Эритроциттер, лейкоциттер, тромбоциттердің морфологиялық және функционалдық ерекшеліктері Жоспар: I.Кіріспе
1.1.Қан және оның қызметі
1.2.Қанның құрамы мен қасиеті
II.Негізгі бөлім
2.1.Эритроциттер
2.2.Лейкоциттер
2.3.Тробоциттер
III.Қорытынды
3.1.Қан жасушаларының морфологиялық және функционалдық ерекшеліктері
I.Кіріспе
1.1.Қан және оның қызметі
Қан — ағзадағы ішкі сұйық ортаның бірі. Ол қантамырларының тұйық жүйесін бойлай ағып, тасымалдау қызметін атқарады. Қан барлық мүшелердің жасушаларына қоректік заттар мен оттегін жеткізеді және тіршілік әрекетінің өнімдерін зәр шығару мүшелеріне тасымалдайды. Организмдегі биологиялық әрекетшіл заттардың гуморальдық реттелу қызметі қанның қатысуымен іске асады. Қан ағзаның инфекциядан қорғаныш реякциясын қамтамасыз етеді.
I.Кіріспе
1.1.Қан және оның қызметі
Қан — ересек адам ағзасында шамамен бес литр қан болады. Қан — ағзадағы дәнекер ұлпасының бір түрі. Оның негізгі бөлігі жасуша аралық сұйық зат — плазмадан құралады. Плазма негізінде еріген органикалық және бейорганикалық заттары бар судан тұрады. Плазма құрамының өзгеруі ағза үшін өте қауіпті. Қанға үздіксіз көптеген заттардың қосылуына қарамастан, плазманың құрамы өзгермейді. Плазмадаға артық заттар зәр шығару мүшелері арқылы шығарылады: қан өкпеде көмір қышқыл газынан, ал бүйректе — судың артық мөлшері мен онда еріген минералды тұздардан арылады.
II.Негізгі бөлім
2.1.Эритроциттер
Эритроциттер (грек. erythros – қызыл және kytos – ыдыс) – адам мен жануарлар қанындағы қызыл түйіршіктер. Эритроциттер омыртқасыз жануарлардың (тікентерілердің) қанында да болады. Адам Эритроциттердің пішіні екі жағынан ойыс диск тәрізді, диам. 7 – 8 мкм. Дені сау ер адамдардың 1 мм3 қанында 4 – 5 млн., әйелдерде – 3,9 – 4,7 млн. Эритроциттер болады. Эритроциттердің тіршілік ету ұзақ. 125 тәуліктей (әрбір секундта 2,5 млн-дай Э. түзіліп, сондай мөлшерде Эритроциттер өз тіршілігін жойып отырады). Э. өкпеден тіндерге оттек (О2), ал тіндерден өкпеге көміртектің қос тотығын (СО2) тасымалдайды, бұдан басқа ағзадағы қышқылды-сілтілі тепе-теңдікті реттейді, қан плазмасынан аминқышқылдары мен липидтерді адсорбциялап, оларды тіндерге жеткізеді. Адам мен жануарлардың Эритроциттерның құрамында ядро болмайды. Құстар, бауырымен жорғалаушылар, қосмекенділер және балықтардың Эритроциттерінде ядро болады. Эритроциттердің құрамындағы қызыл түсті гемоглобин ағзада маңызды рөл атқарады
II.Негізгі бөлім
2.1.Эритроциттер
Эритроцит құрамының 60% су, 40% құрғақ заттар. Құрғақ заттардың 95% ағзадағы газ алмасу процесін жүргізуге маманданған, қызыл түсті күрделі протеин — гемоглобин кұрайды. Гемоглобинді глобин протеині мен құрамында екі валентті темір болатын қызыл түске бояғыш зат — гем құрайды.
Гемоглобин өкпеде оттегімен тотығып, оксигемоглобин түзеді. Организм ұлпаларында ол тотықсызданып (оттегті бөліп, көмірқышқыл газымен байланысады, карбоксигемоглобинге айналып, өкпеде көмірдің қостотығын ауаға шығарып, оттегімен тотығып, қайтадан оксигемоглобинге айналады да, жануарлар ағзасындағы газ алмасу процесін іс жүзіне асырады.
Газ алмасу процесімен қатар, эритроцит плазмолеммасына амин қышқылдарын, қарсы денелерді, уларды, дәрі-дәрмектерді сорып алып, тасымалдау қызметін де атқарады.
Эритроциттер ядросы жоқ қызыл түсті қан жасушалары. Олар ортасы қысыңқы тегершік пішінді болады. Бұл эритроциттің бетін 1,5 есе үлкейтеді және газдар қозғалысына неғұрлым бейімдірек келеді
II.Негізгі бөлім
2.2.Лейкоциттер
Лейкоциттер - ядросы бар қан жасушалары. Ересек адамның 1 мл қанында 6-8 мың лейкоциттер болады. Баланың иммундық қабілеті (ауруға қарсы тұру , қорғану қабілеті) лейкоциттерге байланысты. Лейкоциттер бала организмінің жұқпалы, яғни инфекциялық ауруларға қарсы тұруын қамтамасыз етеді. Қан жасушаларының бұл маңызды қызметін Нобель сыйлығының лауреаты орыс ғалымы И. И. Мечников ашқан. Лейкоциттердің бірнеше түрлері бар:
1.дәнді лейкоциттер немесе гранулоциттер;
2.дәнсіз лейкоциттер, яғни агранулоциттер;
3.моноциттер.
II.Негізгі бөлім
2.2.Лейкоциттер
Қанның құрамындағы лейкоциттердің түрлері адамның жасына лайықты мөлшерде шамамен тұрақты болады. Бұл тұрақтылықты лейкоцитарлық формула деп атайды. Лейкоциттердің саны мен бір-біріне қатынасы, яғни лейкоцитарлық формула түрлі әсерлерге (ауру, ауыр дене жұмысы, ас қабылдау, Ұйқы т. с. с.) байланысты өзгеріп отырады. Лейкоциттердің саны да сыртқы және ішкі әсерлердің ықпалынан үнемі өзгеріп тұрады.
Лейкоциттердің жалпы саны жаңа туған нәрестеде 10-20 мың шамасында болғанмен, өмірінің алғашқы сағаттарында оның саны күрт көбейеді. Айталық, туған сәтте 19500 болса, 6 сағатта 22000, 24 сағатта 28000 дейін кобейеді де екінші тәулікте азая бастайды: 48 сағатта 19500 болады. Ал 5-ші тәулікте баланың лейкоциттері күрт төмендейді де, 7-ші тәулікте 8000-11000 шегіне жетіп, шамамен ересек адамның жоғары деңгейіне шамалас болады. Мезгілінен ерте туған сәбилердің лейкоциттерінің саны 3600-36000 шамасында өзгереді. Қыздардың қанындағы 10-12 жаста лейкоциттердің саны 6000-8000, яғни ересек адамдай болады.
2.3.Тромбоциттер
II.Негізгі бөлім
Қанның құрамындағы үшінші пішінді элементтер - тромбоциттер немесе қан пластинкалары. Олар сопақша немесе диаметрі 2-5 мкм дөңгелектеу пішінді келеді. Тромбоциттердің жалпы саны 1 мкл 300 мыңнан 100 мыңға дейін. Тромбоциттер сүйек кемігінде пайда болады. Олардың өсіп жетілу мерзімі 7-8 күн, ал қан айналымында 5-11 күндей болады. Тромбоциттердің саны тамақ ішкеннен кейін, ауыр дене жұмысымен шұғылданғанда, әйел екіқабат болғанда көбейеді. Оның мөлшерінің тәуліктік өзгерісі де бар: күндіз көбірек, түнде азырақ болады.
2.3.Тромбоциттер
II.Негізгі бөлім
Саны
Тромбоциттердің саны баланың жасына қарай өте көп ауытқиды: 1 мкл қанда 150 мыңнан 600 мыңға дейін. Жаңа туған сәбидің қанында орта есеппен 150-350 мыңға жуық тромбоциттер болса, 1 жасқа дейінгі балаларда 15 мыңнан 424 мыңға дейін (орта есеппен 250000) жетеді.
Қызметі
Тромбоциттердің басты қызметі — қанның ұюына қатысуы. Қан тамырлары жарақаттанғанда әдетте жараның бетін тромб деп аталатын қойылған қап түйіршігі тез жабады. Біраздан соң ол тығыздалып, жараны бекітеді. Егер қанның мұндай қасиеті болмаса, кішкентай жарадан тоқтаусыз қан ағып, адам әлсіреп, тіпті өліп гс кетер еді
2.3.Тромбоциттер
II.Негізгі бөлім
Қанның ұюы күрделі ферментативті құбылыс оны шамамен 3 кезеңге бөлуге болады:
- қанда және ұлпада тромбопластиннің пайда болуы;
- тромбопластиннің тромбинге айналуы;
– тромбиннің әсерінен плазмадағы фибриноген белогының ерімейтін фибрин жіпшелеріне айналып, жараның бетінде тор құруы. Осы торға эритроциттер мен лейкоциттер тұрып қалады да, тромб пайда болады. Тромб сығылып, сарысудан арылады. Жараның беті қабыршақтанып қатым, жараланған тамыр бүтінделеді. Кейіннен қатқан қан қабыршағы түсіп қалады.
Қанның ұю қасиетіне ықпалы бар эндокриндік жүйе мен жас оспірімдердің организміндегі функциялық басқа өзгерістер аяқталған соң, қанның ұюы 50-60 жасқа дейін тұрақталады.
3.1.Қан жасушаларының морфологиялық және функционалдық ерекшеліктері
III.Қорытынды
Қан жасушалары — адам мен жануарлар организмдерінің тіршілігіне тым қажет қызметтер атқаратын қанның құрамындағы жасушалар. Қан жасушаларына: эритроциттер (қанның қызыл жасушалары), лейкоциттер (қанның ақ жасушалары) және қан табақшалары (құстар мен төменгі омыртқалы жануарларда — тромбоциттер) жатады.
Пайдаланылған әдебиеттер
1. А.Нұрышева, М.Нұрышев. “Цитология” Алматы. “Қарасай” 2008.
2. Қ.Ә.Сапаров “Цитология және гистология” Алматы: Қазақ университеті. 2009.
3.Мырзахметова , Қалиева «Цитология»/2013 ж
4. www.uniface.kz/index.php?post=article§ion=2&id..
5. https://kk.wikipedia.org/wiki/Цитоплазма
Назарларыңызға рахмет!!!