Ерманова с. А



Pdf көрінісі
бет8/99
Дата11.01.2022
өлшемі0,84 Mb.
#111118
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   99
Байланысты:
ERMANOVA su topyrak aua got na PDF

Кӛмірсулар 
тамақтағы  маңызды  қуаттық  компоненттер. 
Химиялық 
құрамы 
жӛнінен 
оларды 
әдетте 
қант 
пен 
полисахаридтерге  бӛледі.  Полисахаридтерге  гемицеллюлоза, 
крахмал,  инсулин,  гликоген,  целлюлоза,  некрин  заттары, 
декстрандармен мен декстриндер жатады.  
Адам ағзасына сіңілімдігі тұрғысынан кӛмірсуларды шартты 
түрде екі топқа бӛлуге болады:  
-
 
Біріншісі - адамның ас қорыту жолында сіңірілетін; 
-
 
екіншісі - сіңірілмейтін кӛмірсулар деп бӛлінеді. 
Кӛмірсулардың  сіңірілуі  адамның  асқазан-ішек  жолында 
белгілі  бір  ферменттердің  болуына  байланысты.  Бәрінен  оңай 


20 
 
сіңірілетіні - фруктоза, глюкоза, сахароза, сондай-ақ мальтоза мен 
лактоза.  Крахмалдар  мен  декстриндер  біршама  баяу  сіңіріледі, 
ӛйткені олар алдымен қарапайым қанттарға дейін ыдырауы тиіс. 
Қарапайым  қанттардың  ішінде  сахарозаның  негізгі  қоректік 
мәні  бар.  Пектин  біршама  кӛп  мӛлшерде  кӛкӛністе  (0,4-0,6  %), 
жемісте (алмада 1%-ға дейін, цитрус жемістерінде 30 %-ға дейін) 
және  жидектерде  1  %-ға  дейін  болады.  Дене  күшін  кӛп 
жұмсамайтын  ересек  адамға  күніне  365-400  г  кӛмірсу  сіңімді, 
соның  ішінде  50-100  г  (одан  кӛп  емес)  қарапайым  қант  тұтынуы 
керек деп есептеледі. Тамақта кӛмірсулардың сіңімділігі үнемі кӛп 
болуынан  бірқатар  аурулар  тудыруы  мүмкін.  Олардың  ең 
біріншісі:  семіру.  Ӛз  кезегінде  ол  диабет  пен  атеросклероздың 
ӛршуіне  себепші  болады.  Сіңірілетін  полисахаридтердің  ішінде 
тамақта крахмалдың маңызы зор. 
Тұтынылған  кӛмірсулардың  әдетте  80  %-ға  дейіні  крахмал 
үлесіне  тиеді.  Крахмал  бәрінен  де  гӛрі  жармалар  мен 
макарондарда  (55-70%),  бұршақ  дәмдісінде  (40-45%),  нанда  (30-
40%), картопта (16%) кӛп. 
Енді  сіңірілмейтін  кӛмірсуларға  келсек.  Оларға  ең  алдымен 
целлюлоза  жатады.  Ол  едәуір  мӛлшерде  бұршақ  дәндерінде  (3,7-
5%), астықта (2,3%), ірі тартылған ұн нанында (2%) болады. 
Таза целлюлозаның химиялық анықтамасы біршама күрделі. 
Сондықтан  да  әдетте  қарапайым  әдістер  қолданылады.  Олар 
арқылы целлюлозаға қоса лигниннің бір бӛлігі мен гемицеллюлоза 


21 
 
анықталады.  Бұл  заттар  ӛзек  (клечатка)  деп  аталатыны  -  сияқты, 
оны да ағза сіңірмейді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   99




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет