Қабысқан əмиянның жеті
дауасы
Бабылдың даңқы мəңгі өшпес. Талай ғасырды аралап, бізге қаптаған
ежелгі қалалардың ішінен оның өлшеусіз қазынасы туралы дерек жетіп
отыр.
Бірақ ылғи да бұлай бола бермеген. Бабылдың байлығы оның
тұрғындарының қаржылық сауатының нəтижесі еді.Оларға əуелі байлыққа
жету жолын меңгеру керектігі алдарында тұрды.
Бабылдың ұлы патшасы Сарғон Эламмен арадағы соғыстан қайтқанда,
ол ауыр жағдайға душар болды.Бас уəзір оған мынаны баяндады:
- Ұлы патша, көп жыл бойы су арналары мен зəулім тəуханалар (храм)
тұрғызған кезде ел гүлдене дамыды.Енді бұл құрылыстардың бəрі біткенде,
халық сол ауқатынан ажырап қалды.Жұмыссыздар көбейді. Саудагер үшін
сатықшы (покупатель) сиреді.Дихандар болса, астығын сата алмай
əуре.Тұрғындарда өздеріне керек азықты сатып алатын алтын жоқ.
- Ау, құрылысқа жұмсаған ағыл-тегіл алтын қайда кетті? – мазасыздана
сұрады патша.
- Алтын өз жолын тауып сонымен ағып кетті, - деді уəзір.- Алтын қоры
сүзгіден өткен ешкі сүтіндей, халықтың қолынан сусып, ат төбеліндей
топтың əмиянына көшті.Одан əрі алтынның ағысы іркілді.
Патша ойланып алды да,былай деді:
- Неге аз ғана топтың қолына алтынның бəрі шоғырланды?
- Өйткені, ол топ солай істеуді білгендерден құралған.- деп жауап берді
уəзір.- Оларды табысқа жету ілімін игергендері үшін жауаптай алмаймыз.
Сондай-ақ, олардың байлығын қабылетсіздер мен қаржылық сауаты төмен
адамдарға бөліп беру де əділетсіз болар еді.
- Неге олай дейсің,- деді патша,- неге жұрттың бəрі сол сауатты
меңгеріп, байи алмайды?
- Ол əбден мүмкін, ұлы мəртебелі. Бірақ кім оларды оқытып шығарады?
Абыздар ма? Олар қаржы ісін білмейді ғой!
- Баю жолын қаламызда ең жақсы білетін кім бар? – сұрады патша.
- Бұған жауап өзінен өзі туындайды, ұлы мəртебелі.Бабыл қазынасының
ең мол қорын иеленген кім?
- Оның дұрыс. Ол - Арқат қой. Бабылдағы шылқыған бай - сол.Оны
ертең менің алдыма келтіргін.
Ертеңіне патша бұйырғандай, Арқат бай патша алдында тұрды. Оның
бойы тіп-тік, жетпіс жасына қарамастан,рухы асқақ еді.
- Арқат,- деді оған патша,- сенің Бабылдағы ең ірі бай екенің рас па?
- Солай дейді ғой жұрттың бəрі, ұлы мəртебелі.
- Ендеше,сен қалай соншалықты байыдың?
- Мен даңқты қаламыздың кез келген тұрғыны қол жеткізе алатын
мүмкіндіктерді ғана пайдаландым.
- Сонда сен, қолыңда ештеңе болмай тұрып бастадың ба?
- Баюға деген үлкен ынта болса - болғаны. Басқа ештеңе де керек емес.
- Арқат,- сөзін жалғады патша,- қаламыз ауыр халды бастан кешуде,
өйткені, баю жолын аз ғана топтың білгені болмаса, көпшілік қаржы
қорландыруды білмей, мұсалдат күйін кешуде. Мен Бабылдың əлемдегі ең
бай қалаға айналуын қалаймын. Ол үшін бізде жұрт ауқатты болу керек
екен. Демек, тұрғындарға баю жолын үйрету керек. Айтшы, Арқат, осы
байлыққа жетудің қандай құпиясы бар? Оны білудің жолдары бар ма?
- Оны білу əбден мүмкін, ұлы патша. Ол ілімді игерген адам басқаларға
да үйрете алады.
Патшаның жанары қуаныштан жарқ етті.
- Арқат, сен менің естігім келген сөзді айттың. Осы ұлы істі қолға алсаң
қайтеді? Сен бұқараны оқытатын топқа өз білігіңді бересің бе?
Арқат иілді де былай деді:
- Сізге қызмет етуге əзірмін. Өз білігімді отандастарыммен бөлісіп,
даңқыңыздың артуына үлес қосамын.Сіздің кеңесшіңіз жүз адам сыярлық
маған орынжай əзірлесін. Мен əлгі топқа өз əмиянымды толтыруға септік
еткен жеті сабағымды берейін де, Бабылдағы əмиян біткеннің толуына үлес
қосайын.
Бір апта өткесін, патшаның жарлығымен іріктелген жүз адам барын
киіп, Білім сарайының үлкен бөлмесіне алқа қотан отырды. Арқат бөлмеге
жұпар иіс тарататын тұтатқыштың жанына жайғасыпты.
- Қарай гөр, мына Бабылдың басты шонжарына,- деп қасындағысының
бүйірін түртіп жатыр жиналғандардың бірі,- Бізден айырмасы жоқ қой.
- Мен сіздердің алдарыңызда біздің ұлы патшамыздың жарлығы
бойынша тұрмын, - деп бастады Арқат,- Бір кезде мен де мол байлықты
аңсаған кедей жігіт едім, сол арманға қол жеткізген ілімді тауып, дегеніме
жеттім.
Өз өмірімді жоқшылықпен бастадым, сендерден де, Бабылдың басқа кез
келген тұрғындарынан да айырмам болған емес.
Менің алғашқы байлығымның қоймасы жұлым-жұлымы шыққан
əмияным еді. Оның қабысқан түріне қарап жыным келетін.Мен оны
толтыру жөнінде шешім қабылдап, ішінде алтын теңгелердің сылдыры
болуын қаладым.Сол себепті, ол үшін барлық сайманды іздеп бақтым.
Ақыры оның бір емес жетеуін таптым.
Сендерге мен бүгін бос əмиянға арналған жеті дауаның сыйқырын
ашып, оны алтынмен апталғысы келетіндерге ұсынамын. Бір апта бойы күн
сайын сендерді осы дауалардың біреуімен таныстырамын.
Менің айтқандарымды қалт жібермей тыңдаңдар.Айтылғандардың
бəрін де бірге талдаймыз.Оны өзара талқылаңдар. Қысқасы, əмияндарыңа
байлық тұқымын себетін бұл сабақтарды жақсылап игеріңдер.Сендер ең
əуелі игілікті жеке бастарыңа жасауларың керек, содан кейін, өздерің игеріп
болған соң ғана бұл ілімге өзгелерді сендіріп, оларға сіңіре аласыңдар.
Мен
сендерге
əмиянды
толтырудың
қарапайым
тəсілдерін
үйретемін.Бұл алғашқы саты болмақ. Байлық шыңының бастапқы сатысын
баспай тұрып, оның құзар басына бір де бір адам шыға алмайды.
Ал енді алғашқы дауа туралы сөйлесейік.
|