Зерттеулер жалпылама зоотехникалық және арнайы әдістемелерге сәйкес жүргізіледі, зерттеулердің материалы ретінде биязы жүнді етті меринос қойларының (ЕМ) негізгі тобыптарындағы әртүрлі генотипті аталық қошқарлар,аналықтар және олардан алынған ұрпақтар алынады.
Қойларды жетілдіру мен өнімділік-тұқымдық қасиеттерін жақсарту, тұқымды таза өсіру тәсілі бойынша және тобында шығарылған әкелілік малдарды қолдану арқылы жүргізіледі. Негізгі шаруашылықтарда өсірілетін қойлардың өнімділік және тұқымдық қасиеттерібағаланады және олардың нәсілдік потенциалы анықталады; аталықтарды аналықтарға жұптаудың тиімділігі анықталады; негізгі селекцияланатын белгілер бойынша жақсартушы аталықтар анықталады; өз төлінен көбею қабілеттері анықталады. Тәжірибе жұмыстары барысында алынған деректік материалдарға И.А.Плохинский (1980) бойынша компьютерлік exel бағдарламасын пайдалану негізінде вариациялық статистика тәсілі арқылы өңдеу жүргізіледі.