Жаратқанның өзіне мəлім
заңы бойынша, оған игілік те оңай келсе керек.
Демек, кімнің əмияны қаңырап тұрса, оған алтын жоламайды.
Сендерге бəрінен бұрын не керек? Күнделікті қажетке асыл тастар ма,
əлде жылтыраған сылдырмақтар ма, болмаса жұтынған əдемі
киім-кешек
пен жеңсік ас па? Оның бəрі де өткінші, келесі күні оның болғанын
ұмытып-ақ кетесіңдер.Əлде сендерге нағыз құнды нəрсе қажет пе: алтын,
жер, мал, сауда, табысты салым? Өз əмияндарыңнан
шығаратын ақша
сендерге алғашқы топтағы нəрсені əкеледі.Ал, əмиянда қалатын теңгелер
сендерге екінші топтағыны бұйыртады.
Менің өзім үшін ашқан, қабысқан əмиянға арналған бірінші дауа – осы,
шəкірттерім. Əмиянға түскен əрбір он теңгеден мен тек қана тоғызын ғана
шығындаймын. Енді мұны өзара талдап көріңдер. Егер мұның басқаша
екенін дəлелдегендерің болса, оны маған ертеңгі отырыста айтарсыңдар.