Инструменталдық зерттеулер:
1. Іштегі нәрестенің УДЗ, оның биометриясы, жетілу дәрежесі (гестация мерзімі кезінде 37 апта дейін), қағанақ суының мөлшері, доплерометрия (көрсеткіш бойынша).
2. Жүкті әйелдің дене қызуын 4 сағат сайын бақылау (босану тарихы қағазындағы бақылау парағына тіркеу).
3. Жүкті әйелдің АҚ, ЖЖЖ сағат сайын өлшеу (босану тарихы қағазындағы бақылау парағына тіркеу).
3. Диурезді бақылау (босану тарихы қағазындағы бақылау парағына тіркеу).
4. Іштегі нәрестенің ЖЖЖ стетоскоппен 30 минут сайын бір рет немесе ауық-ауық КТГ бақылау. Мекония араласқан қағанақ суының ағу кезінде, окситоцинмен толғақты күшейткенде, босануды ЭДА фонында жүргізгенде - үздіксіз КТГ.
Симптомдары
|
Жеке симптомдары
|
Диагноз
|
Қынаптан сулы сұйықтық
|
1. Сұйықтың кенеттен қаты ағуы немесе ауық- ауық ағып бітуі 2. Сұйықтың қынап аузынан көрінуі 3. Су кетудің басталуынан бастап 1 сағат ішінде толғақтың болмауы
|
Қағанақ көпіршігінің мезгілінен бұрын жыртылуы
|
1. Жүктіліктің 22 аптасынан кейін іншектен аққан жаман иісті сұйықтық 2. Дене қызуы жоғары\қалшылдау 3. Іштің ауруы
|
1. Анамнезде - судың кетуі 2. Жатырдың ауыруы 3. Іштегі нәрестенің жүрек соғысының жиілігі 4. Іншектен аздап қан кету
|
Амнионит
|
1. Қынаптан аққан жаман иісті сұйықтық 2. Анамнезде су кету көрсетілмеген
|
қышу көпіршік\ірімшікті сұйықтық іштің ауыруы дизурия
|
Вагинит\цервицит
|
Қанды сұйықтық
|
1. Іштің ауыруы 2. Іштегі нәресте қимылының әлсіреуі 3. Қынаптан ауыр, ұзақ қан кету
|
Босанғанға дейінгі қан кету
|
Қынаптан қанға боялған сілемейлі немесе сулы сұйықтық ағу
|
Жатыр мойнын ашу және тегістеу толғақ
|
Мезгілінде туу
|
Дифференциалды диагноз
Емдеу тактикасы
Ем мақсаты
34 аптаға дейінгі мерзімдегі іштегі нәресте РДС профилактикасы, инфекция профилактикасы. Жатыр мойны жетілмеген жағдайда - жүкті әйелдің ағзасын босануға дайындау мақсатында простагландиндарды интравагинальды қолдану. Толғақты күшейту мақсатында - в/і окситоцин немесе простагландиндерді қолдану.
Достарыңызбен бөлісу: |