Ергешбай Шерхан жм-909 1-тақырып. Әлеуметтану ғылым ретінде О. Конттың әлеуметтану ғылымындағы ролі



бет2/9
Дата07.02.2022
өлшемі23,74 Kb.
#83406
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
Ергешбай Шерхан.ЖМ-909. 1-практика

2. Қоғамның үш сатылы даму заңы
О. Конттың “үш сатылы заңы”Қоғам дамуын адамдардың танымдық қызметінің және олардың қоғамдық санасының бір сатысынан келесі сатысына өтуі арқылы түсіндіріліп, “үш са-тылы заңды” дәйектейді: теологиялық, метафизикалық және позитивтік (ғылыми)
Теологиялық
Теологиялық сатыда адамзат ақыл – ойының, сонымен қатар қоғамның да-муы, Конттың пікірі бойынша 1300 жылға созылған. Осы сатыда әрбір құбы-лыстар жоғарғы құдіретті күштердің тигізетін әсерінің нәтежиесі ретінде қа-растырылады. Бұл фетишистік діни сананың шыққанын көрсетті, кейін ол по-литеизммен, яғни көпқұдайшылықпен алмасып, қайсыбір құбылыстар түрлі құдайлардың ықпалы арқылы болады деп бейнеленеді. Теологиялық сатының соңына таман бірқұдайлыққа (монотеизмге) өту қалыптаса бастады. Сөйтіп, бар құбылыстарды адам діннің негізінде жатқан күш ретінде түсінді.
Метафизикалық
Адамзат ақыл – ойының жетілуі ерте ме, кеш пе, теологиялық түсініктердің догматикалық жүйесімен қақтығыстары анық еді. Себеі, ол әлеуметтік жүйе-нің бүкіл құрылымына бойлап енді, сөйтіп, бұл прогресске кедергі жасады. Бірақ прогресті тоқтату мүмкін емес еді. Даму заңдары ескі жүйені күйрете бастады. Ескіні бұзу тұтас дәуірді қамтыды, Конттың анықтауынша, бұл қо-ғам дамуының метофизикалық сатысы болды, ол 1300 – 1800 жылдар аралы-ғындағы кезеңді қамтиды. Бұл сатыда адам санасы жай пайымдаудан гөрі, сыртқы дүниенің нақты процестерін білдіретін ұғымдарды пайдаланды. Алайда, ғылымның баяу дамуына байланысты бұл ұғымдар әлі де болса абс-трактілі еді. Бұл сатыда ескі қоғамдық бастаулар қирайды (реформация, ағар-тушылық, революциялар, соғыстар), тұтастық ыдырайды. Бұл күйреудің жа-ғымды жақтары болғанмен (жаңа экономикалық және саяси идеялардың ор-науы), “метафизикалық рух” сенімсіздікті, эгоизмді, моральдік тозушылықты және саяси тәртіпсіздікті жоя алмады.
Позитивизм
Позитивтік дәуір, Конттың тұжырымдамаларына сүйенсек 1800 жылдан бас-талады, оның мәні – ойлау бағдарының түбегейлі өзгеруімен, қайта құрылуы-мен сипатталады. Адам санасы өз пайымдауларында және қорытындыларын-да көбіне – көп ғылыми бақылауға сүйенеді. Дүниеге теологиялық және абс-трактілі – метафизикалық тұрғыдан қарауды оның заңдарын ашу мен зерт-теу, құбылыстарды бақылау секілді әсілдер алмастырады. Бұл заңдарды ұғы-ну үшін олардың әрекетін ескеру және көре білу қажет. Сол тұстағы жаңа қо-ғамға әлеуметтік көзқарас тұрғысынан қарасақ, эгоизмді альтурлизмнің же-ңуі, әлеуметтік сезімнің артуы, әлеуметтік келісім мен тәртіптің орнауы, әс-кери қоғамнан өнеркәсібі дамыған қоғамға өтудің іске асуымен сипатталады. Алайда, жаңа қоғамныңда жақсы жақтарымен қатар, көлеңкелі, теріс тұстары да бар, сондықтан ғылым осы қоғамды келеңсіз қылықтардан тазалауға көмек көрсетулді өзіне мақсат етті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет