Ерманова с. А


Сҥттің гигиеналық сараптамасы



Pdf көрінісі
бет17/99
Дата11.01.2022
өлшемі0,84 Mb.
#111118
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   99
Байланысты:
ERMANOVA su topyrak aua got na PDF
Казахский национальный университет имени аль, Ситуационные задачи, Дәріс
Сҥттің гигиеналық сараптамасы 
Барлық  адамдар  үшін  сүт  биологиялық  және  тағамдық 
құрамдары  жағынан  ең  құнды  тағамдардың  бірі.  Диеталық 
тамақтануда қарттар және жас балалар үшін сүттің маңызы зор. 
Сүтті  күнделікті  пайдалану  ағзада  ақуыз  синтезіне  керекті 
амин  қышқылдар  түзілуіне,  ағзаға  керекті  кальций  және 
фосфордың жеткілікті түсуіне әсер етеді. 
Сиыр сүтінің химиялық құрамы: су 88,6%-ға, ақуыз 2,8%-ға, 
май 3,2%-ға, кӛмірсу 4,7%-ға, қосындылар 0,7%-ға тең. 
100 гр сүттің энергетикалық құндылығы 272 кДж (65 ккал). 


34 
 
Сҥт
  ағзада  жақсы  сіңіреледі.  Сүт  құрамында  А,  Д,  В 
тобының  дәрумендері  бар.  С  дәрумені  аз  мӛлшерде  кездеседі. 
Қышқыл  сүт  тағамдары  (айрандар)  ӛте  дәмді,  ағза  қызметіне  оң 
әсер  етеді.  Олар  В  тобының  дәруменіне  бай.  Қышқыл  сүттің 
балалар  үшін  маңызы  зор,  себебі  сүт  қатысуымен  кальций  және 
фосфор оңай сіңіріледі. 
Сүттен  істелген  қышқыл  тағамдар  (айрандар)  сүтке 
қарағанда  әлдеқайда  жақсы  және  үш  есе  тез  сіңеді.  Егер  сүт  бір 
сағаттан  кейін  шамамен  үштен  біріндей  сіңсе,  кефир  мен  айран 
толық  сіңеді.  Қышқыл  сүт  тағамдары  асқазан  шырынын 
шығаруды  жақсартады;  ішекте  газ  пайда  болуын  азайтады  және 
ішектің  жиырылып  созылуын  реттейді.  Сондықтан,  түнде  жатар 
алдында бір стакан кефир немесе қандай да болса бір қышқыл сүт 
тағамын ішуге тырысу керек. 
Сүттен  дайындалған  тағамның  бірі  -  сыр.  Оның  800-ден 
астам түрі бар. 
Сыр
  -  неғұрлым  құнарлы  тағамдардың  бірі.  Оның 
құрамындағы  тағамдық  заттардың  барлығын  дерлік  ағза  толық 
сіңіреді. Сыр сиыр, қой және ешкі сүттерінен жасалады. Елімізде 
сырдың  150-ден  астам  түрі  шығарылады.  Сыр  бір-бірінен  дәмі, 
жұмсақтығы және сыртқы кӛрінісі бойынша ерекшелінеді. 
Шикі  қаймақ
  барлық  сүт  тағамдарының  ішінде  аспаздықта 
ең кӛп пайдаланылатыны. Оны ыссы және салқын сорпаларға қату 
тағамдардың  дәмін  жақсартады.  Кӛкӛніс  салаттарына  құйылған 
шикі  қаймақ  оларға  жеңіл  ғана  сүйкімді  қышқыл  береді.  Шикі 


35 
 
қаймақты  ертеңгі  және  кешкі  тағам  ретінде  пайдалануға  болады. 
Оның, 
әсіресе, 
балалар 
және 
диеталық 
тағамдарға 
пайдаланылғаны жақсы. 
Кефирді
  диеталық  тамақ  үшін  пайдаланғанда  түрліше 
мерзімде  жетілетін  кефирдің  асқазан,  ішек  жүйесіне  әртүрлі  әсер 
ететінін ескерту қажет. 
Жоғары сапалы 
ірімшік
 нәзік, жұмсақ келген қою зат. Жазда 
сауылған  сүттен  жасалған  майлы  ірімшіктің  әдетте  ақ  түсі 
болатын  майсыз  ірімшіктен  айырмашылығы  -  түсі  сәл  сарғыш 
реңде болады. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   99




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет