Ерте жастағы балаларды тиімді тамақтандыруды ұйымдастыру. ДДСҰ табиғи тамақтандыру бағдарламасы. Дұрыс емізу техникасы, режимі. Қосымша тамақ енгізу кезеңдері. Гипогалактия: алдын алу, емдеу әдістері. Аралас тамақтандыру көрсеткіштері. Бейімделген сүтті қоспалар. Жасанды тамақтандыру техникасын жүргізу
Ситуациялық есеп №1
Учаскелік дәрігер қабылдауына анасы мен 1 айлық баласы келді. Бала 3100г салмақпен туылған. Перзентханадан шыққанда ешқандай шағымдар болмаған, бала сау болған. Емханаға келгеннен 1 апта бұрын балада емізіп болған соң және аралығында, түнде «себепсіз» жылау, мазасыздық байқала бастаған. Емшекті қызғанышпен емеді. Зәр бөлуі сиреген, нәжісі қоюлана бастаған. Баланы тәулігіне 6 рет емізеді. Отбасылық жағдайларға байланысты анасы көп уайымға салынады, аз ұйықтайды.
Баланы қараған кезде терісінің бархаттылығы төмендеген. Мүшелер мен жүйелерде патология анықталмайды. Бақыланатын емізуде бала бір емізуде 70 мл сүт еметіні анықталды. Белсенді емеді. Емшекте артық сүт қалмайды.
Сұрақтар:
Берілген жағдайды бағалаңыз.
Сіздің тактикаңыз қандай?
Ситуациялық есеп №2
Балаға 2,5 ай. Баланың салмағы қазір 3800г, туылғанда - 2900г, 1 айлығында – 3500 г болған. Баланы емшекпен күндіз 4-5 рет, кейдк түнде 1 рет емізеді. Бала жиі мазасызданып жылайды, жасанды емізікті бергенде уақытша тынышталады. 2 айынан бастап бөтелкемен қосымша шырын және ботқа беріледі.
Сұрақтар:
Бала жеткілікті түрде сүт емеді ме? Есеппен нақтылаңыз.
Осы жағдайдың пайда болу себебін көрсетіңіз.
Баланы тамақтандыру бойынша анаға кеңес беріңіз.
Ситуациялық есеп №3
Анасы сүтінің аздығына шағымданады, сүті «жоғалып кетеді». Сонымен қатар баласын емшекпен емізуді жалғастырғысы келетінін айтады. Бала 6 айға толған. 3 ай бұрын емізуші әйел үйінде біраз уақытқа болмауға мәжбүр болған. Кетерден алдын сүтін сауып кететін болған, бірақ пиаланың жартысынан артық сүт шықпайтын болған. Анасы жоқ кезде әжесі балаға сауылған сүт пен бірнеше рет сүт қоспасын берген, тіпті кейде түнде де анасы шаршап келгенде балаға сүт қоспасын беретін болған.
Сұрақтар:
Анасында не себепті лактация төмендеген?
Емізетін әйел нені дұрыс жасауда?
Анасына нұсқаулық беріңіз.
Ситуациялық есеп №4
Баланың туылғандағы салмағы 3200 г. Балаға 4,5 ай.
Сұрақ: Баланың тәуліктік және бір реттік тағам қажеттілігін есептеңіз.
Ситуациялық есеп №5
Бала 4000 г салмақпен туылған. Қазіргі уақытта 3 айға толды. Ол жартылай жасанды тамақтандырылады. Әр тамақтандыруда 2/3 емшек сүтін қабылдайды.
Сұрақтар:
Баланың қазіргі салмағы қандай болу керек?
Баланың тәуліктік және бір реттік тағам қажеттілігін есептеңіз.
Баланың 1 күндік диетасын құрастырыңыз.
Достарыңызбен бөлісу: |