету.

Суреттер: жәшіктегі алмалар, себеттегі мысықтар, автобуста отырған адамдар, жұлдыздар мен ай, бұлттар мен күн және т.б.

«Дошкольное воспитание» № 8, 2002; №4, 2008. Е.А. Янушко 43 бет.

3.

Әр түрлі заттарды түсі бойынша байланыстыру.

Екі берілген түсті төрт берілген түстен таңдап алу.

8-10 үстелдер, қызыл-көк, сары-жасыл, қара-ақ, тоқсары-күлгін.

Э.Г. Пилюгина, 71 бет.

4.

Қуыршақтарға өз ойыншықтарын тауып берейік.

Біртектілік және әр түрлі тектілік заттарды түстері бойынша топтастыруды жаттықтыру.

Қуыршақтар (8 түсті көйлек киген), таяқшалар, саңырауқұлақтар.

Л.А. Венгер, 74 бет.

5.


Әр түрлі торсықтар.

Әр түрлі торсықтарды түстеріне қарай тақтайшаға орналастыру.

Фланелеграф тақтайшасы, 6 түсті қиылған жолақшалар, 15х15 см.

төртбұрыштар



М. Сәтімбекова, 47 бет.

Мамыр айы.

1.

Еркін тақырыпқа сурет салу.

Балалардың салатын суретіне сай түстерді таңдай білуін, жалпы түстер туралы білімін бекіту.

8 түсті бояулар, 1

түсті қағаздар, қылқаламдар.



М. Сәтімбе-

кова 45 бет; Э.Г. Пилюги-на, 83 бет.



2.

Берілген екі затты тұлғасы бойынша төрттің ішінен таңдап алу.

Әр түрлі тектілік заттарды тұлғасы бойынша орналастыра білуді жаттықтыру.

8-10 решетка, дөнгелек-шаршы, дөңгелек-үшбұрыш, дөңгелек-төртбұрыш, шаршы-үшбұрыш, шаршы-сопақша, шаршы-төртбұрыш, үшбұрыш-сопақша.

Э.Г. Пилюги-на, 66 бет.

3.

Әр түсті моншақтар.

Моншақтарды түсі бойынша алмастырып тізуді жаттықтыру.

2 түсті көлемі мен тұлғасы бірдей 8 моншақтар.

Л.А. Венгер, 78 бет.

4.

Құрғақ аквариум.

Түстері бойынша заттарды топтастыру.

Түрлі-түсті жапқыштар.

«Дошкольное воспитание» №4, 2003

5.

Құстарға жем берейік.

Заттарды түстері бойынша ажырата білу, орналастыру.

Ойын модульдері (пластмас бөтелкеден жасалған құстар және 8 түсті жапқыштар).

«Дошкольное воспитание» №4, 2008

4. СЕНСОРИКАДАН ӨТКІЗІЛЕТІН ДИАГНОСТИКА

Балалардың сенсорикалық дамуын тексеру үшін диагностика өткізген жөн.

(Т.В.Николаеваның методикасы бойынша өткізіледі).

Керекті құралдар:

1. 4 ойығы бар ағаш тақтай (дөнгелек, шаршы, үшбұрыш, дөнгелектің жартысы)

2. ағаш корап: дөңгелек, шаршы, төртбұрыш, дөңгелектің жартысы, үшбұрыш,алтыбұрыш тесіктері бар

3. пирамидка ( екі қызыл, екі сры, бір көк, көлемі үлкеннен бастап, кішірейе береді)

4. үлкен куб сары түсті, 2 үлкен куб қызыл түсті, 2 үлкен куб көк түсті.

5. 5 сары түсті үлкен шарлар, 2 ұлкен қызыл түсті шарлар, 2 үлкен көк түсті шарлар.

6. түрлі-түсті кубиктер – 5 сары, 3 қызыл, 3 жасыл, 3 тоқ сары, 3 ақ.

7. матрешкалар..

8. 3 жұп суреттер (2,3,4 бөлікке бөлінген).

2,5-3 жастағы балаға берілетін тапсырмалар:

1. геометриялық пішіндерді өз ойығына түсі және пішіні бойынша орналастыру.

2. заттарды түстері бойынща топтастыру.

3. матрешканы құрастыру.

4. пирамидкаларды құрастыру.( үлкеннен кішкентайға дейін)

5. суретті құрастыру (бөліктерінен).



Әрбір орындаған тапсырма бойынша не тіркеледі?

  • тапсырманы орындауға қызығушылық танытуы., тәрбиешімен ынтымақтастығы,

  • тапсырманы орындауы ( өздігімен, көрсеткеннен кейін, бірге, орындамауы).

  • нәтиже ( тәрбиешінің үлгісіне сәйкестігі, сәйкес болмауы, орындалмауы).

Кесте құрылады, ондағы «+» белгісі – бала тапсырманы өзі орындады,

«-» белгісі – тапсырманы бала өздігінен орындамайды, көбінесе тәрбиешінің көмегіне жүгінеді дегенді білдіреді.



Деңгейлері:

  • Жоғары деңгей – бала 4-5 тапсырманы өзі не тәрбиеші көрсеткеннен кейін орындауы.

  • Орташа деңгей 3 орындалған тапсырма.

  • Төмен деңгей – 1-2 орындалған тапсырма.



Бағаның 4 деңгейі:

1. Өз жасынан озық жүру: үлкенмен қарым-қатынасқа тез кіреді, тапсырмаларды қызығушылықпен, талаппен, байқаумен орындайды. Қолдары жақсы қалыптасқан.

2. Өз жасына сәйкес: өзі не тәрбиешінің көмегімен 4 тапсырманы орындайды, қателерін тәрбиешінің көмегімен түзейді.

3. Өз жасынан артта қалу: қарым- қатынасы қалыптаспаған, қателерін түземейді, қолының қимылдары нашар.



4. Өз жасынан едәуір дәрежеде қалу: ешқандай қызығушылық білдірмеу, көрсеткеннен кейін орындамау, өз бетінше заттармен ойнау, лақтыру, соғу.

Диагностика өткізудің маңызы: жеке жұмыс жоспарлауға, балаларды қызықтыруға, қол моторикасын жетілдіруге жоспар құруға, өз ісіне баға беруге, мақсаттар қоюға, жеке жұмыс жасауға көп мүмкіндік береді.

Қазан айындағы зерттеу хаттамасы:



Баланың аты-жөні

1 тапсырма

2 тапсырма

3 тапсырма

4 тапсырма

5 тапсырма

1.

Маркс Айзере

+

+

+

-

-

2.

Ержомарт Ерке

+

+

+

+

-

3.

Қанат Әбілсейіт

+

+

+

-

-

4.

Бекназарова Алина

+

-

+

+

-

5.

Тұрар Ұлар

-

+

+

+

-

6.

Кайрбаева Аружан

+

+

-

-

+

7.

Еркинова Алия

+

-

-

+

+

8.

Агзамов Ералы

-

+

-

+

+

9.

Женисбек Канат

-

-

-

-

-

10.

Адилбек Айсери

-

-

-

-

-

Каталог: uploads -> doc -> 01a7
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
01a7 -> Сабақ Қазақ тілі 6 сынып Сабақтың тақырыбы: Спортшы Бейбіт Сабақтың мақсаты: Мәтінді оқыта отырып, мазмұнын айтқызу және жоспар айтқызу
01a7 -> «Ағылшын және қазақ тіліндегі баяндауыш ұғымының салыстырмалы сипаты»
01a7 -> №256 орта мектеп Түгіскен 2015 жыл


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3


©engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

енгізу | тіркеу
    Басты бет


материалдарды жүктеу