Жалпы ақпарат. Мысыр тауығы – батыс Африкадан шыққан, тауық тұқымдастарына жататын үй құсы. Мысыр тауығы өз тұқымдасы болып табылатын тауық пен үндікке қарағанда жұмыртқа мен жабайы құс дәмін еске түсіретін аминоқышқылға бай, ерекше ет сапасының жоғарылығымен ерекшеленеді. Ересек мысыр тауығының таза салмағы – орта есеппен алғанда 1,5 кг-нан (қоразы), 1,8 кг-ға дейін (ұрғашысы), тәуліктік мысыр тауығы балапанының салмағы - 27-28 г, үш айлығының салмағы – 1-1,3 кг. Жас құстар өздерінің бастапқы салмағын 35-40 есе арттырады. Мысыр тауықтары туу маусымы кезінде 70-120 жұмыртқа табады. Олардың құрамындағы А дәрумені мен каротиноидтар тауық жұмыртқаларына қарағанда 1,5-3 есе көп. Мұнымен қоса, жұмыртқаларының қабығы тауықтікіне қарағанда 1,5 есе қалың және 3 есеге мықты, осының арқасында жұмыртқаны доғал жағымен жоғары қаратып (тамақ ретінде) ұзақ уақыт (жарты жылға не одан көп) сақтауға және кез келген көлікпен айтарлықтай алыс қашықтыққа тасымалдауға болады.
Тұқымдары. Ғалым-селекцияшылар мен құс өсіруші мамандардың жұмыс нәтижелерінің арқасында екі тұқымдық топ құрылды: ақ сібір және загор ақтөсі. Мысыр тауығының кез келген тұқымын үй шаруашылығы жағдайында өсіруге болады. Ең бастысы сібір ақ тауығы мен загор ақтөс тауығының сұр-шұбар тұқым түріне қарағанда өнімділігі жоғары екендігін ескеру керек. Бірақ, барлық жағдайларда мысыр тауығының қандай да бір түрімен немесе тұқымдық тобымен шектелу қажет.
Асырау. Мысыр тауығын қарапайым серуендегіші-соляриі бар құс қорада ұстауға болады, бұнымен қоса мысыр тауығының жылы қораларды ұнататынын ескеру керек; бұл құстар суыққа шыдамсыз, сондықтан қыста құс қораны үнемі жылытып отыру маңызды. Құс қора жарық, құрғақ және жиі желденетін болуы қажет. Еденге 9-10 см құм төселуі тиіс. Жазда мысыр тауығын жайылуы үшін бақшаға шығаруға болады. Олар күні бойы басқа жемдерді қажет етпестен, шаршамастан әртүрлі жәндіктерді аулаумен болады.
Жем. Мысыр тауығы жем талғамайды, бірақ олардың спецификалық ерекшеліктерін және сұраныстарын ескеру керек. Ересек мысыр тауығы үшін негізгі азық мөлшері 130-150 г. құрама жемнен немесе аралас бидайдан (тары, үгітілген жүгері, жом) тұрады. Бұдан бөлек, туралған шөп пен көкөніс сабақтары түріндегі жасыл жем де жеуі тиіс. Азық мөлшеріндегі астық жемін түрлі үстелден қалған (піскен картоп, ботқа және т.б.) тамақ қалдықтарымен алмастыруға болады: наубайшы ашытқысынан шыққан және т.б. Ересек мысыр тауықтарына күніне үш рет жем береді: таңертең сағат 7-8-де, түскі сағат 12-14-те және кешке сағат 18-19-да. Суды астауға құйған жөн, тауықтардағы секілді оны күніне үш рет ауыстыру керек. Қыста 5°С температурадан төмен болмайтын, күн шығып тұрған уақытта оларды аулаға серуендеуге шығару қажет. Ал күн суық кезде көп уақытқа болмаса да, бірақ күн сайын құс қораны желдету барысында мысыр тауықтарын дәлізге немесе галереяға шығарып тұрған орынды.