Заттың электр тоғын өткізу мүмкіндігі электрөткізгіштікпен немесе оған кері шама кедергімен (R, Ом) сипатталады. 1-ретті өткізгіштер үшін кедергі Ом заңымен анықталады :
Меншікті кедергіге () кері шаманы меншікті электрөткізгіштік(, Сим/м, 1 Сименс = 1 Ом-1) деп атайды: .
немесе
Ерітінділердің кедергісі (R) кондуктометриялық ұяшық арқылы өлшенеді, ондағы электродтар бір қалыпты орнатылған, яғни:
мұндағы Кс – ыдыстың сыйымдылық константасы, оның мәні барлық ерітінділер үшін ортақ болады
Меншікті электрөткізгіштік () ерітіндінің концентрациясына тәуелсіз шама, сондықтан есептеулерде оның орнына эквиваленттік электрөткізгіштік шамасы алынады:
Эквиваленттік электрөткізгіштік деп әрқайсысының ауданы 1 см2 электродтардың өзара арақашықтығы 1 см болғанда, сол аралықтағы көлемі (Vсм3) ерітіндінің электрөткізгіштігін айтады. Кольрауш заңы бойынша шексіз сұйылтқан ерітіндінің эквиваленттік электрөткізгіштігі катиондары мен аниондарының қозғалуынан болатын иондық өткізгіштіктердің қосындысынан тұрады:
Катиондар мен аниондардың жылжу жылдамдықтары жалпы алғанда бірдей емес, сондықтан олардың таситын электр мөлшері де әр түрлі болады.
Иондарының электрдің әртүрлі таситын мөлшерін иондардың тасымалдау саны деп айтады:
Әлсіз электролиттер үшін эквиваленттік электрөткізгіштіктің және шексіз сұйылтқандағы эквиваленттік электрөткізгіштіктің қатынасы диссоциациялану дәрежесіне (),
ал күшті электролиттер үшін бұл қатынас электроөткізгіштік коэффициентке (f) тең: