Ергали Сериктин аудармасы бабылдык бай



Pdf көрінісі
бет10/40
Дата08.02.2022
өлшемі0,57 Mb.
#103539
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   40
Байланысты:
[pdf] Жорж С.Клейсон — Байлық кілті (1)

Əмиянға 
түсетін 
əрбір 
он 
теңгенің 
өз
қажеттеріңе тоғызын ғана жұмсаңдар. Əмиян барған сайын қампия
түседі де, оның толыққаны жаныңды жадыратады. 
Мұны істеу жай
ғана нəрсе деп ойлайсыңдар ма? Ақиқат əуелден-ақ қарапайым.Мен
сендерге қалай байығанымды айтуға уəде еттім. Сеніңдер, менің баюға
кірісуім де, дəл осылай басталды. Мен де қабысқан əмиянды ұстаған сайын
оны қарғап-сілеп жүрдім.Өйткені, онда менің қажетімді өтейтін ештеңе
болмайтын еді. Бірақ жұмсалуға тиіс он ақшаның орнына тоғызын ғана
шығындағанымда, ол байғұс қампия бастады. Сендердің əмияндарың да
соны бастан өткізеді əлі!
Ал енді мен себебі өзіме де беймəлім бір нəрсені баяндайын. Тапқан
қаржының оннан тоғызын ғана қажетіме жұмсай бастағанымда, соның өзі
де жеткілікті болып шықты.Мен одан бұрынғыдан бетер кедейлене
қоймадым. Оның үстіне, маған ақша бұрынғыдан гөрі тезірек келетін
болды. Шамасы, кім де кім табысын қорып, оны рəсуə етпесе,


Жаратқанның өзіне мəлім заңы бойынша, оған игілік те оңай келсе керек.
Демек, кімнің əмияны қаңырап тұрса, оған алтын жоламайды.
Сендерге бəрінен бұрын не керек? Күнделікті қажетке асыл тастар ма,
əлде жылтыраған сылдырмақтар ма, болмаса жұтынған əдемі киім-кешек
пен жеңсік ас па? Оның бəрі де өткінші, келесі күні оның болғанын
ұмытып-ақ кетесіңдер.Əлде сендерге нағыз құнды нəрсе қажет пе: алтын,
жер, мал, сауда, табысты салым? Өз əмияндарыңнан шығаратын ақша
сендерге алғашқы топтағы нəрсені əкеледі.Ал, əмиянда қалатын теңгелер
сендерге екінші топтағыны бұйыртады.
Менің өзім үшін ашқан, қабысқан əмиянға арналған бірінші дауа – осы,
шəкірттерім. Əмиянға түскен əрбір он теңгеден мен тек қана тоғызын ғана
шығындаймын. Енді мұны өзара талдап көріңдер. Егер мұның басқаша
екенін дəлелдегендерің болса, оны маған ертеңгі отырыста айтарсыңдар.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   40




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет