Ерманова с. А


З.Тамақгану гигиенасының маңызды міндеті



Pdf көрінісі
бет5/99
Дата11.01.2022
өлшемі0,84 Mb.
#111118
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   99
Байланысты:
ERMANOVA su topyrak aua got na PDF

1.З.Тамақгану гигиенасының маңызды міндеті 
 
Адам  радионының  оның  ӛмір  сүру  қалпына,  іс-әрекетіне 
есептеліп  сапалық  және  сандық  кӛрсеткіштерін  анықтау  болып 
табылады.  Осылай  сәйкестік  нормативтерді  анықтағанда  ағзаның 
қуат жұмсауын,  ақуыз, май, кӛмірсу, дәрумен, алмасуларды негіз 
ету  керек.  Осы  кезде  тағамдық  қажеттілікті  жынысына,  жасына, 
бойына,  дене  салмағына,  физикалық  жүктемеге,  психикалық 
құбылыстар 
жүктемесіне, 
метаболизмге 
қарай 
ажырату 
(дифференциялануы) қажет. 
Ағзаның  қуат  жұмсауы  және  оның  оптимальды  қажеттілігін 
анықтауда  ауыл  шаруашылықты  және  тағамдық  ӛндірісті 
жоспарлаудың үлкен маңызы бар. 
Тиімді  дұрыс  тамақтанудың  гигиеналық  талабын  академик 
А.  А.  Покровский  ұсынған  теориясы  бойынша  қарастыру  қажет 
(тағамның  балансталған  концепциясы).  Мемлекеттік  жоспарлау 
мен тұтыну осы ұғымның талабына сай болып отыруы шарт. Бұл 



 
шартты жүзеге асыратын орындар қоғамдық тамақтану орындары 
мен жеке жанұялар немесе жеке адамдар. 
Академик А. А. Покровскийдің ілімі не үйретеді? 
1.  Тамақ  ӛзінің  мӛлшері  мен  саны  жағынан,  қуаттылығы 
жағынан  жеткілікті  болып,  ағзаның  бір  тәуліктік  ысырап  еткен 
қуатын толық ӛтеп отыруы тиіс; 
2.    Күнделікті  тағам  түрі  жағынан  сапалы  болып  отыруы 
қажет,  осылай  болғанда  ғана  ағзаға  физиологиялық  қажетті 
мӛлшерде амин қышқылдары, дәрумендер, минерал тұздары және 
тағы  басқа  денеде  ӛздігінен  қорытыла  алмайтын  қоректік  заттар 
жеткізіледі; 
3.Қабылданатын тағам түрлері ағзаның ферменттік қасиетіне 
сайма-сай  болуы  керек,ӛйткені  жас  баланың  немесе  қарт 
адамдардың,  сау  адамның  немесе  ауру  адамның  ағзасында 
ферменттік жүйелері әр түрлі болып отырады; 
4.    Тамақ  бірыңғай  қайталана  бермей,  ол    ұдайы 
толықтырылып,  ӛзгертіліп  және  алмастырылып  отыруы  қажет. 
Мал  тағамдары  мен  ӛсімдік  ӛнімдерінің  ара  қатынасы  дұрыс 
мӛлшерде араласып пайдаланғаны шарт; 
5.  Тамақ  дәмді  және  бӛгде  иіспен  зақымданбаған  болуы 
керек.  Оның  құрамында  микробтардың  және  басқа  ағзаға  зиянды 
улы  заттардың  орын  алмауы  керек,  егер  олар  болған  жағдайда 
гигиеналық шектеу мӛлшерінен аспауы шарт; 
6.    Тамақтың  сырт  кӛрінісі  кӛзге  жақсы  кӛрінуі  керек, 
адамның тәбетін тартатып дәмді, хош иісті болуы керек



 
7.    Тамақ  ағзаға  күш  түсірмейтіндей  тез  қорытылатын 
жағдайда  болып,  кӛлемі  қарын  тойдыратын  сезімді  тудыруы 
керек; 
8. Тамақтану тәуліктік мерзімдерге дұрыс реттелуі керек. 
Дұрыс  тамақтанудың  басты  шартының  бірі  ағзаның  ысырап 
еткен  қуатын  толықтыру  делік.  Сондықтан  тәуліктік  тағамның 
қуаты 10-15 % артық болуы шарт. Артық 10-15% не үшін қажет? 
Ол ағзадағы негізгі зат алмасуды (негізгі алмасу) және ақуыз, май, 
кӛмірсулардың  қорытылуына  қажетті  қуатты  қамтамасыз  етуге 
керек (тағамның динамикалық ерекшелік әсері - ТДЕӘ). 
Негізгі  зат  алмасудың  арқасында  денеде  қалыпты 
температура  сақталынады,  ағзадағы  мүшелер  тиісті  қызметтерін 
атқарады, кірпік қағылып, ойлау қабілеті реттелінеді. 
Әрбір  мегакалорияға  шектегенде  А  дәрумені  830  мЕ,  Е 
дәрумені  6-10  мг  болуы  керек.  Кальцийді,  магнийді,  фосфорды 
және темірді реттілігімен келтірсек олар 270-330, 170, 530 және 5 
мг болады. 
Тағамды  құрамындағы  ақуыздар  сапасына  қарап  бағалау 
дұрыс  тамақтануды  кӛрсетеді,  оларды  біз  тек  тағамдармен  ғана 
қабылдаймыз.  Ақуызсыз  ӛмір  жоқ,  ол  айрықша  ӛсімтал  ағзаға 
ауадай қажет. 
Әдетте  ағзадан  бӛлініп  тұратын  азоттың  мӛлшері  тағаммен 
қабылданып отырған азоттың мӛлшерімен тепе-тең болып келеді. 
Мұндай 
азоттың 
тепе-теңдігі 
ағзада 
55-60г 
ақуызды 
пайдаланғанда ересек адамдарға тән. Бұл мӛлшер қатерсіз деңгей 


10 
 
деп  белгіленген,  ал  егер  одан  тӛмен  болса,  онда  денсаулық 
бұзылады,  ӛсу  тоқтайды.  Бірақ  осы  деңгейді  еске  алғанда  ӛмірде 
орын  алатын  неше  түрлі  қиыншылық  пен  қорқыныштар,  ауру 
жағдайлары, еңбек ауыртпашылығы кӛрсетілмеген. 
Сондықтан  бұл  қатерсіз  деңгейді  біз  1,5  есе  арттыруға 
мәжбүр  боламыз,  олай  болса  біздің  ағзамыздың  ақуызға  талабы 
күніне  85-90г  болмақ.  Біздің  еліміздегі  бекітілген  ақуыз 
кӛрсеткіші  теулік  тағамымызда  орташа  есеппен  90-100  г,  оның 
60%-ын мал тағамдарының ақуыздары толықтырады. 
Тағам  сапасы  майлардың  мӛлшерімен  де  сипатталады. 
Күнделікті  асымыздың  50  %-ын  мал  тағамдарының  майы-мен,30 
%-ын  ӛсімдік  майымен,  20  %-ын  маргарин  және  асхана 
майларымен шектесек, біз сапалы тамақтанған боламыз. Ағзаның 
майға  мұқтаждылығы  ауа  райының  ерекшелігіне  айрықша 
байланысты болып келеді. Біркүндік қуаттың 33% -н мӛлшері ауа 
райы орташа шамадағы аудандарға шектеледі, суық жерлерде оны 
5-7  %-ға  арттыру  қажет,  ал  ыстық  аймақта,  керісінше,  5-6  %-ға 
азайтады. 
Сапалы тағамның кӛмірсуларының құрамының ара қатынасы 
мынадай  болу  керек:  крахмал  75%-  ға,  қант  20%-ға,  пектин 
заттары 3%-ға , ӛзек (клетчатка) 2%-ға тең. Ас құрамында пектин 
мен  ӛзек  ішектің  қозғалысын  жақсартады,  микробтардың  ӛсіп-
ӛнуіне  жағдай  жасалынады,  ағзадан  холестеринді  шығарып 
отырады. 


11 
 
Бұл жәйтті аз тәуліктік астың мәзірін ұсынғаңда ой еңбегімен 
айналысатындарға, 
қарт 
кісілерге, 
семіздікпен 
қиналып 
жүргендерге, қантты диабетпен ауырғандарға қажет. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   99




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет