Ергали Сериктин аудармасы бабылдык бай


Алғышарт ретінде табыс табуға деген адамда аса күшті де айқын



Pdf көрінісі
бет18/40
Дата08.02.2022
өлшемі0,57 Mb.
#103539
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   40
Байланысты:
[pdf] Жорж С.Клейсон — Байлық кілті (1)

Алғышарт ретінде табыс табуға деген адамда аса күшті де айқын
тілек болуы қажет. 
Айқындалмаған тілек – ол бар болғаны арман
ғана.Баюға ұмтылатын адам үшін оның пайдасы жоқ. Егер адам бес алтын
ақша тапқысы келсе, ондай тілек орындалады.Егер оған ол қол жеткізсе,
онда ол дəл солайша он да, жиырма да, мың да ақша таба алады да,
ақырында байып кетеді.Ұсақ тілекті орындау арқылы ол өзін ұлы
тілектерге əзірлейді.Байлық осындай жолдармен ғана құралады. Əуелі ол
ұсақ-түйектен жиналады да, артынан адамның білік пен тəжірибе
жинақтауына орай, бұл сома ұлғая береді, ұлғая береді.


Тілек қарапайым да, анық болуы керек. Ол аса көп жəне күрделі болса,
егер де ол бұлдыр əрі адамның өз мүмкіндігінен тыс болса, күшін жояды.
Адамның өз кəсібі бойынша кемелденуіне орай, оның табыс табу
қабылеті де шыңдала түседі.Мен қарапайым жазғыш кезімде күніге тиесілі
қос бақыр тиын үшін саз кірпішшеге бүкіреюмен болсам да, өзге
жазғыштардың 
көбірек 
жазып, 
сəйкесінше 
көп 
ақша 
тапқанын
байқадым.Сондықтан да мен алдыма жан салмай жазуды үйрендім. Маған
əлгілердің жетістіктерін ұғуға көп уақыт кеткен жоқ. Жұмысқа деген
молырақ мүдде мен ынта, көбірек қайсарлық – міне, өзгелерді менен де көп
сазжазба өндіруге жеткізген себептер осылар еді. Менің бұл тырысуым
ақыры марапатталды, сөйтіп, маған қожайынға алты рет жалақы көбейту
жөнінде барудың қажеті болмады.
Неғұрлым көбірек білсек, соғұрлым көп табысқа кенелеміз.Өз ісі
жөнінде көп білуге ұмтылатын адам міндетті түрде марапатталады.Егер ол
суретші болса, дарынды өз əріптестерінен əдістер мен тəсілдерді үйренуі
керек. Егер ол заңмен шұғылданса немесе дəрігер болса, сол кəсіппен
айналысатын біліктілерден кеңес алып, білім бөліскені жөн. Егер ол
саудагер болса, онда ылғи да сапалы арзан тауарды іздеп табуы қажет.
Табыс үшін кімге тəуелді болсаңыз, соған жақсы қызмет ету жолында
тұрақты түрде кемелденіп, білігіңді қолдану керек.Сондықтан да сендерді
ылғи да ізденіп, өзгенің артында шаң қауып қалмауды қарастыруға
шақырамын.
Көптеген нəрсе адам өмірін құнды тəжірибемен байыта түседі.Егер
адам өзін өзі құрметтесе, мынаған ұмтылғаны жөн:
- ол қарызын мерзімінде өтеп, шамасы жетпейтін қарыз алмағаны
дұрыс;
- отбасындағылар жақсы ойлап, мақтаулы сөз айтуы үшін, ол өз
жанұясына қамқор болуы тиіс;
- одүниеге абыроймен кетуі үшін, мүлкі əділетпен бөлінуі үшін ол бəрін
өсиетпен қалдырғаны абзал;
- ол сəтсіздікке душар болғанға жаны ашып, қолынан келер жəрдемін
тигізгені жөн;


- ол өзіне қымбатты жандарға қол ұшын беруі қажет;
Сонымен, қабысқан əмиянға керек жетінші дауа мынау: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   40




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет