Ергешбай Шерхан ЖМ-909 Мен және менің мотивациям Менің жасым 18-де,жалпы медицинада 2- курс оқитын,көңілді,сөйлегеннен гөрі үндемегенді ұнататын, жақсыға жақын жаманнан алыс болғанды ұнататын адаммын, мақтаншақтығымда бар.Ал енді менің мен дегенде жүрегін беруге дайын ата анам, жанашыр бауырларым, достарым, туысқандарым бәрі бар.Сондықтан мотивация іздеудің қажеті жоқ,оны іздеп уақыт құртуға уақыт жоқ.Аллаға шүкір!Кімнің болмасын ерік-жігерін қайрап, алға ұмтылуға деген талпыныс беретін бір күш бар екені анық. Қысқаша айтқанда мотивация десек те болады. Мотивация әркімде әртүрлі. Біреуде әуен, біреуде сурет, тіпті біреулерде ол адам болуы да мүмкін. Ал, маған мотивация ол өзім.Негізі шынымен жетістікке жеткіңіз келсе өзіңізге неге? неге жоқ? не үшін мен емес? Деп сұрақ қойыңыз.Мен мотивацияны әлсіз адамдардың қажеттілігі деп ойлаймын.Ойлап қараңызы шын мәнінде сондай сияқты.Күніне талай жағымды,жағымсыз жағдайлар,қиындықтар болып жатады,біз оны жеңгіміз келеді, ол үшін күш керек, мотивация ол уақытша, келесі проблемаңа дейін таусылып қалуы мүмкін.Егерде Алланың разылығы жолында өмір сүрсеңіз сізге мотивацияның дым қажеті де жоқ,айтпағым мотивацияға байланып қалмаған жөн, өйткені Алла өз құлына көтере алмайтын қиындық бермиді.Алланың сөзі барлығына ем. Адамның жан-дүниесін ешкім түсініп болмас, сірә.Шұбыратып қәйтемін , ұзын сөздің қысқасы. Әркімнің ішкі сана-сезімі мен түйсігі әртүрлі. Біреуінде қорқыныш, біреуінде батылдық басым. Не дегенмен, ең батыл деген адамда да кішкентай болсын қорқыныш бары анық. Ал сол қорқынышты жеңе білу әрбір жанның өз қолында.ал енді қорқынышын жеңе білген адамға алынбайтын қамал жоқ!