Бұл айтылғанға тағы бірдеңені қосқан жөн. Бір күні əлдебір дана кісінің
адамзат үшін өлімге қарсы қамдану
жолын ойлап табатынына іштей
сенемін. Ол тəсіл бойынша адамдар өмір
бойы ұсақ жарна төлей отырып,
артындағы жанұясы үшін ол қомақты соманы қалдыратын болар. Мен
осыны
сонша тілеймін, бірақ ол кəзір мүмкін емес, өйткені, ондай мəміле
өсімгер ғұмырынан да ұзақ мерзімді қамтуы керек. Ондай мəміле
патшаның тағындай ұзақ та сенімді болуы керек. Менімше, түбінде ондай
жоспар
өмірге
енеді
де,
ол
да
көптеген
адамның
игілігіне
айналады.Өйткені,
қандай ұсақ жарнаның өзі,
жанұядан біреу қайтыс
болса, тиісті игілікті барлық жанұяның бөлісуіне құқық береді.
Алайда, біз болашақта емес, өз заманымызда ғұмыр кешкендіктен, бүгін
қолда бар саймандар мен жолдарға иек артуымыз керек.Сондықтан да
бəріңе
егде
жасқа
толғанда
өз
əмияндарыңды
қай
жолмен
қамсыздандыруды ойластыруға кеңес берем.Себебі,
адам нан таба
алмайтын болса немесе
жанұя асыраушысынан айырылса, үлкен қайғы
басары анық.
Сонымен қабысқан əмиянға арналған алтыншы дауа:
Достарыңызбен бөлісу: