Ересек тобы үшін білім барысын ұйымдастырудың технологиялық картасы Білім беру бөлімі: «Таным» Қоршаған ортамен танысу,Құрастыру. Тақырыбы: «Менің рәміздерім- тәуелсіздіктің белгісі»



Дата02.07.2018
өлшемі32.34 Kb.
Ересек тобы үшін білім барысын ұйымдастырудың технологиялық картасы
Білім беру бөлімі: «Таным» Қоршаған ортамен танысу,Құрастыру.

Тақырыбы: «Менің рәміздерім- тәуелсіздіктің белгісі»

Мақсаты: Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күні мерекесі туралы мәлімет беру. «Тәуелсіздік» ұғымына түсінік беру.Республиканың тарихи қайраткерлеррімен таныстыру. Өз халқына, еліне деген сүйіспеншілік, мақтаныш сезіміне тәрбиелеу, құрастыруға іскерліктерін қалыптастыру, ой-өрістерін дамыту.

Сөздік жұмыс: Ту,Елтаңба,Флаг,Гимн .

Құралдар: Рәміздеріміздің суреттері, Д\ойын: «Рәміздерді құрастыр»


Іс - әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Баланың қызметі


Мотивациялық-қозғаушылық

-Балалар біздің сабағымыз бүгін өте ерекше.
«Менің рәміздерім- тәуелсіздіктің белгісі» деген тақырыпқа суреттер көреміз.

-Біз бүгін біздің ел қалай тәуелсіз болғаны жайлы айтамыз.

-Еліміздің елбасшысы кім?


Балалар қызықты сабақ болатынына қуанып,

мұқият тыңдап отырады.


Суреттерді қызыға қарайды.


Жауаптары:

Нұрсүлтан Әбішұлы Назарбаев



Ұйымдастыру-

іздену


Ақпарат беру:

1992 жылы Қазақстан Республикасының нышандары бекітілді. Қазақстанның президенті Н.Ә.Назарбаевтың мына бір сөзіне құлақ салайық; «Біз тәуелсіздікті аңсап, зарығып жеттік. Енді сол тәуелсіздіктің қасиетті белгілерін де ерекше қадірлеуіміз, қастерлеуіміз керек. Әрбір азамат Қазақстанның жалауын, елтаңбасын, әнұранын тұмардай тануы қажет. Елдігіміздің саналатын бір тұсі осы»-деген екен.

Еліміздің рәміздерін кім атайды?
Енді осы рәміздерді кім сипаттап береді?

Д\ойын: «Рәміздерді құрастыр»
Мен балаларды екі топқа бөлемін:
Ақпарат беру:

1992 жылы 4 маусым Қ.Р-ның Жоғарғы кеңесі Мемлекеттік рәміздерді қабылдады.

Еліміздің осы тәуелсіздікке жеткізген қайраткеріміздің бірі Тұрар Рұсқұлов.

Балаларға сурет көрсетеді.

Осыдан бері 16 желтоқсан біздің мерекеміз болып саналады,өйткені біз егеменді ел болдық.

Балалармен бірге өлең жолын жаттау.


Қашанда елтаңбамыз еңселі, туымыз бейбіт күнде желбіреп, әнұранымыз егемен елдің ашық аспанында шарықтай берсін!

тындайды
Тәуелсіздік жайында естиді, есте сақтайды.


тәуелсіздіктің қасиетті белгілерін де ерекше қадірлеп, қастерлеу керектігін естиді.

Балалардың жауаптары.

Ту,Елтаңба,Әнұран.

Ту көгілдір түсті аспанды білдіреді.Ортасында күн сәулесі,ал астынғы жағындақыран құстың суреті.

Туды бір бала шығып сипаттайды.

Екінші балаЕлтаңбаны сипаттайды.

Елтаңбаның негізгі ойын білдіретін ортақ элемент- шаңырақ. Шаңырақ- отбасы ынтымағы мен тыныштықтың нышаны. Түндік көк аспан аясындағы жарқын күнді білдіреді. Уықтар әлемдегі жылу мен тіршілік нышаны- күн сәулелерін еске алады Пырақ тұлпар биікке ұшуды, болашақты арман етуді бейнелейді. Пырақтың қанаттары шаңырақты- біздің ортақ үйімізді сақтайды. Алтын жұлдыз – ол биік ойлар белгісі.

-Бірінші топ тудың суреттін құрастырады, екінші топ елтаңбаны құрастырады.

-Балалардың барлығы әнұранды орындайды.

Балалар Тұрар Рұсқұловтың суретін қарастырады.


Тәуелсізбін көкте ғарыш айлағым,

Елі сенген Елбасым бар –айбарым

Әнұраным, Елтаңбам бар айбатты,

Бейбіт күнмен желбіре көк байрағым

Балалар кезекпен шығып тақпақтарын айтады.

Елтаңбасы елімнің,

Неткен көркем әдемі.

Тұнығындай көңілдің,



Ортада аспан әлемі.


Рефлексивті түзетуші

Тәуелсіздік жайында не түсіндіңдер?

Балалар не түсінгенің айтып береді.



Күтілетін нәтиже:

Ұғынады: Өзіне құрметпен қарап, мейірімді, қайырымды және басқа да ізгі қасиеттерді ұғынады.

Түсінеді:Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күні мерекесі туралы түсінеді.

Қолданады: Бірнеше бөліктерден тұтас суретті құрастырады.
Каталог: wp-content -> uploads -> lessons
lessons -> Сабақтың тақырыбы Оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер Сабақта 7 модульдің кіріктірілуі
lessons -> Қазақстан Республикасының Конституциясы туралы мағлұмат
lessons -> Сабақ жоспары (Өңделген оқулық бойынша жасалған) Алматы 2010
lessons -> Сабақтың тақырыбы: Абайдың қара сөздері
lessons -> Тәрбие сағатының тақырыбы: «Көкжиегім келешегім» Тәрбие сағатының мақсаты
lessons -> Сабақтың тақырыбы: Олжас Сүлейменов «Арғымақ», «Қыз қуу», «Махамбетке» 2
lessons -> Сабақтың тақырыбы:
lessons -> Сабақтың тақырыбы Оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер Сабақта 7 модульдің кіріктірілуі
lessons -> Сабақтың тақырыбы: Кіріспе. Әдебиет өнердің бір саласы Сабақтың мақсаты: Білімділік
lessons -> Тәрбие сағатының тақырыбы: Елбасы-ел тірегі Мақсаты


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет