Еркинбекова Фарида Советбековна әр сабағында оқушылардың жас ерекшеліктері мен мүмкіндіктерін ескеріп, жан-жақты мұқият дайындалып өтетін мұғалімдердің бірі. сабақ



Дата05.04.2023
өлшемі27,5 Kb.
#173785
түріСабақ
Байланысты:
пікір физика


Жаңатілеу орта мектебінің физика – информатика пәнінің мұғалімі Еркинбекова Фарида Советбековнаның 27.02.2023жылы,
7-сыныбында өткен сабағына
пікір

Еркинбекова Фарида Советбековна әр сабағында оқушылардың жас ерекшеліктері мен мүмкіндіктерін ескеріп, жан-жақты мұқият дайындалып өтетін мұғалімдердің бірі. Сабақ барысында барлық тапсырмаларды оқыту мақсаты мен сабақ мақсатына жетуге бағыттайды.7-сыныпта өткен «Сұйықтар мен газдардағы қысым. Паскаль заңы» тақырыбындағы сабағында тапсырмалардың бәрі оқу мақсатына жұмыс істеді. Сабақтың мақсаты: газ қысымын молекулалық құрылым негізінде түсіндіру;


сұйықтардағы гидростатикалық қысымның формуласын шығару және оны есептер шығаруда қолдану.Топтық, жұптық, жеке жұмыс түрлері тиімді болды.Топтық жұмысты бағалауда қосымша өзара бағалауды қолданды, онда әр топтың жақсы жағын, жақсарту керек тұсын және қызықты болған ақпаратты атап көрсетті. Оқушылардың көңілін келесі топты мұқият тыңдауға, шынайы болуға және өздерінің тапсырма орындау барысында мұқият болуларына жұмыс істеді. Сабақ барысында «Суреттер сөйлейді» әдісімен үй тапсырмасын сұрады. Мұғалімнің бейнеролик көрсету арқылы сабақ тақырыбын ашып, «Ойлан-жұптас-бөліс» әдісі (топтық жұмыс), «Пирамида» әдісі» (жеке жұмыс), «Кім жылдам?» әдісі, «Барлық оқушылармен жұмыс» әдісін пайдалана отырып, сабақ соңында «Wordwall» бағдарламасы арқылы тест тапсырмасын алды.
Көрнекіліктері эстетикалық талғамдарға сай пайдаланды. Оқушылардың өз ойларымен бөлісуге жетелейтін тиімді сұрақтар бүгінгі күннің мәселесімен ұштастыра алуларына, өмірмен байланыстырып, дәлелдер қолдануға үйретті.
Сабақ барысында әртүрлі әдіс тәсілдерді пайдалана отырып, сабақта қойылған мақсатқа жете алды. Оқушылар сабақтан алған мәліметтеріне қарай кері байланыс берді.
Мектеп директоры А.Н.Нургожина

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет