Ергешбай Шерхан жм-909 1-тақырып. Әлеуметтану ғылым ретінде О. Конттың әлеуметтану ғылымындағы ролі



бет9/9
Дата07.02.2022
өлшемі23,74 Kb.
#83406
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
Ергешбай Шерхан.ЖМ-909. 1-практика

«Әлеуметтік құрылым». Бұл өндірістегі қоғамдық еңбектің бөлінуінің рет-телген жүйесі және осыған сәйкес меншікке, билікке, басқаруға, қоғамдағы адамдардың құқық және міндеттеріне қатынастарының жүйесі.
«Қоғамдық сана». Бұл қоғамның рухани құрылымның жиынтығы. Қоғам-дық сана әруақытта тікелей немесе күрделі болып, қоғамдық сипатта болады. Яғни, ол жалпы қоғамға тән қасиет. «Әлеуметтік топ» - бұл қоғамның құры-лымы, оның жікке бөлінуі, әлеуметтік теңсіздік; «тұлға» - бұл адамның әлеу-меттік сапасы, оның мәні. Әлеуметтану тұлғаны талдап, зерттегенде әр түрлі ұғымдарды қолданады.
Әлеуметтік құндылық. Бұлар қоғамдық қатынастарды, мұң-мұқтажды, та-лап-тілектерді анықтайтын тұлғалық құнды нұсқаулар. Бұлар адамдардың тәртібінің іштей реттелуі, басқарылуы арқылы белгіленеді.
«Әлеуметтік нормалар» (ережелер) қоғамда қалыптасып, реттеліп отыратын ережелердің жиынтығы.
Тұлғалық ынта, көңіл, назар, ықылас, қалау, тілек, т.б. – бұлар адамдардың әлеуметтік белсенділіктердің қозғаушы күштері (стимулдері); «әлеуметтік рөл»,яғни атқарылатын қызмет; «әлеуметтік статус» - адамның қоғамдағы орны мен жағдайы, т.б.
Айта кететін тағы бір жайт, әлеуметтанудың көптеген категориялары басқа ғылымдарда да кездеседі. Әсіресе, мұңы құқық ғылымында байқауға болады. Мысалы, әлеуметтік норма, әлеуметтік ұйым,әлеуметтік институт, әлеуметтік жауапкершілік, әлеуметтік бақылау, әлеуметтік белсенділік, т.б.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет