Өздеріңнің өмірлеріңе қажетті əдетке бас қатырыңдар. Адам үшін
шығынның басты бөлігін солар құрайды. Оларды салауатты түрде
қысқартуға да, тыюға да болады. Сондықтан да өздерің ақша жұмсайтын
нəрсенің тізімін алдын ала жасағандарың мақұл. Олардың ішіндегі ең
қажеттісін
ғана іріктеп, оған табыстың оннан тоғызын ғана жұмсау керек.
Қалғанын сызып тастап, оларды орындалмайтын тілектерге жатқызып, оған
өкінбеген абзал.
Содан соң барлық қажетті шығынды ойластырыңдар.Əмиянды
толтыруға тиіс оннан бір бөлік табысқа қол тигізбеңдер. Ол сендердің
орындалуға тиісті ең басты тілектерің болсын.Ал шығын кестесі əмиян
қампайтуға қажетті ең бірінші көмекші болуы керек.
Осы кезде алтынмен əдіптелген қызыл шапанды шəкірт орнына тұрып,
былай деді:
- Мен ерікті адамын. Меніңше, өмірдің бар рахатын тұшынған дұрыс.
Сондықтан да, маған нені шығындап, нені
тұтынуды нұсқайтын есеп-
қисаптың құлы болғым келмейді.Ол жағдай менің өмірімді жадыратпайды
əрі өзімді жүк артылған есекке айналдырады.
- Ендеше, ол шығындардың бəрін кім айқындайды, шырағым-ау?-
сұрады Арқат.
- Өзім,- деді шəкірт.
- Егер жүк артылған есек қанарға салынған нəрселерді талғайтын болса,
оның ішіне ап-ауыр асыл тастар мен кілемді, алтын құймасын салар ма еді?
Жоқ. Ол өзіне жем-шөп пен шөлден өтуге қажетті су толы мес артқан болар
еді ғой.
Шығын кестесі əмияныңды толтыруға көмекші ғана. Ол саған барлық
қажетті нəрсе мен атқарылуы мүмкін басқа да тілекті орындайды ғой.
Оның жəрдемімен сен өзіңе нағыз керек нəрсені
кездейсоқ құмардан
ажырата аласың. Ол түнектегі сəуле секілді, қаржының текке жұмсалу
жолына жарық түсіреді де, пайдасыз шығынды доғартады.
Сонымен, қабысқан əмиянға қажетті екінші дауа мынау:
табыстың
Достарыңызбен бөлісу: