Дәріс 7. Ерітінділер туралы жалпы мәліметтер. Ерітінділердің концентрацияларын өрнектеу тәсілдері. Электролиттік диссоциация. Электролиттер арасындағы химиялық реакция. Иондық теңестіру
Табиғат пен техникада ерiтiндiлердiң атқаратын рөлi өте зор. Өсiмдiктер заттарды ерiтiндi ретiнде сiңiредi. Табиғатта кездесетiн сулардың барлығы ерiтiндiлерге жатады.
Ерiтiндiге маңызды физиологиялық сұйықтар - қан, лимфа және т.б. жатады. Мысалы, клеткалық шырын су мен әр түрлi заттардан тұратын сұйықтар коллоидты ерiтiндiлер ретiнде кездеседi. Көптеген химиялық реакциялар ерiтiндi ортада өтедi.