46. Эритропоэзға және лейкопоэзға әсер ететін дәрілер, фармакодинамикасы, қолданылуы.
эритроциттерқанға оттегін, қаннан көмірқышқыл газын тасымалдайды.
Лейкоциттерқорғаныш, фагоциттік, иммундық қызмет атқарады.
Тромбоциттерқанның ұюына, тромб түзілуіне қатысады.
Қан жүйесіне әсер ететін дәрілер 3 топқа бөлінеді.
Эритропоэзға әсер ететін дәрілер
Лейкопоэзға әсер ететін дәрілер
Гемостаз жүйесіне әсер ететін дәрілер
А) Тромб түзілуіне әсер ететін дәрілер
Б) Фибринолизге әсер ететін дәрілер
Эротропоэзді күшейтетін дәрілер әртүрлі анемияларда қолданылады.
Анемия гипохромды және гиперхромды болады. Гипохромды анемия ағзада гемоглобиннің түзілуіне қажетті темірдің жетіспеушілігінен болады.
А) Гипохромды (теміржетіспеушілік) анемияда құрамында темірі бар дәрілер қолданылады: Сорбифер, ферроплекс, Феркайл, актиферрин, феррум-лек, гемофер, Космофер, тардиферон, Тотема, темір лактаты, гемостимулин.
Б) Гиперхромды анемия екі түрлі болады:
1) пернициозды анемия
2) макроцитарлы анемия.
Пернициозды анемиядаэритроциттердің саны азайып,В12витаминінің жетіспеушілігінен дамитындықтан Цианокобаламин (витамин В12) витамині қолданылады.
Макроцитарлы анемияда эритроциттер азайып, көлемі ұлғайып, фолий қышқылының жетіспеушілігі болатындықтан Фолий қышқылы (Вит Вс). қолданылады.
Лейкопоэзды күшейтетін дәрілер: Натрий нуклеинат, Пентоксил, Метилурацил.
Әсері: сүйектің милы қабатынан лейкоцит өндірілуін жылдамдатады. Қолданылады: қабынуға қарсы, регенерацияны күшейтуге.
47. Гемостаз жүйесіне ететін дәрілер, классификациясы, фармакодинамикасы, қолданылуы.
Эритропоэз - кемігінде (жілік майында) түзілетін эритроциттердің өнімі. Эритропоэз стимуляторлары қан аздықты (анемияны) емдеу үшін қолданылады. 1. Гипохромды (темір тапшылық) қаназдықта қолданылатын дәрілер (түс көрсеркіші 0,9 төмен) Темірдің негізгі мөлшері оттегінің тасымалдауын қамтамасыз ететін, ағзадағы гемоглобиннің құрамында, ал қалған мөлшері ұлпалы депода (жілік майында, бауырда, көк бауырда) болады. Темір тапшылығында тек гемоглобиннің мөлшері ғана емес, тыныс алу ферменттерінің белсенділігі де төмендеп, ол оттегі тапшылығына алып келеді. Темірдің сіңірілуі органикалық қышқылдардың (аскорбин, алма, фумар, лимон қышқылдары және т.б.) әсерінен аш ішекте өтеді. Темірдің сіңірілуі Со2+,Cu2+,Mn2+,Zn2+,Mn2+ микроэлементтерінің әсерінен жақсарады. Қолдануы:Темір препараттарын теміртапшылық гипохромды анемияларда, яғни темір сіңірілуі бұзылуында, созылмалы қан кетуде және жүктілік кезінде кеңінен қолданады. Жанама әсері: жағынан ішке қабылдағанда темір ішекте күкірт сутегімен байланысып іш қатуды, АІЖ-ң шырышына тітіркендіргіш әсерінен құсу және лоқсу байқалуы мүмкін. Темір препараттары (таб., капс., драже түрінде шығарылады) ауыз қуысында құрамындағы сульфат сульфидке айналып тісте қара дақтың пайда болуын тудырады, сондықтан шайнамай қабылдаған дұрыс. Ал темір препараттарын парентеральды еңгізгенде күре тамыр жолдарында ауырсынулар, флебит, бет және мойын терісінің гиперемиясы, тахикардия, тыныс алу бұзылуы, ауыз қуысында металл дәмінің келуі, лоқсу, арқа мен буынның ауырсынуы және аллергиялық реакциялар байқалуы мүмкін. Гемохроматозда, апластиялық және гемолитикалық анемияда, бауыр және бүйректің созылмалы ауруларында, созылмалы қабыну ауруларында және лейкозда қолдануға болмайды. Ferro-Gradument - ферро-градумент: 0,525 таб. шығарылады, 1 таб. таңғы астан 1 сағ. бұрын белгіленеді. Tardyferon - тардиферон: 0,257 драже, 1 дражеден тамақтан 1 сағ. бұрын таңертең және кешке қабылдауға белгіленеді. «Ғеггоріех»««Ферроплекс»: 1-2 дражеден тәулігіне 3 рет тамақтан кейін белгіленеді. «Sorbifer durules» - «Сорбифер-дурулес»: 1 дражеден тәулігіне 2 рет тамақтан 30 мин. бұрын белгіленеді. «Actiferrin» - «Актиферрин»: 1 капе, тәулігіне 1-2 рет; сиропын (шәрбәт) 1 шай қасықтан тәулігіне 1-3 рет; тамшысын - 40-50 тамшыдан тәулігіне 3 рет белгіленеді. Ferrum Lek - феррум-Лек: 2 мл амп. шығарылып, б/е; 5 мл амп. шығарылып, к/т еңгізіледі. Fercovenum - ферковен: 5 мл амп. шығарылып, к/т еңгізіледі. Темір мен кобальттың препараттары болып табылады. «Гемостимулин» (құрамы: темір лактаты, мыс сульфаты, құрғақ тағамдық қан). 2. Гиперхромды кан аздықта қолданылатын дәрілер а) Пернициозды (қатерлі В12-тапшылық, мегалобласты, Адиссон-Бирмер анемиясы) анемия В12 витаминінің тасымалдануын қамтамасыз ететін асқазан сөліндегі Касла «ішкі факторы» болмауынан (гликопротеин) В12 витаминінің сіңірілуі жетіспеушілігінен пайда болады, В12 витаминінің жеткіліксіздігінде эритроциттердің жетілмеген түрі (мегалобластар) түзіледі. В12 витамині бауыр, ет, бүйрек, жұмыртқа, сүт өнімдерінде бар, ал өсімдік тағамдарында кездеспейді. Адамға тәулігіне 1-3 мкг қажет, Цианокобаламин эритроциттердің өндірілуін күшейтеді. Пернициозды (қатерлі) анемияда бауыр және жүйке жүйесінің ауруларында қолданылады. Жанама әсері: аллергиялық реакциялар, тахикардия, жүрек тұсының ауырсынуы, қан үюының жоғарылауы және ОЖЖ-гі қозудың жоғарылауы байқалуы мүмкін. Жіті тромбоэмболиямия, эритремияда және эритроцитозда қолдануға болмайды. Cyanocobalaminum (Vit. В12) - цианокобаламин (витамин В12): 003%, 0,01%, 0,02%, 0,05% 1 мл ерітінді ампулада шығарылып, күн apа немесе күнде б/е, т/а, к/т еңгізіледі. Мөлшерін науқастың жағдайына қарай белгілейді. Бір инеде В1 және В6 витаминдерін бірге еңгізуге болмайды, себебі кобальт иондары оларды бұзып, витамин В12, витамин В1-ң аллергиялық реакцияларын күшейтеді. б) Макроцитарлы (фолий тапшылық) анемия ағзада фолий қышқылының көп шығындалуында (мысалы, жүктілікте) байқалады, сонымен қатар кейбір препараттарды қабылдағанда (метотрексат, триметоприм, триамтерен) пайда болуы мүмкін. Вс витамин (фолий қышқылы) көкөніс жапырақтарының, бұршақ тұқымдастарының, туйе бұршақ (фасоль) құрамында кездеседі, ал сүт өнімдерінде, бауыр, буйрек, жұмыртқада аз кездеседі. Ағзаға тәулігіне 0,2 мг қажет. Фолий қышқылы эритроциттердің түзілуіне өте қажет. Оның жеткіліксіздігінде эритроциттердің ірі түрі түзіліп (макроцит), оның жалпы эритроциттөрдің саны бірден төмендеп кетеді. Acidum folicum (Вс) - фолий қышідылы (Вс витамин): 0,001 таб, шығарылып, ½ -1 таб. тәулігіне 1-2 рет белгіленеді. Фолий қышқылын цианокоболаминмен бірге белгіленеді. Эпоэтин-альфа (эпрекс, эпоген) - адамның рекомбинантты эритропоэтині. Эритропоэтин бүйректің гликопептидті гормонының препараты. Қызыл қан түйіршіктерінің пролиферациясы (көбөюі) мөн жетілуін күшейтеді. Бүйректің созылмалы ауруларымен, ревматоидты артритпен, қатерлі ісіктермен, ЖИТС-мен байланысты анемияларда, шала туған балалардың анемиясында қолданылады. Эритропоэзды тежейтін дәрілер эритремияда (полицитомия) қолданылады. Олар жілік майына тежегіш әсер көрсетеді. Фосфордың радиоактивті препараттары: Р-32 фосформен белгіленген натрий фосфатының ерітіндісі, имифос. II Лейкопоэзды күшейтетін дәрілер Бұл препараттар нуклеин қышқылдарының синтезін құрылымды және ферментті ақуыз синтезін күшейтеді. Олар лейкопоэз және басқа да ұлпалардың регенерациялық процесін күшейтеді. Лейкопения жөне агранулоцитоз, сондай-ақ нашар жазылатын жарақаттар, ойық жаралар, күйік, сынықта, мүшелердің дистрофиялық процесінде ұлпа регенерациясын күшейту үшін қолданылады. Әртүрлі ісіктерде колдануға болмайды, жүқпалы ауруларда микробқа қарсы дәрілермен бірге тағайындайды Methyluracilum - метилурацил (Б): 0,5 таб. шығарылып, 1 таб. тәулігіне 3-4 рет; 0,5 супп.; 10% жағылма түрінде шығарылады. Pentoxylum - пентоксил (Б): 0,2 таб. шығарылып, 1-2 таб. тәулігіне 4 рет тамақтан соң белгіленеді. Natrii nucleinas - натрий нуклеинаты: 0,1 ұнт, түрінде шығарылып, 1,0-нан тәулігіне 3-4 рет тамақтан соң белгіленеді. Ісіктердің химиотерапиясымен байланысты лейкопениялардың ауыр түрлерінде, апластикалық анемияда және панцитопенияда, жілік майын ауыстырып отырғызуда, лейкопоэзбен иммунитетттің тежелуімен байланысты септикалық жағдайларда, ЖИТС-ң кешенді терапиясында нейтрофильдердің шеткерлік қанға өндірілуін және бөліп шығарылуын, гранулоциттердің, моноциттердін және Т-лимфоциттердің (молграмостим-адамның рекомбинантты гранулоцитты- макрофагальды колоние қуаттандырғыш факторы) өсуін реттегіш гемопоэзды (колоние қуаттандырғыш) өсу факторларының препараттары қолданылады. Filgrastim - филлграстим (нейпоген): 0,3 және 0,48 құрғақ зат амп. шығарылып, 20-50 мл 5% глюкоза еріт. ерітіп, 20-50 мл-ден к/т тәулігіне 1 рет белгіленеді. Molgramostim - молграмостим (лейкомакс): 0,00005; 0,00015; 0004; 0,0005 және 0,0007 құрғақ зат флаконда шығарылып, нұсқауы бойынша тәулігіне 1 рет т/а, к/т еңгізіледі. Лейкопоэзды тежейтін дәрілер лейкозда қолданылатын, ісікке қарсы дәрілер болып табылады. Мысалы, меркаптопурин, цитарабин және т.б. III Гемостаз жүйесіне эсер ететін дәрілер Гемостаз (һаеmа-қан, stasis-тоқталу) жүйесі тромб түзгіш (фибринолитикалық) жүйемен тығыз байланысты болып, тромбоциттердің агрегациясы мен қанның ұюын қамтамасыз етеді. Ағзада бұл екі жүйелер динамикалық тепе-теңдікте болады. Егер қан тамыры зақымдалып қан кетсе, тамыр спазмға (қысылуы) ұшырап, тромбоциттердің агрегациясы мен қанның үюы күшейіп, тромб түзіліп, қан тоқталады. Сонан соң фибринолитикалық жүйе біртіндеп тромбтың еруін және қан тамыр өткізгіштігінің қаппына келуін қамтамасыз етеді. Тромб түзілу және фибринолиз арасында тепе-теңдік бұзылған жағдайда қатты қан ағу немесе тромбоз пайда болуы мүмкін. Екі жағдай да дәрілік препараттарды арнайы таңдауды қажет етеді. а) Тромбоциттердің агрегациясына өсер ететін дәрілер: 1. Тромбоциттердің агрегациясын (бірігуі) жөне адгезиясын (жабысуы) күшейтетін дәрілер: Adroxonum - адроксон (Б): 0,025% 1 мл еріт. амп. шығарылып, т/а, б/е, салфетканы ылғалдандырып жергілікті белгіленеді. Aethamsylatum (Dicinon) - этамзилат (дицинон) (Б): 0,25 таб. шығарылып, 1 таб. тәулігіне (тәулігіне 8 таб. дейін) 3 рет; 12,5% 2 мл еріт. амп. шығарылып, 2-4 мл-ден к/т, б/е еңгізіледі. Екі препарат та капилляр (қылтамыр) қабырғасының күшті өткізгіштігіне байланысты, паренхиматозды және капиллярлы қан кетуде тиімді. Этамзилат тамыр эндотелияларында түзілген простациклиндердің әсерін тежеп, тромбоциттердің агрегациясына кедергі жасайды, тамырдың жарылғыштығы мен өткізгіштігін төмендетеді. Адроксон тромбоциттерде түзілетін тромбоксан синтезіне қатысып, тромбоциттердің агрегациясын тудыратын табиғи зат болып табылады. Кальций препараттары. Кальций иондары тромбоциттердің агрегациясын белсендіріп, протромбиннен тромбинге, фибриногеннен фибринге айналуын, тромбопластин түзілуіне, сонымен қатар қан үюының ретракциясына (тартылуы) қатысады, гипокапьциемияда колданған тиімді. Өкпе, асқазан-ішек, мұрын, жатырдан қан кетуде қан тоқтататын препарат ретінде, геморрагиялық васкулитте тамыр өткізгіштігін төмендету мақсатында белгілейді. Қабыну процестерінде және аллергиялық реакцияларда қолданылады. Calcii chloridum - кальций хлориді: 10% 5 және 10 мл еріт. амп. шығарылып, тек к/т! (б/е, т/а еңгізуге болмайды, себебі ұлпа некрозы пайда болуы мүмкін); 5-10% еріт. ішке 1 ас, орта немесе шай қасықтан тәулігіне 2-3 рет тамақтан соң қабылдау қажет. Calcii gluconas - кальций глюконаты: 0,5 таб.- 2-6 таб. тәулігіне 2-3 рет тамақтан алдын; 10% 10 мл еріт. амп. шығарылып, б/е, к/т еңгізіледі. 2. Тромбоциттердің агрегациясын төмендететін дәрілер (антиагреганттар): ацетилсалицил қышқылы (аз мөлшерде - 0,2-0,25 тәулігіне); индобуфен (ибустрин), тиклопидин (тиклид), дипиридамол (курантил), ксантинол никотинаты, пармидин. Тромбоцитгердің ішіндегі циклооксигеназаны ингибирлейді, тромбоксанның синтезін тежейді, гликопептидтермен әсерлесу арқылы фибриногеннің белсенді тромбоциттермен байланысуын төмендетеді. Тромбоциттер мен эритроциттердің адгезиясын және агрегациясын тежеп, қанның реологиялық қасиеттерін қалпына келтіре отырып, мидың, миокардтың және көздің торлы қабығының микроциркуляциясын жақсартады. Қолдануы: жүректің ишемиялык, ауруындағы тромб түзілуді алдын алу және емдеу мақсатында, тамырлардың атеросклероздық зақымдалуында және күре тамыр тромбозында қолданылады. Геморрагиялық бұзылыстарда, жара ауруларында, жүктілік пен лактацияда қолдануға болмайды. б) Қанның үюына әсер ететін дөрілер (коагулянттар) 1. Кан ұйытатын дәрілер (гемостатиктер - прокоагулянттар) - қан кетуді тоқтату үшін қолданылады. а) Әсері тікелей емес: тірі ағзада in vivo белсенділік көрсетеді. К витаминінің синтетикалық аналогтары: (викасол, фитоменадион). Vikasolum - викасол (Б): 0,015 таб. шығарылып, 1 таб. тәулігіне 1-2 рет; 1%1 мл еріт. амп. шығарылып, 1-1,5 мл тәулігіне1 рет б/е еңгізіледі. К витаминінің суда еритін аналогы болып табылады. Гипопротромбинемиямен байланысты қан кетуде тиімді. Қолдануы: вирусты гепатитте, гепатитте, операциядан кейінгі жатырдан, геморройдан, өкпеден, мұрыннан ұзақ қан кетуде қолданылады. Әсері 12-18 сағ. кейін басталады. б) Әсері тікелей: in vivo және vitro - ағзада және одан тыс жерде (шыныда) түтікшеде белсенділік көрсетеді. Донор (қан беруші) канының препараттары Thrombinum - тромбин: құрамында 125 ӘБ тромбині бар флаконда шығарылады, қолданар алдында 10 мл 0,9% NaCI еріт. ерітеді. Тромбин фибриногенді фибринге айналдыратын, қан үю жүйесінің табиғи компоненті болып табылады. Майда капилярлардан және паренхиматозды мүшелерден қан кетуді тоқтату үшін тек жергілікті қолданылады! к/т жөне б/е еңгізуге болмайды (тромбоэмболия). Фибриноген тромбиннің әсерінен фибринге айналады. Қандағы фибриноген құрамының төмендеуімен байланысты, қан кетуде (нүсқау бойынша күре тамырға) қолданылады. Өсімдіктекті дәрілік препараттары: жұмыршақ (пастушья сумка), қалақай (крапива), мыңжапырақ (тысячелистник), айланшөп таран (қымыздық) (горец почечуйный) және т.б. Желатин - қанның тұтқырлығын төмендетеді (ішке, т/а). Жергілікті гемостатикалық және коллагенді сіңдіргіш (губка), желатинді сіңдіргіш, феракрил (дәкені, тампонды ылғалдап) белгіленеді. Кан ұюын төмендететін дәрілер (Антикоагулянттар). а) Әсері тікелей (тек қана ұю факторына әсер етеді). Heparinum - гепарин (Б): 5 мл флаконда (1 мл-де - 5 000, 10 000 және 20 000 ӘБ бар) - к/т, б/е, т/а еңгізіледі. Ung. Heparini 25,0 - зақымдалған тері аймағына абайлап жағуға арналған. Ung. «Heparoid» 30,0 шығарылады. Гепарин - протромбинді тромбинге айналуын төмендетеді, ондағы тромбиннің белсенділігін темендететін қанның ұюына қарсы жүйенің факторы. Күре тамырға еңгізгенде қан ұюының төмендеуіне тез әсер етіп, әсері 5 сағ. созылады. Натрий және кальций тұздары түрінде шығарылады. Кальций тұзы көбінесе жергілікті гематоманы сирек тудырады. Құрамында гепарині бар препараттарының бірі лиотон І000 флебитте, тромбофлебитте, варикозда сыртқа қолданылады. Төмен молекулалы гепариндерге (гепариноидтар): эноксапарин, фраксипарин жатады. Ғгахірагіп - фраксипарин: 0,3 мл шприц-тюбигін бел деңгейінен іштің қабырғасының т/а еңгізіледі. Антитромботикалық әсері ұзағырақ. Гепарин және гепариноидтарды әртүрлі тромбоэмболиялық ауруларды алдын алуда, асқынуларында, миокард инфарктында, қан қүю кезіндегі қан ұюын алдын алу үшін қолданылады. Протамин сульфаты гепариннің антагонисті болып табылады. Жанама әсері: әртүрлі асқазан-ішектен қан кетулер, гематурия, гемартроздар және т.б. аллергиялық реакциялар байқалуы мүмкін. Кан кетуге бейімділікте, тромбоцитопенияда, лейкозда, жүктілікте (алдыңғы 3 айында) қолдануға болмайды. Гирудин - қандағы тромбиннің ферменттік белсенділігін төмендететін (медициналық сүлік) сілекей бездерінің ақуызы (полипептид). Сүлікті гипертониялық кризде және ми қан айналымы бұзылысында (емізік тәрізді өсік аймағына) қолданады. б) Әсері тікелей емес: in vivo белсенділік көрсетеді. Бұл препараттар бауырда протромбиннің синтезін тежейтін К витаминінің антагонисті болып табылады. Қанның ұюын баяулатады, тамырлардың өткізгіштігін жоғарылатып, қандағы липидтерді азайтады. Неодикумариннің әсері 12-24 сағ., ал фенилин мен синкумарда 8-10 сағаттан соң басталады. Әсері 3-4 күнге созылады. Тромбоз және тромбоэмболияны ұзақ уақыт емдеуде, тромбофлебит, инсульт, коронарлы жеткіліксіздігін емдеу және оны алдын алуда қолданылады. Емдеу кезінде қан ұю жүйесінің көрсеткіштерін міндетті түрде бақылап отыру қажет. Жанама әсері: геморрагиялар. Ойық жара ауруларында, қан ұюының төмендеуінде, бауыр, бүйрек ауруларында және жүктілікте қолдануға болмайды. Neodicumarinum (Pelentan) - неодикумарин (пелентан) (А): 0,05; 0,1 таб. шығарылып, тәулігіне 1-2 таблеткадан белгіленеді. в) Фибринолизге эсер ететін дәрілер Фибринолитикалық дәрілер - жаңа түзілген тромбты ерітеді. Фибринолизинді белсенді фибринолизинге айналдырады. Плазминогеннің плазминге айналуын катализдейді, ұйыған қандағы фибринді ерітеді. а) тікелей: фибринолизин (плазмин) - фибринді ерітетін протеолитикалық фермент болып табылатын: қан ұюын төмендететін жүйенің бір компоненті. Әсіресе жаңа пайда болған фибрин (суда ерімейтін ақуыз қан ұюына қатысады, тромбиннің әсерінен болатын фибриногеннің (плазма ақуызы) туындысы) жіпшелерін ерітеді. Fibrinolysinum- фибринолизин (Б): 10000; 20000; 30000 жэне 40 000 ӘБ құрғақ зат флаконда шығарылып, алдын-ала 100-400 мл 0,9% NaCI ерітіндімен ерітіп, к/т тамшылатып еңгізіледі. б) тікелей емес: актилизе, стрептокиназа (авелизин, стрептаза), целиаза, стрептодеказа, урокиназа. Стрептокиназа және оның аналогтары целиаза жэне урокиназа профибринолизиннің фибринолизинге өтуін күшейтеді. Жіті эмболияда жэне тромб түзілу қауіпінде қолданылады. Стрептодеказа - стрептокиназаның әсері ұзартылған (48-72 сағ. дейін сақталады) препараты. Жанама әсері: аллергиялық реакциялар. Streptokinasa - стрептокиназа: 250 000 жэне 500 000 ӘБ қүрғақ зат флаконда шығарылып, 100-150 мл 0,9% NaCI еріт. немесе 5% глюкоза еріт. ерітіп, к/т тамшылатып еңгізіледі. Актилизе - профибринолизинді фибринолизинге өтуін күшейтетін, плазминогеннің (профибринолизиннің) адамдағы рекомбинантты күшейткіштері. Жіті артериялық және веноздық тромбозда қолданылады. Антифибринолитикалық дәрілер - фибринолизге кедергі жасайды. Фибринолиздің ингибиторлары плазминогеннің активаторларын бөгейді және плазминнің әсерін тежейді, фибринолиздің белсенділігін және кининдік жүйені тежейді. Гемостатиктер - ұю жүйесінің табиғи компоненттері тромбопластиннің түзілуін белсендіреді. Бұл препараттар фибринолизиннің (плазминнің) түзілуін тежейді. Қанның фибринолинді белсенділігі жоғарылауымен байланысты қан кетулерде (бауыр ауруларында, жіті пакреатитте), хирургиялық операциялардағы қан кетулерді алдын алу үшін, жаппай қан құюда және фибринолитикалық дәрілердің мөлшерін асырғанда қолданылады. Тромбозға, эмболияға бейімділікте, бауыр қызметінің бұзылуында және жүктілікте қолдануға болмайды. Фибринолиздің синтетикалық ингибиторлары: аминокапрон кышқылы, транексам қышқылы (циклокапрон), амбен (памба). Acidum aminocapronicum - аминокапрон қышқылы: 5% 100 мл еріт. флаконда шығарылып, к/т; 2,0-3,0 ұнт. ішке тәулігіне 3-5 рет белгіленеді. Антиферментті препараттары: контрикал, гордокс - фибринолизиннің белсенділігін тежейді. Conthrycal - контрикал: 10 000 ӘБ флаконда шығарылып, нұсқауы бойынша к/т тамшылатып белгіленеді.
48. Витаминді препараттар. Классификациясы, қолданылуы.
Достарыңызбен бөлісу: |