Әуелсіз Қазақстанның өткені мен бүгінгі жетістіктері



Дата27.10.2022
өлшемі18,75 Kb.
#155189
Байланысты:
уелсіз аза станны ткені мен б гінгі жетістіктері


Тәуелсіз Қазақстанның өткені мен бүгінгі жетістіктері
Еділ мен Ертістің арасындағы далалық алқапта көшпелі империялардың ұрпақтары
уақыт өте келе қазақ деген біртұтас халыққа бірікті. Қазақ хандығы құрылып, Керей мен
Жәнібек, Қасым мен Хақназар, Есім мен Тәуке, т.б. хандар Дешті Қыпшақтың қуатты
әміршілері болды. Алайда тағдырдың талабымен қазақ елі дербестігінен айырылып, қазақ
жері Ресей империясының құрамына енді. Тәуелсіздікті қайтадан қалпына келтіремін деген
«Алаш» зиялыларының демократиялық идеялары сәтсіздікке ұшырады, 1930-жылдардан
бастап, тоталитарлық жүйе халықтың тілі мен өмір салтына, тарихы мен мәдениетіне орасан
зор зиянын тигізді.
Бірақ 16 миллион халқы бар көпұлтты Қазақстан мемлекеті 1991 жылы 16 желтоқсанда
тәуелсіздігін қайта жариялады. Дәл осы күні Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің
жетінші сессиясында парламент депутаттары «Қазақстан республикасының мемлекеттік
тәуелсіздігі туралы» Заң қабылдады. Заңның бірінші бабында: «Қазақстан Республикасы
тәуелсіз мемлекет деп жарияланды. Ол өзінің жеріне,ұлттық табысына жоғары иелік ету
құқығы бар,тәуелсіз сыртқы және ішкі саясатын жүргізеді,басқа шет мемлекеттермен
халықаралық құқықтық принциптері негізінде өзара байланыс жасайды» — деп көрсетілді.
«Республиканың барлық ұлттарының азаматтары Қазақстанның біртұтас халқын
құрайды, олар республикадағы егемендіктің бірден-бір иесі және мемлекеттік биліктің
қайнар көзі болып табылады. Республика азаматтары өздерінің ұлтына,ұстайтын
дініне,қандай қоғамдық бірлестікке жататынына, тегіне, әлеуметтік және мүліктік
жағдайына,шұғылданатын қызметіне, тұрғылықты орнына қарамастан бірдей құқықтар
иеленіп,бірдей міндеткерлікте болады» — делінген. Заңда Қазақстан Республикасы өз
тәуелсіздігі мен территориялық тұтастығын қорғау мақсатында өзінің Қарулы Күштерін
құруға хақылы екендігі, Республика азаматтарының әскери міндетін өтеу,оның тәртіптері
мен талаптары жөнінде айтылған. Сөйтіп 1991 жылы 16 желтоқсан республиканың тәуелсіз
күні ретінде бүкіл әлемге танылды.
Осыдан кейін Қазақстан тәуелсіз мемлекет ретінде дами бастады. Еліміздің жаңа
Конституциясының жобасы дайындылды. Облыстардың, қалалардың жане аудандардың
басқару органдарына реформалар жүргізілді. Өзінің тәуелсіздігін алған Қазақстан
Республикасын дүниежүзінің ондаған елі таныды. Біздің елді алғашқылардың бірі болып
Түркия,сол сияқты АҚШ, Германия, Франция, Ұлыбритания және т.б. ірі-ірі мемлекеттер
мойындады.
Қазақстан шет елдерде дипломатиялық және консулдық өкілдіктер ашуға кірісті. Ал
Алматыда шет елдік елшілік пен миссия, халықаралық және ұлттық ұйымдардың өкілдіктері
жұмыс істей бастады. Республиканың егемендікке қол жеткен алғашқы кезінен бастап-ақ,
мемлекетаралық және үкіметаралық келісім-шарттарға қол қою жүзеге асырылды.
Қазақстанның болашағы қазіргі жастардың қолында. Оны Елбасымыз өз жолдауында анық айтып көрсетті. Біздің Отанымыз жаңа даму кезеңіне аяқ басты.Ел ертеңі – біздердің, келер ұрпақтың қолында деп айтып та, жазып та жатыр. Елімізді көркейту, оны өзімізден кейінгі ұрпаққа жеткізу-біздің борышымыз деп білем. Ал осы дұрыс жолдан тайып, нашақорлық пен маскүнемдікке салынып жүрген жасөспірімдердің саны өсуде. Неге денсаулығымызды, жанымызды таза ұстап, талғамымыздың биіктігін білдіріп, салауатты өмір сүрмеске? Бұған не кедергі, кім кінәлі? Бұған әр адамның өзі кінәлі. Өйткені біз келешегімізді ешқашанда қабылдағымыз келмейді. Пайғамбарымыздың хадистерінің бірінде: Ішімдікпен достастым дегенше, адамгершілікпен қоштастым дейтін ұлағатты сөзі бар. Бүгінгі батыстық әдеттерден арыла алмай жүрген жастар адамгершілікпен баяғыда қоштасқан. Ондайлар өздері өмір сүрген қоғамды қайтып көктетеді? Елінің қамын қашан ойлайды? Оны қалай қорғамақ? Осының бәрін ойлағанда қоғамды түсініп болмайсын.Ел боламын десен, бесігіңді түзе,-дегендей, еңсесін енді ғана көтеріп келе жатқан біздің еліміз үшін дарынды, білімді, жігерлі ұрпақтардың орны бөлек қой. Ал барлық жігер, қайрат, еліміздің болашағы тек жастардың қолында.Елбасымыздың Халыққа Жолдауында: Біздің ұрпақ алдында бабалар қол жеткізген игілікті сақтау, қайта қалпына келтірілген мемлекетімізді нығайту және дүниежүзілік қауымдастық талаптарына сай жаңа сапалық деңгейге көтерілу міндеті тұр,-деп , жастарға зор сенім мен үміт артып отыр. Сол сенімді ақтап, болашағымызды жарқын қылайық.
Алдағы уақытта тәуелсіздігіміздің тамырын тереңдетіп, Қазақстанды іргелі мемлекетке айналдыру біздің қолдарымызда, яғни болашағымыз жастардың жауапкершілігінде. Сондықтан жастар қауымы уақыттың кез — келген сынағына дайын болып, бәсекеге төтеп беруі керек. Санасы сергек, замандық технологияларды меңгерген Отанымыздың нағыз патриоттары ғана осындай сынақтардан сүрінбей өте алмақ.
Бүгін елімізде жастар саясатына үлкен көңіл бөлуде. Жастар саясатына қатысты сан түрлі пікірлер мемлекеттік шеңберде, халықаралық дәрежеде талқыланды – оның қоғам өмірінде айтарлықтай маңызды орын алатындығын аңғартады. Стасистика агентігінің жүргізген мониторинг қорытындысы бойынша мемлекетіміздегіадам санының 4, 5 миллтоннан астамы жастардың үлесінде. Бұл дегеніміз халқымыздың 30 пайызы жастар деген сөз. Ендеше, еліміздің ертеңгі болашағы жастарды бүгіннен бастап тәрбие алуы мен отан сүйгіштік қасиеттерінің дамуына ықпал жасау қажет. Ең әуелі жастар бойына рухани – адамгершілік, саяси интелектік, құқықтық тәрбие басым болған жөн. Жастар жас шыбық сияқты. Қалай исең солай иілуге әзір. Сол себепті жастардың ойын да, бойын да түзу өсіруге халықтың басты парызы. Жастар – жердің, елдің иесі, қазақ елінің рухани тәуелсіздігінің биік тұғыры.
Мен осылай деп ойлаймын, әрбір жас жүрек өзінің туған Отаны – Қазақстанын жанындай сүйіп, танып, оған табынып өсуі қажет. Сонда ғана жас ұрпақ бойында патриоттық сезім ұялап, келешегіміз кемелдене түспек.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет