Ергали Сериктин аудармасы бабылдык бай



Pdf көрінісі
бет17/40
Дата08.02.2022
өлшемі0,57 Mb.
#103539
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   40
Байланысты:
[pdf] Жорж С.Клейсон — Байлық кілті (1)

егде кезеңдегі өз
қажетің мен жанұяңды қорғауға алдын ала қамдан.


ЖЕТІНШІ ДАУА
Табыс табу мүмкіндігін кеңейте түс
- Мен бүгін, шəкірттер, əмиян қампайтудың ең басты саймандарының
бірі туралы əңгімелеймін. Бірақ та, мен алтын туралы емес, алдымда алуан
түсті 
киімге 
жасырынған 
сендер 
туралы 
айтпақпын. 
Сендердің
саналарыңдағы өз жетістіктеріңе кедергі болар жайттар туралы айтамын,-
деп аударды шəкірттерінің назарын жетінші күні Арқат,- Жуырда маған бір
жас жігіт келді де, менен қарызға ақша сұрады,- Мен одан қарызды не үшін
алатындығын 
сұрағанымда, 
ол 
табысының 
күнделікті 
қажетке
жетпейтіндігін айтып, шағынды. Оған мұндай жағдайда өсімгер үшін оның
нашар клиент екенін, қарызды қайтаруға артық ақшасының жоқтығын
айттым.
- Қарағым,- дедім оған,- саған көбірек табыс табу керек. Табысты
көбейту үшін не істеудесің?
- Қолдан келгеннің бəрін,- деді ол.- Қожайыныма екі айда алты рет
барып маған жалақымды көбейтуді өтіндім, бірақ нəтиже болмады.Оған
одан да жиірек бару мүмкін болмады.
Бұл жастың аңғалдығына күлуге болар, бірақ оның бойында табысты
үстеуге деген бір маңызды шарт бар: оның тілегі – барынша молырақ табыс
табу. Бұл бағалы да, мақтауға тұрар тілек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   40




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет