3-АЙНАЛЫМ
3-айналымда гранттарды тағайындау жөнінде қорытынды шешім байқау комиссиясымен қабылданады және Қордың Қамқоршы Кеңесімен бекітіледі. Кей жағдайда байқау комиссиясы қорытынды шешім қабылданбай тұрып, үміткерден қосымша ақпарат талап етуі мүмкін, үміткердің өзімен немесе басқа отбасы мүшелерімен қосымша сұхбат өтізуі мүмкін.
Үміткер Қорға онлайн өтінім берумен қатар, Университеттің қабылдау комиссиясына өзі уақытылы хабарласып, оқу орнына түсу ретін, қажет құжат жайында ақпаратты білуі тиіс. Қор оқу орнынан бөлек қайырымдылық мекеме екенін және Қор грантына іріктеу мен университетке түсу – бір-біріне қатысы жоқ, қатар жүретін екі процесс екенін естен шығармау тиіс. Қор байқауына қатысып, жеңімпаз атанған үміткер оқу орнына автоматты түрде қабылданады деп түсіну дұрыс емес. Қор оқу орнының үміткерлерді қабылдау шарттары туралы кеңес бере алмайды және қосымша ақпарат таратпайды.
ҰБТ-ға қатысты талаптар
«БесТірек» бағдарламасын шарттарына сәйкес мектеп түлектері де, колледж бітірушілер де ҰБТ тапсырып, «математика» және «география» пәндерін таңдаулары шарт. ҰБТ нәтижесі кем дегенде 80 ұпай болуы тиіс. Қорға өтінім тапсырған уақытта үміткердің ҰБТ сертификаты болмауы немесе ол оны қайта тапсыруды жоспарлауы мүмкін. Онда ол сертификатты 2-айналымға өткен жағдайда, өзімен бірге алып келуі керек. ҰБТ талаптары жыл сайын өзгеруі ықтимал екенін ескеру қажет және бұл жайында ақпаратты серіктес университеттен алдын-ала біліп алған жөн.
Ағылшын тіліне қатысты талаптар
Ағылшын тілін білеін үміткер басқалардың алдында артықшылығы бар деп есептеледі, алайда бұл қатаң талап болып табылмайды.
Қатысушылардың міндеттемелері
Грант иелері қабылдаушы университеттің академиялық стандарттарын сақтауы тиіс және бағдарлама бойынша толық оқу курсын өтуге міндетті. Оқу немесе кәсіби стандарттарға сай болмаған білімгер қаржылық көмектен айрылуы мүмкін. Білімгерлер қоғамдық өмірге белсенді ат салысуы, Қордың атын жаңғыртуы, еріктілік жұмыстары мен Қор және Университеттің өміріне белсене араласа отырып, әлеуметтік жауапкершілік танытуы керек. Қор білім гранты бойынша білім алып отырған студенттерге қатысты қосымша мәліметтерді ЖОО-нан сұратуы мүмкін.
Білім гранты бір оқу жылына немесе бір семестрге бөлініп төленеді және грант иесі оқуда үздік көрсеткіштерге жетсе, еріктілік жұмыстарын белсенді атқарып, Қордың өміріне ат салысса, грант оның еншісінде қалады. Білім гранты ЖОО-да оқу мерзімін ғана қамтиды. Алмасу бағдарламаларынан бөлек мына жағдайларда: академиялық үзіліс алса, ЖОО-нан шығарылса, өзге ЖОО-на кетсе/ауысса, грант бойынша төлемдер доғарылады. Оқып жүрген университеттің оқу талаптарына және кәсіби стандарттарына сай келмеген студент гранттық қолдаудан айрылады. Бұл жағдайда білімгердің отбасы Қордың барлық шығындарын толықтай өтеуге міндетті болады.
Қор қызметкерлерінің және Қамқоршы Кеңесі мүшелерінің жақын туыстары байқауға қатыса алмайды. Білім гранттарының саны және мөлшер жыл сайын Қор басшылығымен бекітіледі, бөлінетін грант саны онға дейін шектелген. Қор гранттарды тағайындауға байланысты қабылданған шешімдерін түсіндірмеуге, берілген ақпаратты тексеруге және ол ақпарат жалған болса, кез келген үміткерді байқауға қатыстырмауға құқылы.
Білім гранты келесі шығындарды өтейді:
АлмаУ-дағы БАОП (бизнес-администрирование в области предпринимательства) мамандығы бойынша оқу ақысы;
Ай сайынғы шәкіртақы (тапсырылған сессия нәтижелеріне байланысты беріледі);
Кәсіпкерлік машықтану лагеріне қатысу шығындары (Babson College, АҚШ)
Жеке бизнесті (стартапты) ашуға қажетті грант;
Басқа аймақ тұрғындарына оқу жылында бір рет өтелетін оқу орнына дейін және кері қайту шығындары (Қор Саясатында бекітілген шектен аспайтын сома).
Мына нөмірлер арқылы хабарласыңыз: +7 (727) 331 13 14; +7 (700) 331 13 14
Telegram-чатқа қосылыңыз: https://t.me/+gePZh-tlHjY3ZDMy
Ватсапқа: +7 (700) 331 13 14, Инстаграмда direct-ке @tatishev.foundation немесе эл.поштасына: info@ytf.kz жазыңыз.
Достарыңызбен бөлісу: |