Ұлттың өркендеуі əр азаматтың қаржылық ахуалына тəуелді Алғысөз Міне, бұл кітап əрқайсымыздың табысты болуымызға қажетті сала
болып табылатын жекедаралық табысқа жету жолын зерделейді.
Жетістік – біздің жеке күш-жігеріміз бен қабылетіміздің нəтижесі. Оған
біз шынайы түрде əзір болғанда ғана жете аламыз.Жəне де, даналыққа
жүгінген əрекеттің бар болғаны ойлаудан шығатынын ескерген жөн. Ал,
ойлаудың ұға білу қабылетінен басым болуы мүмкін емес.
Бұл кітапша əу баста қабысқан əмиянға дəру ретінде ойластырылған.
Мақсат – баюды мұрат еткендерге жəрдем ету мен қаражат мəселесіне
қарапайым жолмен үңілу. Кітапша сізге ақша табуға, оны сақтай білуге əрі
жинақ қаржыны жаңа ақша тудыруға итермелеуге көмектеседі.
Ол үшін біз, бүгінде əлем мойындаған, қолданыстағы негізгі қаржы
ұстанымын туындатқан, əлемдік қаражат бесігі болған, ежелгі Бабылға
(Вавилон) аттанамыз.
Жаңа оқырмандарға автор, мұны бұрынырақ оқып, өз жетістіктерін
құлшына жеткізген кісілердей, кітаптың əр парағы əмиян толтыруға жəне
күрмеулі қаржы мəселесінің шешілуіне керек ықылас тудыруын шын
жүректен тілейді.
Сонымен бірге, автор бұл кітапты оқуды достарына, туыстары мен
əріптестеріне ұсынған пайдагерлерге шынайы ықыласын алдын ала
білдіреді. Өйткені, осы еңбекте айтылған принциптерді қолдана отырып
машыққан, соның нəтижесімен айтарлықтай жемісін көрген кісілердің
шынайы мадақ пікірі аса құнды.
Ақшаның нағыз бағасын білген, берік те сынақтан өткен қаржылық
принциптерді қолданып ақша тапқан өзінің тұрғындарының арқасында
ғана Бабыл шаһары ежелгі дүниедегі аса байыған қалаға айналған еді.
Бабылдықтар бүгінгі біздің əрқайсымыз тілеген мұратқа қол жеткізді, ол:
əркімнің өз келешегін тұрақты табыспен қамтуы.