Электролиттік диссоциация теориясының қағидалары: 1) Заттар суда ерігенде оң жөне теріс иондарға ыдырайды.
2) Диссоциация полярлы еріткіштің әсерінен жүреді және оның себебі - заттардың гидратациялануы.
3) Электр тоғының әсерінен иондар катод пен анодқа бағытталады.
4) Диссоциация қайтымды үдеріс: диссоциация (ыдырау)↔ ассоциация (бірігу)
6) Электролиттер әр түрлі шамада диссоциацияланады (α).
7) Электролит ерітінділерінің химиялық касиеттері ондағы иондардың табиғатымен анықталады.
8) Элемент атомы мен оның ионының қасиеттері әр түрлі болады.
Иондарерітінділерде гидратталған күйде болғанымен, заттардың диссоциациялану теңдеуін жазған кезде гидраттық қоршауын еске алмай, жалаң иондар күйінде жазылады. Бұл - жазу үдерісін оңайлату үшін жасалған шара. Электролит ерітінділерінде электр тоғын тасымалдаушы иондар болады. Ондай электролиттерді екінші ретті өткізгіштер деп атайды.
Диссоциациялану үдерісін сандық жағынан да сипаттауға болады.
Диссоциацияланудың қаншалықты толық жүретіндігін диссоциациялану дәрежесі (α) көрсетеді, α-ны сандық үлеспен (0-1) немесе пайызбен (0-100%) беруге болады.
n – иондарға ыдыраған электролит молекулалардың саны
N – электролит молекулалардың жалпы саны
Диссоциациялану дәрежесінің мәніне қарай электролиттер үш топка бөлінеді: