Ерiтiндiлердегi бөлшектердiң мөлшерiне байланысты дисперстi жүйелердi: суспензия, эмульсия, коллоид ерiтiндiлер және шын ерiтiндiлер деп анықтайды.
Ерітінділер еріген заттардың мөлшері бойынша да жіктеледі. Олар: қаныққан, қанықпаған және өте қаныққан болады.
Қаныққан ерітінді – берілген температурада зат одан әрі ерімейтін ерітінді, яғни ерітінді еритін затпен тепе-теңдікте болады. Қаныққан ерітінділердің концентрациясы заттардың белгілі температурада еруімен анықталады.
Қанықпаған ерітінді – берілген температурада ондағы еритін заттың мөлшері оның қанық ерітіндісінен аз ерітінді.
Аса қаныққан ерітінді - бірдей жағдайда қанық ерітіндіде еріген затпен салыстырғанда, еріген заты артық болатын ерітінді.
Практикада сұйық ерітінді негізінде дайындалған ерітінділер анағұрлым қажет ерітінділер болып табылады. Бейорганикалық еріткіштерден су ең кең қолданылады.
Ерітінділердің қазіргі физика-химиялық теориясының негізгі қағидалары.
Еритін зат пен еріткіш бір-бірімен химиялық әрекеттеседі.
Әрекеттесу нәтижесінде сольваттар деп аталатын тұрақсыз қосылыс түзіледі, ал осы процестің өзі сольваттану деп аталады. Жеке жағдайда, егер еріткіш ретінде су алынса, бұл қосылыстар гидраттар деп, ал процесс гидраттану деп аталады.
Ерітінділердің өздері, сондай-ақ еру кезінде түзілетін гидраттардың (сольваттардың) көбісі өзгермелі құрамды болады. Осы арқылы олар химиялық қосылыстардан ерекшеленеді.
Гидратация құбылысын кейде арнайы құралсыздар ақ байқауға болады. Мысалы, сусыз мыс (ІІ) сульфаты CuSO4-ақ түсті зат. Ол суда ерігенде көк түсті ерітінді түзіледі. Ерітіндіге көк түс беріп тұрған мыстың гидратталған иондары. Сөйтіп, мыс сульфатының сулы ерітіндісін буландырғанда қатты фазаға CuSO4∙5H2O тұзы бөлінеді.Осмос құбылысы – жартылай өткiзгiш арқылы бiр жақты (ерiген заттың концентрациясының көп жағына қарай) диффузия.
Осмос қысымы – ерiтiндiдегi жартылай өткiзгiш арқылы бiр жақты диффузияны (таза ерiткiштiң молекулаларының ерiтiндiге өтуiн) тоқтататын сыртқы қысымға тең.
Осмос қысымы ерiген заттың концентрациясы мен температураға тура пропорционал:
Достарыңызбен бөлісу: |