P = сRT
Вант-Гофф заңы – сұйытылған ерiтiндiнiң осмос қысымы ерiген зат газ күйiнде болып, белгiлi температурада ерiтiндiнiң көлемiндей көлем алғанда ерiген зат тудыратын қысымға тең.
Кез келген ерiтiндiнiң маңызды қасиетi оның құрамы – ол концентрациямен анықталады.Белгiлi массалық немесе көлемдiк ерiтiндiде немесе ерiткiште ерiген заттың сандық мөлшерiн ерiтiндiнiң концентрациясы деп атайды.
Ерiген заттың массалық үлесi (х) 100г ерiтiндiде неше грамм ерiген зат бар екендiгiн көрсетедi.
(х)
m(X), mерiт – заттың массасы; ерiтiндiнiң массасы, (г).
mерiт m(х) + mерiтк, mерiтк – ерiткiштiң массасы,(г).
Ерiткiш ретiнде көп жағдайда суды қолданады. Ерiтiндiнiң көлемiне ауысу үшiн, оның тығыздығын ескеру керек:
ерiт – ерiтiндiнiң тығыздығы, (г/мл) немесе (г/л)
Vерiт – ерiтiндiнiң көлемi, (мл) немесе (л).
Ерiген заттың молярлық концентрациясы С(Х) бiр литр ерiтiндiде қанша моль зат бар екенiн көрсетедi, (моль/л); былай белгiлеуге болады (М).
- заттыңмөлшерi, (моль).
n(Х) = m(Х)/М(Х), мұнда М(Х) – заттыңмолярлықмассасы, (г/моль).
Достарыңызбен бөлісу: |